БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Қ.Айтуғанов |
Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспары
________________________________________ 20 ___ 20___жж.
(балық шаруашылығы субьектілерінің атауы)
№ р/с | Іс-шаралар атауы | Оның ішінде жылдар бойынша | Жиыны | Аяқталу нысаны | ||
20_ | 20_ | 20_ | ||||
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде | ||||||
1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту іс-шаралар * | ||||||
1.1 | Мекендейтін табиғи ортасына 12 граммнан аз емес сеголетка балығын жіберу (мың дана) * | Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері | ||||
1.2 |
Балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды: | Аумақтық бөлімшеге растайтын құжаттармен бірге (орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы) атқарылған жұмыс туралы есеп беру | ||||
1.3 | Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана) | |||||
2. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар | ||||||
2.1 | Балық және басқа да су жануарларының өнімдерін өңдеу бойынша технологиялық жабдықтарды сатып алу, монтаждау және (немесе) жаңарту (мың теңге) | Сатып алу-сату шарты, орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
2.2 | Арнайы жабдықтарды, көлікті, жүзу құралдары мен аулау жарақтарын сатып алу және (немесе) жөндеу (мың теңге) | |||||
3. Балық ресурстарымен және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар | ||||||
3.1 | Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су және автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге) | Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
3.2 | Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны) | Мақалалар, эфирлік анықтамалар | ||||
3.3 | Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттерді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана) | Орындалған жұмыстар актілері | ||||
3.4 | Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (текше шақырым) | |||||
4. Балық шаруашылығын жүргізудің басым бағыттарын дамыту іс- шаралары | ||||||
3.1 | Жоспарланған қаражат көлемі бойынша жылына 50 тоннадан аз емес тауарлы балық өсіру** | Сатып алу-сату шарты, орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
3.2 | Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамытуға бағытталған жоспарланаған қаражат көлемі ең төмен 50 айлық көрсеткіш көлемінде (мың тенге) | |||||
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін әуесқой (спорттық) балық аулау жүргізу үшін бекіту кезінде | ||||||
1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар* | ||||||
1.1 | Мекендейтін табиғи ортасына 12 граммнан аз емес сеголетка балығын жіберу (мың дана) * | Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері | ||||
1.2 |
Балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды: | Аумақтық бөлімшеге растайтын құжаттармен бірге (орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы) атқарылған жұмыс туралы есеп беру | ||||
1.3 | Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана) | |||||
2. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар | ||||||
2.1 | Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су және автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге) | Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
2.2 | Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау іс-шаралар жүргізу және идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны) | Мақалалар, эфирлік анықтамалар | ||||
2.3 | Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттірді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана) | Орындалған жұмыстар актілері | ||||
3. Балық шаруашылығы іс-шаралары | ||||||
3.1 | Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (шаршы шақырым) | Орындалған жұмыстар актілері | ||||
3.2 | Әуесқой (спорттық) балық аулау құрал-саймандарын жалға беру және жолдама беруді қоса алғанда (дана) Азаматтарды қабылдау және оларға қызметтер көрсетуге арналған тиісті базаны (лагерді) салу және орналастыру мен құрылысы *** | Ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
3.3 | Әуесқой (спорттық) балық аулауға арналған су көліктерінің және автокөліктердің тұрақ орындарын ұйымдастыру (мың теңге) | |||||
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде | ||||||
1. |
Ихтиофаунаны жетілдіруге бағытталған балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды: | Балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері, орындалған жұмыстар актілері | ||||
2. | Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана) | |||||
3. |
Ихтиофаунаның жағдайына зерттеу жүргізу мыналарды қамтиды (мың теңге): | Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары) | ||||
4. | Балық өсіру–мелиорациялық техниканы сатып алу (мың теңге) | Шарт, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, орындалған жұмыстар актілері | ||||
5. | Қорықшылық қызметін ұстау (мың теңге) | |||||
6. | Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (шаршы шақырым) **** | Орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде | ||||||
1. | Балық өсіру үшін шарбақтарды сатып алу (мың теңге) | Шарт, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
2. | Жағалау инфроқұрылымын жасауға арналған шығын (мың теңге) | |||||
3. | Балық отырғызу материалын алу, 12 граммнан аз емес сеголетка балығын жіберу (мың дана) | Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері | ||||
4. | Балыққа жем сатып алу (мың теңге) | Сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
5. | Шарбақтарды күзетуді ұйымдастыру (мың теңге) | |||||
6. | Ғылыми зерттеулерге арналған шығын (мың теңге)***** | Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары) | ||||
7. | Шарбақтық шаруашылығын жүргізуді қамтамасыз ету, тауарлы балықты тасымалдау үшін техника сатып алу (мың теңге) | Сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, орындалған жұмыстар актілері | ||||
8. | Штат жұмысшыларының ақысы (мың теңге) | Еңбек шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
Балық шаруашылығы ащы-тұзды су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде | ||||||
1. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар | ||||||
1.1 | Артемия циста туындыларын терең қайта өңдеу шеңберінде технологияларды, технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру енгізуге жоспарланған қаражат көлемі (мың тенге) | Сатып алу-сату шарты, орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
1.2 | Артемияларды азықтандыруда технологияларды қолданудағы салынған қаражат көлемі (мың тенге) | |||||
2. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар | ||||||
2.1 | Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су және автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге) | Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
2.2 | Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау және идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны) | Мақалалар, эфирлік анықтамалар | ||||
2.3 | Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттірді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана) | Орындалған жұмыстар актілері | ||||
3. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар | ||||||
3.1 | Жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын ҚР азаматтарына жұмыс орындарын құру (адамдар саны) | Сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы | ||||
3.2 | Әлеуметтік іс- шараларды іске асыруға бағытталған жоспарланған қаржы қаражатының көлемі (мың тенге) | |||||
3.3 | Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (шаршы шақырым) **** | Орындалған жұмыстар актілері |
Ескертпе:
* - балық ресурстарының өсімін молайту бойынша іс-шаралар, ащы-тұзды су қоймаларынан басқа барлық су қоймаларда жүргізіледі.
** - ғылыми балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынымдарына сәйкес.
***- бірінші жыл
****- екінші жыл
*****- қажет болған жағдайда (пайдаланушының қарауына )
_________________________________ _______________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (қолы, мөрі (болған жағдайда))
(болған жағдайда))