Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 15 қазандағы № 104/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қазанда № 24831 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағынан басқа, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 104/қе бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.02.2024 № 31/қе (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе және теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 48 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15503 болып тіркелген):

      аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері осы өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15487 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.06.2023 № 36/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. 2007 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 364 Жарғысымен бекітілген Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының 50-тармағына сәйкес баянат (өтініш) лауазымдар мен істерді қабылдаған немесе жеке құрамның тізімінен шығарылған күнінен бастап он күн аралығында келесі лауазымды тұлғалардың атына ұсынылады:

      1) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасына – ҰҚК ведомстволарының және әскери, арнайы оқу орындарының бірінші басшылары;

      2) ҚР ҰҚК Төрағасының қаржы-экономикалық іс-қимылына жетекшілік ететін орынбасарына – ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілер және әскери қызметтен босатылған адамдары;

      3) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері мен әскери қызметтен босатылған адамдар, ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бастықтары;

      4) ҰҚК мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілері және көрсетілген бөлімшелерде бұрын қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдары.".

      6. "Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15793 болып тіркелген):

      аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары осы тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 48 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері





1-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

2-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі





3-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

      Ескерту:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (1-сурет) киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 70 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның шетінен ені 10 мм ашық көк (белгіленген) түсті аяда жолақ орналасқан, жоғарғы бөлігінде – "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰҚК", төменгі бөлігінде – "АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ" деген жазу жазылған. Шевронның жиегі, ондағы жазулар мен суреттің түсі – алтын түстес (белгіленген түсті). Жеңдегі белгінің ортасында авиацияның эмблемасы – сары (белгіленген) түсті қанаты бар бұранда орналасқан. Эмблеманың артында ашық көк (белгіленген) түсті аясы бар, ішкі шеңбердің жоғарғы бөлігінде, бұранданың үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (белгіленген) негізіне қою қызыл (белгіленген) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз орналасқан.

      Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.

      Алтын (белгіленген) жиекпен көмкерілген ашық көк (белгіленген) түсті қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген мемлекеттік тілдегі ұран жазуы жазылған. Жазулар күміс түстес (белгіленген) түсте орындалған.

      Қалқанның ортасында көгілдір (белгіленген) түстің үстіне алтын (белгіленген) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – "шаңырақ" орналасқан.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (2-сурет), қара түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (3-сурет), ақ түсті тужурканың оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (4-сурет), көк түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 49 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 7-тармағына сәйкес дайындалды және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу (бұдан әрі – Ақшалай өтемақы) тәртібін белгілейді.

      Сондай-ақ Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың қолданысы офицерлік құрамның шақыру бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілеріне қалданылады.

      2. Келісімшарт бойынша әскери қызметші іссапарда болған кезде оған тәуліктік шығыстары, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

      3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін ҰҚО бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) Шекара қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы құрылымдық бөлімшелеріне, қарсы барлау және әскери полиция органдарына – іс-қимыл бағыты бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрылымдық бөлімшелері;

      2) ҰҚО ведомстволары, әскери, арнаулы оқу орындары және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жататын ҰҚО өзге бөлімшелеріне (бұдан әрі – ҰҚО өзге де бөлімшелері) – ҰҚО аталған бөлімшелерінің Қаржылық және материалдық-техникалық (тылдық) қамтамасыз ету бөлімшелері қалыптастырады.

      Тізбені ҰҚК Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарлары бекітеді және ҰҚК мемлекеттік мекемелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

      5. Ақшалай өтемақы төлеу үшін бөлімше бастығы немесе оны алмастыратын адам әрбір есепті айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері басшының (ҰҚК Әскери полициясы департаментінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін әскери қызметшілер әскери қызметін өткеретін бөлімше басшысының атына) атына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізімін қоса баянат береді.

      Ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізіміне:

      1) ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері үшін – әрбір әскери қызметшіге бөлек саптық бөлім бойынша бұйрықтардан немесе Шекара қызметі кітабынан үзінділер;

      2) ҰҚО өзге де бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін – Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, әскери қызметшінің әскери қызметтің міндеттерін орындауын растайтын бөлігінде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиістілігін дәлелдейтін жауынгерлік қызмет (жауынгерлік кезекшілік) кестесі қоса беріледі.

      6. Ақшалай өтемақыны төлеуге әскери қызметшінің әскери қызмет өткеретін ҰҚО бөлімшелері басшысының бұйрығы (ҰҚК Әскери полициясы департаменті оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімшенің тиісті бастығының бұйрығы) негіз болып табылады.

      Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

      7. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрықтың жобасын:

      1) ҰҚК ведомстволарында және оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында – материалдық-техникалық (тылдық) қамтамасыз ету бөлімшелері;

      2) ҰҚК орталық аппаратында және орталық аппараты жанындағы өзге де бөлімшелерінде – ҰҚО тиісті бөлімшесінің кадрлық бөлімшелері дайындайды;

      3) ҰҚК Әскери полициясы департаментінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімшенің бастығымен белгіленген жауапты лауазымды тұлға.

      Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрық ақшалай өтемақыны төлеуді жүргізу үшін ҰҚО тиісті қаржы бөлімшелеріне жолданады.

      8. Ақшалай өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

      Сонымен бірге ақшалай өтемақы төлеу:

      1) қаржыландыру жоспарында қаражат болғанда – ақшалай үлес төлеумен бірге;

      2) қаражат болмағанда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      9. Ақшалай өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.

      10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің ҰҚО бір мемлекеттік мекемесінен басқасына ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орнына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік органдарының
келісімшарт бойынша әскери
қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
жалпы әскери үлес құнының
мөлшерінде ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесі

р/с №

ҰҚО мемлекеттік мекемелерінің атауы

Құрылымдық бөлімшелердің атауы







  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
келісімшарт бойынша әскери
қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
жалпы әскери үлес құнының
мөлшерінде ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ақшалай өтемақы төлеуге жататын әскери қызметшілердің тізімі

№ р/с

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Айына наряд саны

Барлық сома











Барлығы:



      Бөлімше басшысы

      __________________________________________________________________

      әскери лауазымы қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.06.2023 № 36/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне
  4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.06.2023 № 36/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 26 тамыздағы
№ 70 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

      1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (әрі қарай – ҰҚО) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚО әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру шығындары ұшақтың экономикалық класс салондағы тарифпен өтеледі.

      3. ҰҚО әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүреді, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) километрдан асса;

      2) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болған кезде, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болған кезде;

      3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде, сондай – ақ әуе көлігімен тасымалдау қажеттігі туралы емдеу мекемесінің қорытындысы немесе әскери дәрігерлік комиссияның қаулысы болғанда;

      4) қызметтік іссапарларға барған кезде (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту, теміржол, автомобиль және ішкі су көліктерінің болмауы немесе іссапардың қауырттылығы кезінде).

      4. Курсанттардың, кадеттердің жəне шақырылым бойынша əскери қызметін өткеретін əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, ҰҚО əскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен əскери қызметші басқа жергілікті жерге ауысқан жағдайда жол жүреді, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) километрдан асса;

      2) мүгедек баласы, жұбайының (зайыбының) мүгедек баласы болған жағдайда, он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған, оның ішінде жер үсті көліктермен алып жүруге жарамайтын дене бітімі кем балаларды және ата-анасының біреуі еріп жүру қажеттілігі болса;

      3) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болған кезде, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болған кезде.

      5. ҰҚО әскери қызметшілері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру шығыстарын (қызметтік іссапарларға жол жүру кезіндегі шығындардан басқа) өтеу үшін келесі лауазымды адамдардың атына еркін түрде баянат ұсынады:

      1) ҰҚК Төрағасына – ҰҚК ведомстволарының және әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші басшылары;

      2) ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасарына - орталық аппараттың және орталық аппарат жанындағы құрылымдық бөлімшелерінің және ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының әскери қызметшілері;

      3) ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары және ведомстволық бағынысты ұйымдарының әскери қызметшілері;

      4) ҰҚК ведомстволарының және ҰҚК Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшыларына – оларға бағынышты әскери қызметшілер.

      Осы Қағидаларда көзделмеген жағдайларда, ҰҚО әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру шығысын өтеуге ҰҚК Төрағасы немесе ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары жазбаша түрде рұқсат етеді.

      6. Жол жүру мақсатына байланысты баянатқа келесі құжаттар қоса ұсынылады: отырғызу талоны, жол жүру құжаттары, фискальды чек, электронды билеттерді ұсыну кезінде (отырғызу талоны және құнын төлеуді растама құжаттары), кадр бөлімшесінен әскери қызметшінің сауалнамалық деректер негізінде көрсетілген отбасы мүшелері туралы аңықтама, мүгедектігін және жер үсті көліктермен алып жүруге жарамайтын дене бітімінің кемдігін дәләлдейтін анықтамалар.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 83/қбп бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ олардың шығындарын өтеу қағидалары бойынша ҰҚО әскери қызметшілеріне қызметтік іссапарларға барған кезде әуе көлігімен жол жүру шығыстары өтеледі.

      8. Әуе көлігімен жол жүру шығыстары өтеледі:

      1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттар болған кезде – ақшалай үлеспен бірге төлеу;

      2) қаражаттар болмаған кезде – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады