"Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15464 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда № 233 (28172) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерімен (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерімен (бұдан әрі – нысанды киім) қамтамасыз ету "Теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11078 болып тіркелген), "Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11399 болып тіркелген), "Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 356 бұйрығымен бекітілген Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11059 болып тіркелген), "Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 360 бұйрығымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11060 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.";

      15-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

                                          15-сурет



      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Төс жетон диаметрі 80 мм шеңбер нысанында, реңінің түсі көгілдір, контуры бойынша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ көгілдір түсті жазуы бар ені 5 мм сары шеттеулері болады, металл қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің жоғарғы бөлігінде диаметрі 17 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналастырылған. Елтаңбадан төмен оңы төменгі шетінен 3 мм қашықтықта қара шеттеумен алтын түстес мынадай жазу орналастырылады.

КӨЛІК КОМИТЕТІ

биіктігі 4 мм

      Жетонның төменгі бөлігінде 7 х 20 мм ақ тікбұрыш орналасады, оның ішінде осы таңбаның нөмірімен қара шеттеумен сары түсті келесі үш таңбалы реттік нөмірімен "KZ" жазуы орналастырылған:



      Шеттеудің төменгі бөлігінде тікбұрыштың астында өлшемі 5х3 мм көгілдір түсті ұлттық өрнек орналастырылған.

      Төрт жағынан белгінің контуры бойынша симметриялы алтын түсті өлшемі 17х4 мм ұлттық өрнектер орналастырылған.

      Үстіңгі жазу мен астынғы тікбұрышы арасында симметриялы Қазақстан Республикасының ақ түсті картасы және оның астындағы алтын түсті бүркіт болып табылатын стильденген түсті сурет орналастырылған (15-сурет).";

      16-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

                                          16-сурет



      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жең шевроны өлшемі 80х80 мм, реңінің түсі көгілдір, контуры бойынша ені 5 мм ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ көгілдір түсті жазуы бар сары шеттеумен, қалын матада арнайы жіптермен тігіледі.

      Белгінің жоғарғы бөлігінде диаметрі 17 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналастырылған. Елтаңбадан төмен оңы төменгі шетінен 7 мм қашықтықта қара шеттеумен алтын түсті мынадай жазу орналастырылады

КӨЛІК КОМИТЕТІ

биіктігі 4 мм

      Ініштің төменгі бөлігінде, ортасында өлшемі 5х3 мм көгілдір түсті ұлттық өрнек орналастырылған.

      Төрт жағынан белгінің контуры бойынша симметриялы алтын түсті өлшемі 17х4 мм ұлттық өрнектер орналастырылған.

      Үстіңгі және астынғы жазулар арасында Қазақстан Республикасының ақ түсті картасы және оның астындағы алтын түсті бүркіт болып табылатын стильденген түсті сурет орналастырылған (16-сурет).";

      17-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

                                          17-сурет



      18-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

                                          18-сурет



      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерін (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию ережесінде:

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті көліктік бақылау органының аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары;

      3) уәкілетті көліктік бақылау органы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымдары (мамандықтары) үшін келесі айырым белгілері белгіленген:

      1) Комитеттің басшылық құрамы:

      төраға – 2 кең және 1 енсіз оқа;

      төрағаның орынбасары – 2 кең оқа;

      басқарма басшысы – 1 кең және 1 енсіз оқа;

      2) Комитеттің қызметкерлері:

      бас сарапшы – 2 енсіз оқа;

      сарапшы – 1 енсіз оқа;

      3) Комитеттің аумақтық органдарының басшылық құрамы:

      басшы – 1 кең және 1 енсіз оқа;

      басшы орынбасары – 1 кең оқа;

      бөлім басшысы – 3 енсіз оқа;

      4) Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері:

      бас маман – 2 енсіз оқа

      жетекші маман – 1 енсіз оқа.

      Енсіз оқалар кеңдердің жоғары жағында орналасады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
3-қосымша

Нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

№ р/с

Көліктік бақылау органы

Лауазымы

Лауазымдық санаттар

1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

Төраға

А

Төраға орынбасары

С-1

Басқарма басшысы

С-3

Бас сарапшы

С-4

Сарапшы

С-5

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары

Басшы

С-О-1

Басшы орынбасары

С-О-2

Бөлім басшысы

С-О-4

Бас маман

С-О-5

Жетекші маман

С-О-6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады