"Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15494 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына:

      2-тармақтың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) созылмалы еңiс – тіктігі мен ұзындығының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәндерi болған кездегi еңiс;";

      мынадай мазмұндағы 258-тармақпен толықтырылсын:

      "258. Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол құрамының иелері жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жөндеу аяқталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына 1-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 1 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 374 бұйрығына
қосымша
  Темір жол көлігін техникалық
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат 20__ жылғы "__" _______ үшін есепті кезең

      Индекс: 4-ТЖЖҚЖШ

      Кезеңділігі: жоспарлы жөндеудің аяқталуына қарай

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол құрамының иелері

      Қайда ұсынылады: теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: жоспарлы жөндеу аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей

р/н №

Жылжымалы теміржол құрамдарының, магистральдық, станциялық және кірме жолдарының иесі

Құрастырылған күні

Жөндеу түрі

Жоспарлы жөндеудің аяқталу күні

Жылжымалы теміржол құрамдары бойынша

Магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша

Атауы

Зауыт нөмірі

Инвентарлық нөмірі

Сериясы

Қызмет мерзімінің нормативі

Қызмет ету мерзімі (күні) дейін ұзартылды

Теміржолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеудің көлемі (шқ)

Жөндеу орыны

екі аралық

шақырым

пикет

станция

кірме жол

жолдың №

бағыттамалы бұрманың №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19
































































































      Басшы ______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Орындаушы ___________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Орындаушының телефоны ____________________________________________

      Ұйымның мекенжайы_________________________________________________

      Ұйымның телефоны__________________________________________________

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: "Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Жылжымалы теміржол
құрамдарына, сондай-ақ
магистральдық, станциялық және
кірме жолдарына жүргізілген
жоспарлы жөндеу туралы ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, магистральдық, станциялық және кірме жолдарының иелері көрсетіледі.

      3-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының құрастырылған күні көрсетіледі.

      4-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының жөндеу түрі көрсетіледі.

      5-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының жоспарлы жөндеудің аяқталу күні көрсетіледі.

      6-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының атауы көрсетіледі.

      7-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының зауыт нөмірі көрсетіледі.

      8-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының инвентарлық нөмірі көрсетіледі.

      9-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының сериясы көрсетіледі.

      10-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының қызмет мерзімінің нормативі көрсетіледі.

      11-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының қызмет ету мерзімін ұзарту күні көрсетіледі.

      12-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша теміржол жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеудің көлемі көрсетіледі.

      13-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (аралық) көрсетіледі.

      14-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (шақырым) көрсетіледі.

      15-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (пикет) көрсетіледі.

      16-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (станция) көрсетіледі.

      17-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (кірме жол) көрсетіледі.

      18-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (жолдың №) көрсетіледі.

      17-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (бағыттамалы бұрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады