Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 тамызда № 15487 болып тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 49 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 7-тармағына сәйкес дайындалды және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу (бұдан әрі – Ақшалай өтемақы) тәртібін белгілейді.

      Сондай-ақ Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың қолданысы офицерлік құрамның шақыру бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілеріне қалданылады.

      2. Келісімшарт бойынша әскери қызметші іссапарда болған кезде оған тәуліктік шығыстары, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

      3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін ҰҚО бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) Шекара қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы құрылымдық бөлімшелеріне, қарсы барлау және әскери полиция органдарына – іс-қимыл бағыты бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрылымдық бөлімшелері;

      2) ҰҚО ведомстволары, әскери, арнаулы оқу орындары және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жататын ҰҚО өзге бөлімшелеріне (бұдан әрі – ҰҚО өзге де бөлімшелері) – ҰҚО аталған бөлімшелерінің Қаржылық және материалдық-техникалық (тылдық) қамтамасыз ету бөлімшелері қалыптастырады.

      Тізбені ҰҚК Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарлары бекітеді және ҰҚК мемлекеттік мекемелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

      5. Ақшалай өтемақы төлеу үшін бөлімше бастығы немесе оны алмастыратын адам әрбір есепті айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері басшының (ҰҚК Әскери полициясы департаментінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін әскери қызметшілер әскери қызметін өткеретін бөлімше басшысының атына) атына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізімін қоса баянат береді.

      Ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізіміне:

      1) ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері үшін – әрбір әскери қызметшіге бөлек саптық бөлім бойынша бұйрықтардан немесе Шекара қызметі кітабынан үзінділер;

      2) ҰҚО өзге де бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін – Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, әскери қызметшінің әскери қызметтің міндеттерін орындауын растайтын бөлігінде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиістілігін дәлелдейтін жауынгерлік қызмет (жауынгерлік кезекшілік) кестесі қоса беріледі.

      6. Ақшалай өтемақыны төлеуге әскери қызметшінің әскери қызмет өткеретін ҰҚО бөлімшелері басшысының бұйрығы (ҰҚК Әскери полициясы департаменті оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімшенің тиісті бастығының бұйрығы) негіз болып табылады.

      Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

      7. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрықтың жобасын:

      1) ҰҚК ведомстволарында және оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында – материалдық-техникалық (тылдық) қамтамасыз ету бөлімшелері;

      2) ҰҚК орталық аппаратында және орталық аппараты жанындағы өзге де бөлімшелерінде – ҰҚО тиісті бөлімшесінің кадрлық бөлімшелері дайындайды;

      3) ҰҚК Әскери полициясы департаментінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімшенің бастығымен белгіленген жауапты лауазымды тұлға.

      Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрық ақшалай өтемақыны төлеуді жүргізу үшін ҰҚО тиісті қаржы бөлімшелеріне жолданады.

      8. Ақшалай өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

      Сонымен бірге ақшалай өтемақы төлеу:

      1) қаржыландыру жоспарында қаражат болғанда – ақшалай үлес төлеумен бірге;

      2) қаражат болмағанда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      9. Ақшалай өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.

      10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің ҰҚО бір мемлекеттік мекемесінен басқасына ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орнына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік органдарының
келісімшарт бойынша әскери
қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
жалпы әскери үлес құнының
мөлшерінде ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесі

р/с №

ҰҚО мемлекеттік мекемелерінің атауы

Құрылымдық бөлімшелердің атауы







  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
келісімшарт бойынша әскери
қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
жалпы әскери үлес құнының
мөлшерінде ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізімі

№ р/с

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Айына наряд саны

Барлық сома











Барлығы:



      Бөлімше басшысы

      __________________________________________________________________

      әскери лауазымы қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады