Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15547 болып тіркелді.

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 11 тамыздағы
№ 403 бұйрығына
қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға
2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу орындарының атауы

Мамандық атауы

Саны (адам)

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

9- сынып базасында

11-сынып базасында

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Рымбек Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

0104000 - Кәсіптік білім беру (салалар бойынша):
010401 3 "Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық аталымдар бойынша)" біліктілігі

56

40
 

-

56

1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету
(түрлері бойынша):
130404 3 "Техник-бағдарламашы" біліктілігі

155

115

140

15

1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету
(түрлері бойынша):
130405 3 "Ақпаратты қорғау технигі" біліктілігі

185

110

185

-

1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша):
1305023 "Техник-бағдарламашы" біліктілігі

40

40

25

15


Барлығы


436

305

350

86

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Өзін-өзі тану" Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту:
010101 3 "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігі
 

25

25

-

25

0105000 – Бастауыш білім беру:
010501 3 "Бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі
 
 

25

25

-

25

0105000 – Бастауыш білім беру:
010501 3 "Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі

25

25

25

-

0111000 – Негізгі орта білім беру:
011105 3 "Өзін-өзі тану мұғалімі" біліктілігі 

25

25

-

25


Барлығы
 


100

100

25

75

3

"Кәсіпқор" Холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "APEC PetroTechnic жоғары колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0801000 – Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша):
080114 3 "Техник-технолог" біліктілігі

25

-

-

25

0809000 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша):
080922 3 "Техник-технолог" біліктілігі

25

-

-

25

0821000 – Мұнай және газ өндіру технологиясы:
082101 3 "Бұрғылау мен көтергіш қондырғыларға қызмет көрсету және бұрғылау бойынша технолог" біліктілігі

25

-

-

25

0821000 – Мұнай және газ өндіру технологиясы:
082301 3 "Мұнай, газ, химиялық процестер мен компонеттерді өңдеу техник-технологы" біліктілігі

25

-

-

25

0828000 - БӨА инжинирингі технологиясы:
082801 3 "Техник-технолог"

100

-

-

100

090200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша):
0902033 "Техник-электрик"

100

-

-

100


Барлығы


300

-

-

300


Жиыны


836

405

375

461


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады