Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 мамырда № 32455 болып тіркелді

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15496 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 395 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі – әскери полиция органдары) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери қызмет өткеру және жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып, әскери полиция органдары:

      1) әскери қызметшілерге;

      2) әскери жиыннан өткен кезде запаста тұратын азаматтарға;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) азаматтық персонал адамдарына қатысты қауіпсіздік шараларын қолданады.

2-тарау. Әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібі

      3. Әскери полиция органдары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың өтініші негізінде немесе өз бастамасы бойынша оларға қатысты қауіпсіздік шараларын қабылдайды.

      Айыпталушы (күдікті) адам тарапынан қатер төнген кезде әскери полиция органдары "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 12-тарауына сәйкес қауіпсіздік шараларын қолдану туралы дәлелді қаулы шығаруға құқылы және Заңның 7-бабында көзделген өз құзыреті шегінде қажетті қауіпсіздік шараларын дербес таңдайды.

      Қорғалатын адамға қатысты қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына әскери бөлімдерге (мекемелерге) ауыстыру (іссапарға жіберу) түрінде қауіпсіздік шаралары қолданылады.

      Сонымен қатар, қорғалатын адамға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекет жасау қатері төнуі мүмкін, әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қатысты басқа әскери бөлімге (мекемеге) ауыстыру (іссапарға жіберу) қолданылуы мүмкін.

      4. Әскери полиция органдары қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру кезінде әскери полиция органдарының, сондай-ақ әскери бөлімдер (мекемелер) қажетті лауазымды адамдарының күштері мен құралдарын, арнайы көлік құралдарын тартады.

3-тарау. Аса қажет болған немесе әскери қызметшіні гауптвахтада ұстаған жағдайда қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру

      5. Аса қажет болған жағдайда, қорғалатын адамның өмірі мен денсаулығына нақты қатер төнетін кезде әскери бөлім (мекеме) командирі қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын әскери полиция органының талабы бойынша жоғары тұрған әскери басқару органының ауыстыру туралы өкімі, бұйрығы келіп түскенге дейін қорғалатын адамды басқа әскери бөлімге (мекемеге) уақытша ауыстыруды ұйымдастырады.

      6. Әскери полиция органының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшіге қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін медицина қызметкерінің (фельдшердің) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні ұстау мүмкіндігі туралы қорытындысы болған кезде, әскери полиция органының дәлелді қаулысы негізінде ҚПК талаптарына сәйкес оны ортақ камерадан жеке камераға ауыстыру жүзеге асырылады.

      7. Қауіпсіздік шаралары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар туралы мәліметтің құпиялылығы сақталып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады