Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15534 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8 және 10-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға арналған сауалнама парағының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығы "Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13831 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      3. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
А. Шайымова

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті төрағасы

      _____________________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 8 тамыз

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны
Есепті кезең 20___ жылғы ___тоқсан

      Индекс: 1-әу

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, тексеру комиссияларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері.

      Нысанды:

      1) орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік);

      2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілдеріне ұсынады.

      Тапсыру мерзімі:

      1) орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей;

      2) орталық атқарушы органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдері тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей.

№ р/с

Көрсеткіштер

Есепті кезеңдегі жалпы саны

1.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде:


1.1

мемлекеттік қызметшілерге


1.2

жеке және заңды тұлғаларға


2.

Азаматтардың жеке қабылдаулары


2.1

оның ішінде шығу кездесулері


3.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштердің келіп түсуі, оның ішінде:


3.1

мемлекеттік қызметшілерден


3.2

жеке және заңды тұлғалардан


3.3

мемлекеттік органдардан


3.4

БАҚ-тан


3.5

басқа көздерден


3.6

дәлелділердің саны


3.7

арызданғандардың құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді


4.

БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың саны, оның ішінде:


4.1

жағымды материалдар


4.2

жағымсыз материалдар


4.3

әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар


5.

Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолданған ұсыныстар, оның ішінде оларға қатысты мынадай шаралар қабылданды:


5.1

тәртіптік жауапкершілікке тартылды


5.2

қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін материалдар құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарға жіберілді


5.3

шара қабылданбады


5.4

оның ішінде шара қабылдау келесі есептік тоқсанда күтіледі


6.

Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:


6.1

дәріс пен семинарлар


6.2

орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар


6.3

БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар


6.4

интернет-ресурстарындағы мақалалар


7.

Аймақтарға шығу іске асырылды, оның ішінде:


7.1

облыстарға


7.2

аудандарға


7.3

селолық округтарға


7.4

шет елдерге


8.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны


9.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны, оның ішінде:


9.1

қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамаға анализ қорытындысы бойынша атқарылған шаралардың саны


10.

Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен қызметкерлердің саны


11.

Азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы шара қабылданды, оның ішінде:


11.1

туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабардар еткен адамдардың мүдде қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін лауазымды міндеттерін атқарудан шеттетілді


11.2

мүдделер қақатығысын болдырмауға байланысты лауазымды міндеттері өзгертілді


11.3

мүдделер қақатығысын болдырмауға байланысты өзге де шаралар қабылданды



Мемлекеттік органның атауы:
_________________________________

Мекен-жайы:
________________________________

Әдеп жөніндегі уәкіл
Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы)
_________________________________

Телефоны:
________________________________

20 жылғы "_____" ___________

қолы
________________________________


мөрдің орны

Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы туралы есеп
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы туралы есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме есеп нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды және әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысының нәтижелерін белгілейді.

      2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдері Агентікке, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері дербес лауазымын атқаратын тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілдеріне тоқсан сайын есептік кезеңнен кейін ұсынады.

      3. Агентікке ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдер жауапты болады.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      4. 1-1.2 жолда әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмекке жүгінгендердің саны көрсетіледі.

      5. 2-2.1 жолдарында әдеп жөніндегі уәкілдердің жеке қабылдауларында болған азаматтардың саны көрсетіледі.

      6. 3 жолда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдерге келіп түскен өтініштердің саны көрсетіледі.

      7. 3.1-3.7 әдеп жөніндегі уәкілдерге жүгінген тұлға түрлерінің, олардың ішінде дәлелді өтініштердің және арызданғандардың құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілгендердің саны көрсетіледі.

      8. 4-4.2 жолдарында әдеп жөніндегі уәкілдердің БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың, оның ішінде оның түрлерінің саны көрсетіледі.

      9. 4.3-жолда әдеп жөніндегі уәкілдердің әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар саны көрсетіледі.

      10. 5-5.4 жолдарында әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолдаған ұсыныстары, оның ішінде оларға қатысты қабылданған шаралардың саны көрсетіледі.

      11. 6-6.4 жолдарында әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің жүргізген түсіндірме жұмыстары, оның ішінде іс-шаралар түрлерінің саны көрсетіледі.

      12. 7-7.4 жолдарында әдеп жөніндегі уәкілдердің аймақтарға, оның ішінде облыстарға, аудандарға, ауылдық округтерге, шет елдерге шығу фактілерінің саны көрсетіледі.

      13. 8-жолда әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны көрсетіледі.

      14. 9-жолда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны көрсетіледі.

      15. 9.1-жолда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамаға анализ қорытындысы бойынша атқарылған шаралардың саны көрсетіледі.

      16. 10-жолда туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен қызметкерлердің саны көрсетіледі.

      17. 11-жолда азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы қабылданған шаралардың саны көрсетіледі.

      18. 11.1-жолда туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабардар еткен адамдардың мүдде қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін лауазымды міндеттерін атқарудан шеттетілгендердің саны көрсетіледі.

      19. 11.2-жолда мүдделер қақтығысын болдырмауға байланысты өзгертілген лауазымды міндеттердің саны көрсетіледі.

      20. 11.3-жолда мүдделер қақатығысын болдырмауға байланысты өзге де қабылданған шаралардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
2-қосымша
Нысан

Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға
арналған сауалнама парағы

      ________________________________________ әдеп жөніндегі уәкілі
(мемлекеттік органның атауы)
      қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында (жарты жылда бір рет) анонимді сауалнама жүргізеді.

1.

Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

2.

Менің пікірім әр кезде менің тікелей басшылығымен ескеріледі
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

3.

Менің жұымстағы әріптестеріме дәлелді ескертулерім әрқашан барабар қабылданады
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

4.

Менің әріптестерімнің арасында өзге қызметкерлерге/жұмысшыларға қатысты көрінеу жалған мәліметтер тарату тәжірбиесі бар
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

5.

Мен жұмыс істейтін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал маған ұнайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

6.

Менің тікелей басшылығым ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

7.

Менің тікелей басшылығымның маған деген қарым-қатынасы әділ
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

8.

Мен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде жүктеме бірыңғай бөлінген деп санаймын
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

9.

Менен лауазымдық міндеттерімнің құзыретінен асатын тапсырмаларды орындауды ешқашан талап етпейді
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

10.

Мен өзімнің тікелей басшылығыма сенемін
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

11.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге/жұмысшыларға бейімделуге көмектеседі
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

12.

Мен күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшылығымның жәрдеміне және қолдауына сене аламын
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

13.

Тікелей басшылығыңыздың Сізге жеке істерін тапсыру фактілері болды ма?
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

14.

Тікелей басшылығыңыз Сізді мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шығуды міндеттейді ме?
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады