Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 тамызда № 15491 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 шілде

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 199 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр желілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілік қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салу жергілікті атқарушы органдарды, табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды және жүйелік операторды алдын ала хабардар ете отырып және олармен келісіле отырып, мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) желіні пайдаланушы қолданыста жұмыс істеп тұрған желіні қосалқы (шунтталатын) болжамды жаңа электр беру желілерін салуға өтінім берген кезде бұл туралы өзі желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымды хабардар етеді;

      2) қолданыстағы генерациялайтын қондырғыларға немесе жаңа генерациялайтын қондырғыларға ресімделген өтінімдерді желіні пайдаланушы жүйелік операторға ұсынады, ол оны 20 жұмыс күні ішінде қарайды және өз қорытындысын қоса бере отырып, жергілікті атқарушы органға және табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жібереді;

      3) қолданыстағы генерациялайтын қондырғыларға немесе жаңа генерациялайтын қондырғыларға алынған өтінімдерді және жүйелік оператордың қорытындысын жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган 8 жұмыс күні ішінде қарайды және олардың қабылдаған шешімі жүйелік операторға жіберіледі;

      4) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілерін салу мәселесі жөніндегі жоғарыда көрсетілген шешімді алғаннан кейін жүйелік оператор 10 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы желіні пайдаланушы мен энергия беруші ұйымды хабардар етеді.".

      2. "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10234 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында:

      63-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеуші және бекітуші арматураны және айналым сорғысын орнатуға және/немесе бөлшектеуге;".

      3. "Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10752 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-23) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын өндіру саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар босататын электр энергиясына есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады