Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15496 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 395 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 10 шілдедегі
№ 343 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полицияоргандарының
қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі – әскери полиция органдары) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери бөлімдер немесе мекемелердегі әскери қызметті атқару мен жұмыс ерекшелігін ескере отырып, әскери полиция органдарымен қауіпсіздік шаралары:

      1) әскери қызметшілерге, әскери жиындар өту кезіндегі запаста тұрған азаматтарға;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері немесе мемлекеттік мекемелеріндегі (бұдан әрі – әскери бөлімдер мен мекемелер) азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданылады.

      3. Әскери полиция органдары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың ауызша (жазбаша) өтініші негізінде немесе өзіндік бастамасымен оларға қатысты қауіпсіздік шараларын қолданады.

      4. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру кезінде әскери полиция органының бастығымен бекітілетін жоспар құрылады.

      Жоспарда:

      1) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін тартылатын әскери полиция органдарының күштері мен құралдары, соның ішінде арнайы көлік құралдарының тізімі;

      2) өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелердің тартылатын бөлімшелері туралы мәлімет;

      3) қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың басталуы мен аяқталуы қарастырылады.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 96-бабының және "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет болған кезде әскери бөлімнің командирі (мекеменің бастығы) әскери полиция органының талап етуі бойынша, жоғары тұрған қолбасшылықтың ауыстыру туралы өкімі, бұйрығы келіп түскенге дейін қорғалатын адамды басқа әскери бөлімге (мекемеге) уақытша ауыстыруды жүзеге асырады.

      7. Әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы әскери қызметшіге қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 8266 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес оны жалпы камерадан жеке камераға (карцер) ауыстыруды жүзеге асырады.

      8. Қауіпсіздік шаралары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар туралы мәліметтің құпиялығын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 10 июля 2017 года № 343. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2017 года № 15496. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 2 мая 2023 года № 395.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 02.05.2023 № 395 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 1 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 21 февраля 2005 года "Об органах военной полиции" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      2. Главному управлению военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков

  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 10 июля 2017 года № 343

Правила
осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан определяют порядок осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – органы военной полиции).

      2. Органами военной полиции с учетом особенностей прохождения воинской службы и работы в воинских частях или учреждениях применяются меры безопасности в отношении:

      1) военнослужащих, граждан, пребывающих в запасе, во время прохождения ими воинских сборов;

      2) лиц гражданского персонала воинских частей или государственных учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее - воинские части и учреждения).

      3. Органы военной полиции принимают меры безопасности в отношении лиц, указанных в пункте 2 настоящих Правил, на основании их устного (письменного) обращения или по собственной инициативе.

      4. При осуществлении мер безопасности составляется план, утверждаемый начальником органа военной полиции.

      В плане отражаются:

      1) силы и средства органов военной полиции, привлекаемые для осуществления мер безопасности, в том числе перечень специальных транспортных средств;

      2) взаимодействие, а также сведения о привлекаемых подразделениях воинских частей и учреждений;

      3) начало и окончание осуществления мер безопасности.

      5. Меры безопасности в отношении лиц, указанных в пункте 2 настоящих Правил, участвующих в уголовном процессе, осуществляются в соответствии с требованиями статьи 96 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О государственной защите лиц, участвующих в уголовном процессе".

      6. При необходимости незамедлительного принятия мер безопасности, командир воинской части (начальник учреждения) по требованию органа военной полиции осуществляет временный перевод защищаемого лица в другую воинскую часть (учреждение) до поступления распоряжения, приказа вышестоящего командования о переводе.

      7. Для осуществления мер безопасности в отношении военнослужащего, содержащегося на гауптвахте органов военной полиции, в соответствии с Правилами внутреннего распорядка гауптвахт военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра обороны Республики Казахстан от 13 декабря 2012 года № 972 (зарегистрированный в Реестре нормативных правовых актов за № 8266), осуществляется его перевод из общей в одиночную камеру (карцер).

      8. Меры безопасности осуществляются с соблюдением конфиденциальности сведений о лицах, указанных в пункте 2 настоящих Правил.