"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекiтiлсiн.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) халықаралық стандарттары мен ұсынатын практикасына ("Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1503-ХІІ қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 17-қосымшасы және Doc 8973, ИКАО Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы) сәйкес әзірленген.";
2-тармақты жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Бағдарламада қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) авиациялық жұмыстар – басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесіне қарай азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып, пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;
2) авиациялық қауіпсіздік қызметі (бұдан әрі – АҚҚ) – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында міндетті түрде құрылатын, жолаушыларды, авиациялық персоналды, экипаж мүшелерін, әуе кемелерін, әуежай объектілерін және аэронавигациялық құралдарды жерде және әуеде болатын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тікелей жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлімше;
3) авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналдары – жолаушылардың, авиациялық персоналдардың, әуе кемелерін, әуежайларды, әуежай объектілерін және аэронавигация құралдарын жерде және ауада заңсыз араласу актілерінен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ осы жұмыстарды өткізу кезінде қадағалайтын және сапаны бақылайтын ұлттық инспекторлар және аудиторлар;
4) АҚҚ қатыспайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персонал – әуежайдың шектелген қолжетімділіктің қорғалатын аймағына рұқсаты бар кез келген қызметкер және әуежай қызметіне қатысатын ұйымдардың, әуе кемелерін пайдаланушының, жолаушылар тасымалына, жүк тасымалына қызмет көрсету бойынша агенттің, пошта ведомствосының немесе әуе қозғалысын басқарудың өнім берушісінің азаматтық авиация қызметіне қатысты функцияларын орындайтын, осы тұрғыда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруға қатысатын персоналы;
5) авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы – азаматтық авиация ұйымдарының басшысына бағынатын және оның орынбасары болып табылатын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіліп тағайындалатын, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін лауазымдық тұлға;
6) авиациялық оқу орталығы – авиациялық персоналды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын және олардың кәсіби деңгейін қолдайтын заңды тұлға;
7) авиациялық персонал – әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар жеке тұлғалар;
8) адамдық фактілер аспектілері – жобалау, сертификаттау, мамандар даярлау, пайдалану қызметі және адаммен басқа да жүйенің бөліктерінің адам мүмкіншіліктерін есепке ала отырып өзара қауіпсіз әрекет етуге бағытталған авиацияда техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын принциптер;
9) адамның мүмкіншілігі – ұшулар қауіпсіздігіне, авиациялық қауіпсіздікке және авиациялық қызмет тиімділігіне әсер ететін адам мүмкіншілігі және оның мүмкіншілігінің шегі;
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық пен эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) бастапқы даярлау – персоналдың авиациялық қауіпсіздік саласындағы мәселелерден хабардар болуын арттыру;
13) жұмыс орнында оқыту (тағылымдама) – мамандықты іс жүзінде меңгеру, қызмет көрсету және басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында тез бағдарлану мен жаңа жұмыс тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның басшылығымен жұмыс орнында оқыту;
14) ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (бұдан әрі – ИКАО АҚОО) – авиациялық персонал, авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық персоналы мен ААҚ қатыспайтын персоналдың бастапқы даярлығын, қайта даярлығын, кәсіптік деңгейін қолдауды жүзеге асыратын ИКАО АҚОО-ның сәйкестік сертификаты бар заңды тұлға;
15) кабиналық экипаж мүшесі – қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
16) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіби білім, дағды, машықтарын (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиациялық техника мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация саласы мамандарын оқыту процесі;
17) нұсқаушы – өзінің біліктілігіне сәйкес персоналдарды кәсіби даярлау бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын тұлға;
18) өңірлік курстар – Орталық Азия және Қазақстан мен басқа да елдердің өңірі үшін ИКАО атынан өзінің нұсқаушыларының көмегімен ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы өткізетін немесе ИКАО нұсқаушыларының көмегімен ИКАО өткізетін халықаралық курстар;
19) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
20) практикалық даярлау – әртүрлі жаттығу құрылғылары мен техникалық жабдықтардың көмегімен теориялық білімді бекіту, алу, қолдау мен қажетті дағды, машықтарды жетілдіру мақсатында азаматтық авиация персоналын кәсіби даярлау кезеңі;
21) сертификат – азаматтық авиация жүйесіндегі қызметке рұқсат беру рәсімдері шеңберінде белгілі бір қызмет түрлерін орындауға құқық беретін уәкілетті органмен келісілген, авиациялық оқу орталығы немесе азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын растайтын құжат;
22) сұраунама мәліметтерін тексеру – Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 12-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылған кез-келген оқиғаны қоса, қауіпсіздік мақсатында және/немесе бағалау шегінде оған өздігінен осы тұлғаға күзетілетін шектеулі өту аймағына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беруді тұлғаның атқарған тізімінен және жеке басын тексеру;
23) теориялық даярлау – оқушылардың арнайы білім алуы, оны Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қолдау және жетілдіру мақсатында персоналды кәсіби даярлау кезеңі;
24) ұлттық курстар – Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық персонал, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үшін ИКАО оқыту орталығы немесе авиациялық оқу орталығы жүргізетін курстар;
25) ұшу экипажының мүшесі – ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға қатысты міндеттер жүктелетін авиациялық персоналдың жарамды куәлігі бар авиация персоналына жататын тұлға.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен АҚҚ-да оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші тағайындалады, оның функциялары мыналар болып табылады:
1) авиакомпания және әуежайлар пайдаланушылардың персоналы, ААҚ қатыспайтын, бірақ әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персонал, жаңадан қабылданған АҚҚ қызметкерлерін даярлау және жұмыс орнында оқыту, АҚҚ персоналын даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету;
2) оқыту процесіне, емтихан комиссиясының білімді бағалауына және берілген құжаттар/сертификаттарға қатысты есеп және басқа да құжаттаманы жүргізу;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен және авиациялық оқу орталықтарымен авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау."
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұшу қауіпсіздік және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын, әуежайлардың (авиакомпаниялардың) бірінші басшыларын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісін, олардың орынбасарларын – АҚҚ басшыларын, авиациялық қауіпсіздік бойынша жауапты тұлғаларды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу жинақтамаларымен (бұдан әрі – АҚОЖ), АҚОЖ/Менеджментке сәйкес жүргізіледі. Оқыту ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі;";
3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әуежайлардың (авиакомпаниялардың) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бірінші басшыларының орынбасарларын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісінің АҚҚ басшылары болып табылатын және олардың орынбасарлары, заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларды шешу жөніндегі шұғыл штабтың мүшелері болып табылатын АҚҚ басшылары мен олардың орынбасарларын, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларда іс-қимыл ұйымдастыруға жауапты шұғыл штабының басшыларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту АҚОЖ/Дағдарысты жағдайларды басқару талаптарына сәйкес жүргізіледі;
4) АҚҚ жете тексеру бөлімшелерінің басшыларын, АҚҚ жете тексеру бөлімшелерінің басшыларының орынбасарларын, АҚҚ жете тексеру бөлімшелерінің ауысым басшыларын, АҚҚ жете тексеру аға инспекторларын, АҚҚ жете тексеру инспекторларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі. Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Базалық талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаның 1, 2, 3-қосымшаларында көзделген;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) ұшу және кабиналық экипаж мүшелері даярлау және қайта даярлауды ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында өтеді. Оқыту оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында әзірленген, оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаның 1, 2, 3-қосымшаларында көзделген;";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша (симулятор-жаттығу жабдықтарымен) қазіргі заманғы компьютерлік тестілеу бағдарламаларымен.
АҚҚ жете тексеру бөлімшелерінің басшыларын, АҚҚ жете тексеру бөлімшелерінің басшыларының орынбасарларын, АҚҚ жете тексеру ауысым басшыларын, АҚҚ жете тексеру аға инспекторларын, АҚҚ жете тексеру инспекторларын даярлау үшін симулятор-жаттығу жабдығы санаттар бойынша жеке-жеке даярлаудың әртүрлі бағыттары бойынша оқыту және тестілеу өткізуге мүмкіндік беруі тиіс:
а) қол жүгін жете тексеру,
б) багажды жете тексеру,
в) жүктi және поштаны жете тексеру.
Бұл жаттығу жабдығы суреттерге талдау жасауға, қателері бойынша жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беруді қажет етеді. Симулятор рентген-телевизиялық қондырғылармен бірдей функциялары бар және осы рентген телевизиялық қондырғысымен бірдей сападағы суреттерді көрсетеді;";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Модульдердің әрқайсысы үшін сабақ жоспары мына бөлімдерді қамтиды:
1) курстың атауы;
2) оқу процесінің графигі;
3) пәндер бойынша оқу сағаттарын бөлу;
4) курстың бағыты;
5) оқитындардың құрамы және алдын ала қойылатын талаптар;
6) емтиханға және аттестацияға жіберу шарты;
7) оқу мақсаты;
8) әдістемелік ұсынымдар;
9) сабақтардың тақырыптық жоспары;
10) тақырыптар мазмұны;
11) әдебиеттер тізімі;
12) оқу құралдары;
13) білімді бағалау.";
28, 29, 30, 31, 32, 33-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мына персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады:
1) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары;
2) авиациялық қауіпсіздік саласында оқыту бойынша нұсқаушылар, нұсқаушы-үйлестірушілер;
3) әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарлары – АҚҚ басшылары, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарлары – АҚҚ басшылары және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшылары.
29. Жұмысқа рұқсат беру рәсімі:
АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторларына жұмысқа рұқсат беру кандидаттардың теориялық емтихан, практикалық емтихан және рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша емтихан тапсыруын көздейді.
Жұмысқа рұқсатнама беру рәсіміне осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған оқу курсынан өткен және "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11440 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) біліктілік талаптарында белгіленген тиісті өлшем шарттарға сәйкес келетін адамдарға рұқсат беріледі.
Осы Бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес жете тексеру бөлімшесінің басшылары, жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшысына, жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторына, жете тексеру бөлімшесінің инспекторына жұмысқа рұқсатнама беру туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 2 жылға және барлық емтихандарды жақсы тапсырған соң береді, әрқайсысы үшін ең төменгі өту балы 80 пайызды құрайды.
Емтиханды тапсырмаған үміткерлер қайтадан емтихан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қатарынан екі рет тапсыра алмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді.
2) авиациялық қауіпсіздік саласында оқыту бойынша нұсқаушыларға, нұсқаушы-үйлестірушілерге жұмысқа рұқсатнама беру рәсімі үміткерлердің теориялық емтиханды тапсыруын және авиациялық қауіпсіздік бойынша әртүрлі тақырыптарға таныстыру дайындауды көздейді.
Жұмысқа рұқсатнама беру рәсіміне біліктілік талаптарында белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін үміткерлер жіберіледі.
Авиациялық қауіпсіздік саласында оқыту бойынша нұсқаушыларға, нұсқаушы-үйлестірушілерге осы Бағдарламаның 5-қосымшасында көзделген жұмысқа рұқсат беру туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган теориялық емтихандарды жақсы тапсырған соң 2 жылға береді, ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.
Теориялық емтиханды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді, теориялық емтиханды қайтадан тапсырмаған үміткерлерге 3 айдан кейін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі;";
3) Әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарларына – АҚҚ басшыларына, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларына – АҚҚ басшыларына және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшыларына жұмысқа рұқсатнама беру рәсімі үміткерлердің теориялық емтиханды тапсыруын көздейді.
Жұмысқа рұқсатнама беру рәсіміне осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес және біліктілік талаптарында белгіленген өлшем шарртарға сәйкес келетін мамандандырылған арнайы оқу курсынан өткен үміткерлер жіберіледі.
Осы Бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес оқудан өткен, әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарларына – АҚҚ басшыларына, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларына – АҚҚ басшыларына және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшыларына жұмысқа рұқсат беру туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган теориялық емтихандарды жақсы тапсырған соң 2 жылға береді, ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.
Теориялық емтиханды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді, теориялық емтиханды қайтадан тапсырмаған үміткерлерге емтихан тапсыруға рұқсат 3 айдан кейін беріледі.
30. Жұмысқа рұқсат беру рәсімінде көзделген емтихандарды комиссия қабылдайды.
Жұмысқа рұқсатнама беру нәтижелері комиссия хаттамасында ресімделеді, оған емтихан ведомосылары қоса беріледі.
31. Теориялық емтихан:
1) теориялық емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;
1-1) әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарларынан – АҚҚ басшыларынан, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларынан – АҚҚ басшыларынан және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшыларынан теориялық емтиханын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мамандарынан тұратын комиссия қабылдайды;
2) теориялық емтихан өткен оқу курсының материалына жататын сұрақтарды қамтиды;
3) теориялық емтиханның нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.
32. Рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан (АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары үшін):
1) рентген жабдықтарының кескіндерін түсіндіру бойынша емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;
2) емтихан қол жүгі заттарын, багаж, жүктер, пошта, тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жарылғыш заттар мен құрылғылардың суретін көрсете отырып, компьютерлік тренажер арқылы өткізіледі. Емтиханды тапсыру үшін АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшысы, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшысы, АҚҚ жете тексеру аға инспекторы, АҚҚ жете тексеру инспекторы ұсынылған суреттердің жалпы санының кемінде 80 пайызын түсіндіріп береді, сондай-ақ қауіпті және/немесе тасымалдауға тыйым салынған заттарды айқындайды және сәйкестендіреді;
3) рентген жабдықтарының суреттерін түсіндіру бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.";
Егер үміткер рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан кезеңінде қол жүгінде, багажда, жүкте және поштада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 Қаулысымен бекітілген "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың және/немесе олардың бөлшектерін, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінің" реттік нөмірлері 2, 3, 4-тармақтарында көрсетілген қауіпті заттар мен заттар және/немесе олардың бөлшектерін анықтамаса (өткізіп жіберсе), емтихан қорытындылары жарамсыз деп саналады және емтиханды қайтадан тапсыру қажет.
Рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтиханды қатарынан екі рет тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді, рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтиханды қайтадан тапсырмаған үміткерлерге мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өткен соң, емтихан тапсыруға рұқсат 3 айдан кейін беріледі.
33. АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары үшін практикалық емтихан:
1) практикалық емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады.
2) практикалық емтихан арнаулы оқу аудиторияларында немесе жете тексеру бақылау пункттерінде өткізіледі. Практикалық емтихан шеңберінде жете тексеру өткізудің стандартты пайдалану рәсімдерін қолдану дағдылары бағаланады.
3) практикалық емтихан нәтижелері қалай тапсырғаны/тапсырмағаны бойынша бағаланады, емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.
Егер үміткер практикалық емтихан кезеңінде қол жүгінде, багажда, жүкте және поштада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың және/немесе олардың бөлшектерін, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінің" реттік нөмірлері 2, 3, 4-тармақтарында көрсетілген қауіпті заттар мен заттар және/немесе олардың бөлшектерін анықтамаса (өткізіп жіберсе), емтихан қорытындылары жарамсыз деп саналады және емтиханды қайтадан тапсыру қажет.
Практикалық емтиханды қатарынан екі рет тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді, практикалық емтиханды қайтадан тапсырмаған үміткерлерге мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өткен соң, емтиханға 3 айдан кейін рұқсат беріледі.";
көрсетілген Бағдарламаның 1-қосымшасында:
Оқыту модульдерінің тақырыптық мазмұнында:
"Персоналды, жолаушылар мен қол жүгін жете тексеру" 3-модулінде:
2-ші және 3-ші тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:
1) жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері;
2) жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті;
3) жете тексеру топтарының жұмысы;
4) жолаушылардың агрессиялық мінез-құлқы жағдайында АҚҚ жете тексеру инспекторларының іс-әрекеті.
3. Жете тексеру бақылау пункттерін ұйымдастыру:
1) жете тексеру бақылау пунктінің орналасуы;
2) жете тексеру бақылау пунктін персоналмен жасақтау;
3) жете тексеру тобында міндеттерді бөлу;
4) АҚҚ жете тексеру инспекторларының міндеттері (дабыл қаққышты бақылау, рентген жабдықтарымен жұмыс істеу, қолдан жете тексеру және басқалар).";
"Рентгендік жете тексеру жабдығын қолдана отырып, багажды жете тексеру" 4-модулінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:
1) Міндеттері;
2) Жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері.";
"Жарылғыш заттарды табу жабдығын (EDS) пайдалана отырып, багажды жете тексеру" 5-модулінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының міндеттері:
1) Міндеттері;
2) Жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері."
"Пошта мен жүктерді жете тексеру" 14-модулінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:
1) Жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері."
көрсетілген Бағдарламаның 2-қосымшасында:
Білім алушылардың санаттарына арналған модульдердің атауларында:
реттік нөмірлері 3, 4 және 5-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. |
3-модуль. |
Персоналды, жолаушыларды және қол жүгін АҚҚ жете тексеру инспекторлары; |
4. |
4-модуль. |
Жүкті АҚҚ жете тексеру инспекторлары. |
5. |
5-модуль. |
Жүкті АҚҚ жете тексеру инспекторлары . |
";
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. |
8-модуль. |
Ұшу және кабиналық экипаж мүшелері; |
9. |
9-модуль. |
Ұшу және кабиналық экипажының мүшелері; |
";
реттік нөмірлері 14 және 15-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | 14-модуль. Пошта мен жүктерді жете тексеру |
Пошта мен жүктерді АҚҚ жете тексеру инспекторлары; |
15. |
15-модуль. |
Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін уәкілетті органның лауазымды тұлғалары; |
";
көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:
Персоналдың әрбір санаттары үшін оқыту жоспарында:
№ 4 кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Персонал санаты: | Ұшу және кабиналық экипаж мүшелері |
";
реттік нөмірі 3-жол мындайа редакцияда жазылсын:
"
3. | Курс міндеттері: |
Негізгі міндет – ұшу және кабиналық экипажы мүшелерінің мыналарды білуін және орындауын қамтамасыз ету: |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Өткізу орны: | ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында |
";
№ 9 кестенің реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Персонал санаты: |
Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін уәкілетті органның лауазымды тұлғалары; |
";
№ 9 кестенің реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Білімді бағалау: | Теориялық білім ең аз өту балы 90 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады. |
";
№ 11 кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Персонал санаты: | Жолаушыларды және қол жүгін АҚҚ жете тексеру инспекторлары |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Курс міндеттері: | Негізгі міндет – АҚҚ жете тексеру инспекторларының қолдан жете тексеру және персоналды, жолаушыларды және қол жүгін жете тексеруге дейінгі жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру жүргізу рәсімдерін білуін және орындауын қамтамасыз ету болып табылады. |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Өткізу орны: | ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында |
";
№ 12 кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Персонал санаты: | Жүкті АҚҚ жете тексеру инспекторлары |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Курс міндеттері: | Негізгі міндет – АҚҚ жете тексеру инспекторларының қолдан жете тексеру және жүкті жете тексеруге дейінгі жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру жүргізу рәсімдерін білуін және орындауын қамтамасыз ету болып табылады. |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Өткізу орны: | ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында |
";
№ 13 кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Персонал санаты: | Жүкті және поштаны АҚҚ жете тексеру инспекторлары |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Курс міндеттері: | Негізгі міндет – АҚҚ жете тексеру инспекторларының қолдан жете тексеру және жүкті және поштаны жете тексеруге дейінгі жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру жүргізу рәсімдерін білуін және орындауын қамтамасыз ету болып табылады. |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Өткізу орны: | ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында |
";
№ 14 кестеде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Оқу курсы: |
1-модуль. |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ең аз ұзақтығы: | Курстың ұзақтығы – 2 жұмыс күні |
";
көрсетілген Бағдарламаға 5-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
______________К. Мәсімов
2017 жылғы 12 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 397 бұйрығына қосымша |
|
Нысаны |
ИДМ ААК ЛОГОТИПІ
СЕРТИФИКАТ
Осы сертификат жұмысқа рұқсат беруді растайды
_______________________________________________
Лауазым атауы, аты-жөні
Берілген күні ______________
Әрекет ету мерзімі _________
М.О. _____________________ (аты-жөні) уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
(қолы) (болған жағдайда) немесе өзі өкілеттік берген адам