"Мемлекеттің артықшылықты құқығы щеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15505 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9958 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;

      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      5. Жаңа кен орындары бойынша ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын есептеу үшін қажетті деректерді Мемлекеттік сараптамадан өткен жобаның Техникалық-экономикалық негіздемесіндегі болжамды есептердің негізінде қабылдау керек.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жоспарланған кезеңге ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасы ұлттық оператор алдыңғы күнтізбелік жылы сатып алған шикі және тауарлық газ бағасынан он пайыздан аспайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады