Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қазанда № 21354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі № 652
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бас бостандығынан айырылған сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сотталғандарды бостандыққа дайындау бойынша жұмыстардың нәтижелерi сотталғанның ЖТЖ күнделiгiнде көрсетiледi, материалдар сотталғанның жеке iсiне тiркеледi.

      Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырудың немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың формальді мерзімі келген сотталғандарға қатысты (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 72 және 73-баптарын қолдану тәртібінде) мекеме әкімшілігі сотталған таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінен сотталғанның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы (туыстарының жазбаша келісімі, ұйымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғын үй, жұмыс орнын беруі) туралы деректерді дер кезінде (екі айдан кем емес) сұратады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қолданбалы өнер және шығармашылық көркемөнер секциясы (бұдан әрі - ҚӨШКС) картиналар, нардылар, шахматтар, қобдишалар, домбыралар, кесте тігу, тоқу, басу, күйдіру, өру заттарын жасауды жүзеге асырады және сотталғандардың көркем-өнер шеберлігін іске асыруға, дағдыларын арттыруға және қалыптастыруға бағытталған.

      ҚӨШКС үй-жайы мекеме клубында не мекеменің осы мақсаттарға арналған өзге ғимаратында жабдықталады.

      ҚӨШКС-да тұратын сотталғандар олардың қалауы бойынша мекеме не өзге ұйымдар өткізетін көрмелерге, концерттерге және өзге мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

      ҚӨШКС-да тұратын сотталғандарға олардың қалауы бойынша өздері жасаған қолданбалы өнер бұйымдарын білім беру, мәдениет, әлеуметтік, медициналық қызмет ету саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ жақын туыстарына мекеме бастығының не оның міндетін атқаратын адамның атына еркін нысандағы өтінім бойынша өтеусіз тапсыруға рұқсат етіледі.

      Жақын туыстарына кездесу кезінде бұйымдарды беру туралы өтінімге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 сәуірдегі №63 қпбү бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша материалдық рұқсаттама беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15120 болып тіркелген).

      Бұйымдарды ұйымдарға беруді мекеме әкімшілігі одан әрі сотталғанның жеке ісіне қосумен қабылдау тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.

      ҚӨШКС-та тұратын сотталғандар бұйымдарды жасауға арналған материалдар және құралдарды мекеме дүкендерінен немесе электрондық сауда алаңдарынан сатып алады немесе тізбесімен саны мекеме комиссиясымен бекітілетін сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алады."

      Сотталғандардың жеке еңбек қызметін ұйымдастыруы және ҚӨШКС шеңберінде қолөнер бұйымдарын сату ҚАК-тің 119-бабына сәйкес мекеме әкімшілігі, тапсырыс беруші және сотталған арасындағы келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар:

      1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемеге қабылдау тәртібін;

      2) сотталғандар мен мекемелерперсоналыныңөзарақарым-қатынасын;

      3) мекемелердегікүнтәртібін;

      4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерiн жәнебiрiншi кезекте қажетті заттарды сатыпалуын, сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер алуын, қосымша қызметтер көрсетуді, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алыпқою тәртібін;

      5) бас бостандығынанайыруға сотталғандардың хат жазысуларын, ақшалай аударымдарды жіберуін және алуын, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерін, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесулерін;

      6) сотталғандарға мекемелерден тыс жерге шығуларды ұсыну тәртібін;

      7) сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау тәртібін;

      8) өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындардың жазаны өтеу ерекшеліктерін;

      9) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктерін қамтиды;

      10) емдеу-профилактикалық мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың жазасын өтеу ерекшеліктері.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мекеме қызметкерлерімен, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдармен және мекемелерге барған басқа да лауазымды адамдармен кездескен кезде сотталғандар орнынан тұрады (тоқтайды), аяқтарын қосып, қолдарын тігінен қояды және олармен "Сәлеметсіз бе" немесе "Здравствуйте" деп амандасады, бұл ретте қол алысуға жол берілмейді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Сотталғандар асханаға күн тәртібімен белгiленген сағатта таза киім мен аяқ киімде саппен келеді.

      Сотталғандар асхана үй-жайына саптың оң жағынан, кезектілікті сақтай отырып, бір-бірден кіреді.

      Тамақтану жасақ, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiлерiндегi тамақ тарататын үй-жайда жүзеге асырылады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақтардың түйіскен жерінде орналасса, жұмыстағы ауысымды тамақтандыру тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстейтін сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, асханада ұйымдастырылуы мүмкін.

      Сотталғандарға асханадан азық-түліктерді және ыдыс-аяқтарды шығаруға жол берілмейді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тамақтанар алдында сотталғандар сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешеді.

      Сотталғандар кезек бойынша үстелге отырады. Сотталғандар асханадан шығуды барлық сотталғандар тамақ ішкеннен кейін жүзеге асырады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Сотталғандар топтарының мекеме аумағы бойынша жүруі (саппен жүру тек сотталғандарды тексеру және тамақтану кезінде көзделген қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) тек саппен және белгіленген киім нысанында, олардың бірінің не мекеме әкімшілігі өкілінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.

      Саптың қозғалысы әдеттегі жүру сияқты жаяу жүру қадамымен жүзеге асырылады, бұл ретте қолдар дененің жанында еркін қозғалыста болады.

      Сотталғандарға жасақтарда телехабарлар көруі, кітапханаға баруы кезінде киімнің үстіңгі бөлігін шешуге не ағытуға рұқсат етіледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Сотталғандарға тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату үшін мекемелерде демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс істейтін дүкендер ұйымдастырылады. Дүкендермен қатар мекемеде күн сайын жұмыс істейтін электронды сауда алаңдары ұйымдастырылады. Сотталғандар күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (жасақ, бригада және камералар бойынша) ескере отырып, қолма-қол ақша төлемсiз осы мекеме жанындағы дүкендердің, сондай-ақ электрондық сауда алаңының қызметін пайдалана алады.

      Мекеме жанындағы дүкендерде, сондай-ақ электрондық сауда алаңында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн Заттар мен нәрселердің тiзбесiмен (бұдан әрі - Тізбе) рұқсат етілген барлық тауарлардың, заттар мен нәрселердің түр-түрінің болуы көзделеді.";

      44-1 тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "44-1. Электрондық сауда алаңында бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу тапсырыс беру жолымен, арнайы стационарлық (терминал) не электрондық сауда алаңының интернет-ресурсына бару үшін ғана Интернет желісіне қол жеткізе отырып, мобильді (планшет) құрылғы арқылы жүзеге асырылады.

      Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар сомасы Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген шекте сотталған адамның ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттан жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы жұмсау лимитінен асатын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, сондай-ақ оларды басқа адамдардың төлеуі сауқатқа теңестіріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Сотталғандар сәлем-сауқат және бандерольдердi мекемеге келген кезден бастап, ал сәлемдемелерді оларға кездесу ұсынған кезде ала алады.

      Ұзақ кездесулер кезінде алынатын сәлемдемелер жазаны өтеу шарттарына сәйкес тиісті сәлемдемелер санына енгізілмейді .

      Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе қайтыс болғандардың атына сауқаттар мен бандерольдер келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебiн, төлем сомасын көрсете отырып, жөнелтушiге қайтарылады. Басқа мекемелерге ауыстырылған сотталғандардың атына келген сауқаттар мен бандерольдер мекеменің есебiнен олардың жаңа ұсталатын жеріне жiберiледi.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер олардың ішіндегілерінің тізбесі мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 36 қбпү бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14922 болып тіркелген) (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.

      Бір сауқат пен сәлемдеменің ең жоғарғы салмағы 20 килограмнан аспайды.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Мекемеге келген сотталғандардың туысқандарына немесе өзге адамдарға мекеме әкiмшiлiгі тиiстi сауқат, сәлемдеме, бандерольдердiң орнына оларды сотталғандарға беру мақсатында мекеме жанындағы дүкендері және электрондық сауда алаңы арқылы тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталғандарға беру үшiн тамақ өнімдерінің және бiрiншi кезекте қажетті заттардың саны, салмағы көрсетілген екi данадағы өтiнiм бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алғаннан соң өтiнiмнің бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Саны мен түр-түрі медициналық қорытындыда айқындалған, сондай-ақ сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған сауқаттар мен сәлемдемелер тексеруден кейін адресаттарға беріледі. Медициналық қорытындыға сәйкес сотталғандар алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мекеменің медициналық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне беріледі. Бұл ретте, мекеменің медициналық қорытындысына сәйкес сотталғандар алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жазаны өтеу жағдайларына сәйкес рұқсат етілген сауқат пен сәлемдемелер санына енгізілмейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар өз қаражаты есебінен туысқандарына және өзге де адамдарға мекеме жанындағы дүкеннен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алынған тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы немесе қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды сауқат және бандерольмен жiбере алады. Жіберуге арналған затты мекеме әкімшілігінің өкілдері сотталғанның қатысуымен қарап тексереді.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Тiзбеде көзделмеген заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттарды және тамақ өнімдерін алып қоюды мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар жүзеге асырады.

      Заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері сотталғандардан анықталған сәтте алынады, үлгісі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген ол жөнінде баянат немесе акт жасалады және тексеріледі. Актіде тыйым салынған затты алған күн, уақыты, орны, сотталғанның және тыйым салынған затты анықтаған және алуды жүргізген қызметкердің деректері көрсетіледі.

      Егер мән-жайлар кейінге қалдыруға болмайтын болса, тінту дереу, оның ішінде тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған иесін табу мүмкін емес ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды осы Қағидаларға сәйкес мекеме әкімшілігі алады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылуға жатады.

      Сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден немесе электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiне кірмейтін сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағы мен мекемеге іргелес аумақтан алынған заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туысқандарына немесе сақтауға беріледі немесе мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл туралы акті (еркін нысанда) жасалады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Өзге адамдарға ақшалай аударымдарды жiберу кезiнде сотталған, бұдан басқа өз өтiнiм ақша аударудың себебiн хабарлайды. Мекеме әкiмшiлiгiнiң осы өтiнiм бойынша шешiмi, әдетте, өтiнiм берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей қабылданады. Қабылданған шешiм туралы сотталғанға қол қойдыру арқылы хабарланады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сотталғандардың өтініштері адресатқа мекеме әкімшілігі арқылы жөнелтіледі.

      Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жолданатын шағынымдарды сотталғандар электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы бере алады.

      Шешілуі не түсіндіруі мекеме әкімшілігінің құзыретіне жататын сотталғандардың өтініштерін мекеме әкімшілігі қарайды.

      Лауазымды адам сотталғаннан өтінішті алғаннан кейін оны жасақ бастығына береді.

      Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жөнелту тәртібін түсіндіріп, сотталғаннан өтінішті (өтінішхатты) алғаннан кейін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына сәйкес оған жыртылмалы талон береді және өтінішті мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкеріне осы журналға қол қойғызып, тағайындау бойынша жіберу үшін береді не сотталғанның өтінішін мекеменің арнайы есепке алу қызметкері жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру кезінде қабылдайды.

      Өтініштер адресатқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолданады, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.

      Мекеме әкімшілігі қарастыру субьектісі болып табылмайтын сотталғандардың өтініштері мекеме бастығы не оның міндетін атқарушы адам белгілейтін жауапты қызметкер (жұмыскер) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ілеспе хатты жасамай немесе электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы адресатқа жолдайды.

      Егер сотталған жүгінген орган (ұйым) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, осы өтініш адресатқа пошта байланысы арқылы жолданады.

      Электрондық құжат түріндегі өтініштерді жіберу үшін мекеме әкімшілігі сотталғандардың тікелей тұратын жерлерінде, камералық ұстау жағдайындағы мекемелерді қоспағанда арнайы терминалдар орнатады, онда мұндай терминалдар мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда орнатылады. Сотталғандар терминалдардың қызметін күнделікті, кестеге және күн тәртiбiне сәйкес.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Сотталғандармен кездесуге келген адамдар оларға мекеме әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң ақшаларын, сондай-ақ сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден және электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтарын тексеру тобының қызметкерлеріне сақтауға тапсырады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, мекеме қызметкері мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Тексеру кезінде сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден және электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде жасырынған заттар мен құндылықтар табылған жағдайда немесе тексеруден бас тартқан кезде ол адам кездесуге жiберiлмейдi.

      Тексеру тәртібі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларымен регламенттеледі.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Сотталғандарға заң көмегін алуы үшiн олардың өтiнiмi бойынша адвокаттармен кездесулер олардың санына, ұзақтығына шектеу қоймай, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.

      Заңнамада белгіленген кездесулердің санына мұндай кездесулер кірмейді, олар түскі үзіліс уақытын қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Сотталғандардың некесін қию үшiн олардың өтінімдері бойынша азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi лауазымды тұлғалармен және сотталғанмен некеге тұруға ниет бiлдiрген адаммен қысқа мерзiмдi кездесулер берiледi.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изоляторға, жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында қамалған сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.

      Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.

      Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.

      Айрықша жеке жағдайларға халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, Республикалық не өңірлік деңгейдегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да жатады. Бұл жағдайда жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, жалғыз адамдық камерадағы, уақытша оқшаулау үй-жайындағы сотталғандарға жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу айына бір рет беріледі.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығулар жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.

      Қысқа мерзiмді шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке айрықша жеке мән-жайлардың барын растайтын құжаттар ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген: денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының анықтамалары және берiлген жерi бойынша iшкi iстер органдары куәландырған құжаттар, сотталғанның босатылғаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналасу мәселелерiн алдынала шешу үшiн берген өтiнiмге және еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi ұсынымхаты қоса берiледi.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Мекеменің шегінен тыс жерге ұзақ мерзiмге шығулар жыл сайынғы ақылы демалыс уақытына, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға олардың өтінімдері бойынша беріледі.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Сотталғанның мекеменің шегінен тыс жерге шығуы туралы өтiнiмі сотталғанның жеке басын және мiнез-құлқын ескере отырып, тәулiктік мерзімде мекеме бастығы қарайды.

      Мекеменің шегінен тыс жерге шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде мекеме бастығы береді және мекеме бастығының бұйрығымен ресімделеді.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi және оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарғаны үшін ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық жауапкершiлігі туралы ескертiледi, ол туралы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледi. Шығуға байланысты шығыстарды төлеуге ақшаны сотталғанның жеке қаражатынан, оның жазбаша өтiнiмi бойынша мекеменiң бухгалтериясы бередi.";

      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандарда осы мекеменiң мөрiмен расталған, сотталғанның жеке басын куәландыратын мекеме әкімшілігінен суреті бар анықтамасы болады. Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің аумағынан тыс жерде тұратын сотталғандарға осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетiлген анықтама берiледi. Берілген анықтамаларды сотталғандар үнемі өздерімен бірге ұстайды.

      Сотталғандар тұратын жерiнiң мекенжайы өзгергенi туралы уақтылы қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің әкімшілігіне хабарлайды.

      Сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке істерінде сақталады.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Отбасы бар сотталғандарға мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде тұруға мынадай жағдайларда:

      1) Сотталғанмен бiрге тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерi қол қойған сотталғанның өтінімі, онда олардың ҚАК-тың 143-бабы талаптарымен танысқаны көрсетіледі;

      2) арызданушының және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы) және тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың немесе тұрғын алаңды, тұрғын үй-жайды жалға алу келісімшартының, неке, туу туралы куәліктердің көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды салыстыру үшін өтінішті беру кезінде олардың түпнұсқалары ұсынылады;

      3) сотталғанның тұрғын алаңда тұру мүмкіндігіне, алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерін сақтауына, сондай-ақ бiр бөлмеге әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) тұрғызуға жол бермеуіне мекеме қызметкерлерінің комиссиялық тексеру актісі;

      4) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерден тыс аумақта отбасымен тұруға қаулы шыққаннан кейiн учаскелiк полиция инспекторының оның учаскесінде қадағалаудағы адамның тұратынынан хабардар екендігі туралы анықтамасы;

      5) сотталғанның қауіпсіздігі барынша төмен мекеме аумағынан тыс тұратын кезеңдегі мінез-құлық қағидаларымен және шектеулермен танысқаны туралы қолхаты;

      6) жұмыс орнынан берілген мінездеме;

      7) еңбек келісімшарты болған жағдайда жол беріледі.

      Сотталған және оның туыстары ұсынған құжаттарды қабылдауды мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады, ол оны мекеме комиссиясының кезекті отырысына ұсынады.Жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында отбасымен бірге тұру құқығын ұзарту не бас тарту мәселесін мекеме комиссиясы тоқсан сайын, режимді бұзған жағдайда дереу қарастырады.";

      11-тараумен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "11-тарау. Емдеу профилактикалық мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктері

      175. Емделу курсынан өткен сотталғандар жаза мерзімін өтеу орны бойынша этаппен кеткенге дейін мекеме түріне байланысты камералық ұстау жағдайында, емделіп жатқан сотталғандардан жеке корпуста жалпы негіздерде ұсталады.

      176. Жатақханаларда (камераларда, палаталарда) сотталғандар:

      1) мекеме белгілеген күн тәртібін және емдеу профилактикалық мекемелер үшін көзделген киім нысанын сақтайды;

      2) мекеме қызметкерлерінің және сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың бірінші талабы бойынша қызметтік үй-жайға немесе шақырылған жерге келеді;

      3) мекеме қызметкерлері және сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар, және өзге де адамдар медициналық палатаға кірген кезде саптан босатылған және төсек режимі бар сотталғандар керуеттен тұрып отырған күйінде (жансақтау бөлімшесіндегі сотталғандарды қоспағанда) "Сәлеметсіз бе" немесе "Здравствуйте" деп амандасады.

      177. Сотталғандарға:

      1) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз өз бетінше жатақханалардан (камералардан, палаталардан) кетуге;

      2) жатақханалар (камералардың, палаталардың) арасында өз бетінше жүру, сондай-ақ жатын орындарын ауыстыруға жол берілмейді.

      178. "Ұйқыдан тұру" командасы берілгеннен кейін сотталғандар төсектен тұрады (жансақтау бөлімшесіндегі сотталғандарды қоспағанда), киінеді, дәретханаға және үлгі бойынша төсекті жинауға уақыт беріледі.

      179. Ылғалды жинау кезінде сотталғандар тәрбие жұмысы бөлмесіне немесе жатақхананың локальды учаскесіне өтеді.

      180. Жатақханаларда (камераларда, палаталарда) ұсталатын сотталғандарды тексеру күніне екі рет камералар бойынша өткізіледі. Сотталғандар команда бойынша камераларда сапқа тұрады (жансақтау бөлімшесіндегі сотталғандарды қоспағанда) және бақылаушы камералық тізім бойынша олардың бар-жоғын тексереді. Қажеттілігіне қарай, сотталғандарды толық емес тінту және үй-жайларды техникалық қарау жүргізіледі.";

      3-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      20-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №505 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15564 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларында:

      53-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "53. Сезіктілер мен айыпталушылар тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды және сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған басқа да өнеркәсіп тауарларын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тергеу изоляторының дүкенінен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.

      Электрондық сауда алаңында тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу тапсырыс беру арқылы, арнайы стационарлық (терминал) не мобильді (планшет) құрылғы арқылы, Интернет желісіне электрондық сауда алаңының интернет-ресурсына бару үшін ғана қол жеткізе отырып жүзеге асырылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Тергеу изоляторының дүкенінде (дүңгіршегінде) немесе электрондық сауда алаңында сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіп тауарларының ассортименті рұқсат етілген заттардың тізбесімен айқындалады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Күдіктiлер мен айыпталушылардың туыстарына не өзге адамдарға тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тергеу изоляторының дүкендерiнде (дүңгіршектерде) немесе электрондық сауда алаңында сатуда бар тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың құнын кейiн оны күдіктiлерге және айыпталушыларға беру үшiн төлеу мүмкiндiгі берiледi.

      Бұл жағдайда туысы немесе өзге адам тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне екi данада өтiнiш бередi, онда өзi құнын төлегiсi келетiн тамақ өнімдерінің және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетiледi және қажеттi соманы төлейдi. Сатып алынған тауарды күзетпен ұстауға алынған адам алғаннан кейiн оның қолы қойылған өтiнiштiң бiрiншi данасы тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екiншi данасы жеке iсiне тiгiледi. Тиiстi белгi анықтама картотекасына қойылады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Күдіктiлер мен айыпталушылар пошта қажеттіліктерiн (конверттер, маркалар) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегiнен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Сезіктілер мен айыпталушылардың ақшасы тергеу изоляторының мекен-жайына пошта арқылы аударылады және олардың жеке шоттарына, сондай-ақ электрондық сауда алаңының сервисіндегі жеке шотын (логинін) толықтыру арқылы аударылады. Күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотындағы ақша сомасын пошта арқылы аудару үшін ол тергеу изоляторы бастығының атына дәлелді өтініш жазады. Ақша аудару күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотындағы қаражат есебінен пошта арқылы жүзеге асырылады.

      Туыстары мен өзге де адамдарға электрондық сауда алаңы сервисінің көмегімен күдіктілер мен айыпталушылардың жеке шоттарын (логинін) толықтыруға жол беріледі, сондай-ақ электрондық сауда алаңында тапсырысты жүзеге асыра алады және күдіктілер мен айыпталушыларға сәлемдеме түрінде жібере алады.";

      6-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Жеке тұлғаны зерделеу сызбасы

      Жалпы мәліметтер

      1. Т.А.Ә. (ол болған кезде) _________

      2. Туған күні және жері ____________

      3. Ұлты ___________________________

      4. Білімі (оқу орнын көрсету) ________

      5. Сотталғанға дейінгі кәсібі (мамандығы), жұмыс (оқу) орны ______

      6. Қамауға алынғанға дейінгі тұрғылықты жері __________________

      7. Бұрын соттылығының бар-жоғы (сотталу саны), қандай баптар бойынша сотталған: __________________________________________________________

      Бас бостандығынан айыру мерзімі ____

      8. Қылмыс фабуласы _______________________________________

      9. Түзеу мекемесіне күні, қайдан келді ______________________________

      10. Сот мәжбүрлеп емдеуді тағайындады ма -иә, -жоқ (психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделу, соның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты)

      11. Мерзімінің басталуы___Мерзімінің аяқталуы __(сотты болса)

      12. Мерзімі: ШТМББ _____________ ҚК

      13. Қылмысқа көзқарасы: cот үкімін (керегінің астын сызу керек): әділетті; әділетсіз; өте қатаң; жұмсақ деп санайды; осы қылмысты жасамадым деп санайды; өзге ______________

      қылмысты жасау себебі (керегінің астын сызу керек): спирттік ішімдіктерге әуестік; есірткілерді қабылдау; қатты жан толқынысы (жан күйзелісі, түңілу жағдайында); байқаусыздықтан; өз өміріне және адамдарға жиналған ашу-ыза; материалдық жағдайды дұрыстауға ұмтылу (пайдакүнемдік); өзінің достарынан кем, қорқақ болып көрінгісі келмеді; ортасынан ерекшеленгісі келді, батылдығын, оңтайлылығын, жолы болғыштығын көрсеткісі келді; өшін алу; өткір сезімдер үшін тәуекел ету; саналы түрде; салдары туралы ойлаған жоқ; өзін-өзі қорғау мақсатында (өзінің жақындарын қорғау); құмар ойындарға, бәс тігуге салынудан; өзге__________________________

      қылмысты (керегінің астын сызу керек) алкогольдік масаңдық; нашақорлық масаңдық; сау күйінде жасады; қылмысты жасағанына (керегінің астын сызу керек): өкінеді; ішінара өкінеді; өкінбейді; өзін кінәлі деп санамайды; өзге ____________________________________

      жасаған қылмысына байланысты қандай сезімдері бар (керегінің астын сызу керек): қанағаттану (бәрін дұрыс жасады); көңілі қалу; өзіне аяушылық; құрбанына аяушылық; кінә сезімі; өзіне ашу-ызғасы, өшпенділігі бар; өзге ____________________________________

      14. Марапаттау ___ жазалау саны ____

      15. Қандай ұстау жағдайында: ____________________________________

      16. Мекеменің психологында профилактикалық есепте тұрған. Есепке алу күні және санаты

      ____________________________________________________________________

      17. Бұрынғы уақытта аутоагрессиялық іс-әрекеттер жасаған ба: иә, жоқ (астын сызу керек).

      18. Иә болса: қандай іс-әрекет (өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттену; денеге зақым келтіру; аштық жариялау; өзгеше заттарды жұту), қашан, неге байланысты? ______________

      19. Отбасы туралы мәлімет (керегінің астын сызу керек):

      үйленген (күйеуге шыққан); үйленбеген (күйеуге шықпаған); азаматтық неке; жесір; ажырасқан; отбасымен байланысы: қатынасады; қатынаспайды; отбасымен байланысын үзген; балалары (саны, жасы, жынысы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      20. Әке-шешесі, ағалары, апалары туралы мәліметтер: денсаулық жағдайы (егер қайтыс болса, онда қандай аурудан, неше жаста); отбасыда қандай қатынастар болды: _______________

      ____________________________________________________________________

      21. Әке-шешесіз өсті (керегінің астын сызу керек): балалар үйінде; отбасылы балалар үйінде; интернатта; қорғаншы тәрбиешілер; туысқандар. Неше жасынан әке-шешесіз?

      ____________________________________________________________________

      22. Отбасында (керегінің астын сызу керек, туысқандық деңгейін көрсетіңіз): шешесі; әкесі; ағасы; апасы; әжесі; атасы; басқалар арасында

      ____________________________________________________________________

      бұрын сотталғандар; психикалық ауруға шалдыққандар (диагнозы); спирттік ішімдіктерді пайдаланатындар; есірткі заттарды пайдаланатындар; құмар ойындарға, бәс тігуге салынғандар; діни сектада тұратындар; өзі-өзіне қол жұмсаушылар болды ________________________________

      23. Бас жарақаты (жылы, саны) ________________________________________

      24. Диспансерлік есепте тұрды ма (керегінің астын сызу керек): наркологиялық; туберкулез; психоневрологиялық; тері-венерологиялық. Диагнозы:

      ___________________________________________________________________

      25. Психикалық аурудың болуы: (астын сызу керек) иә, жоқ. Диагнозы:

      _____________ _____________________________________________________

      26. Бүгінгі күнде соматикалық ауруы бар ма: (астын сызу керек) иә, жоқ. Диагнозы:

      __________________________________________________________________

      27. Зорлық жыныстық актіге мәжбүрленген бе/сексуалдық артықшылық бұзылуы бар ма (гомосексуализм)

      __________________________________________________________________

      28. Мекемеде болуы қатты эмоционалдық уайымдаумен қатар келеді ме (керегінің астын сызу керек): жалғыздық; мұң; депрессия; қорқыныш; үрей; қорқу; тұйықтық; дұшпандық; агрессия; ашу; өшпенділік; ызалану; қанағатсыздық сезімі; шаршау және үмітсіздік сезімі (өмір сүргісі келмейді); уайымдауы жоқ.

      29. Мекеменің жағдайларына бейімделуі (керегінің астын сызу керек): қиындықсыз тез үйренді; бір ай; екі-үш ай; жарты жыл және одан көп; осы күнге дейін үйрене алмай жүр; өзге

      ___________________________________________________________________

      Мінез-құлық ерекшеліктері

      30. Темпераменті (керегінің астын сызу керек): экстраверт; интраверт; холерик; флегматик; сангвиник; меланхолик; темпераменттің аралас типі

      ___________________________________________________________________

      31. Мінез құлқының акцентуациясы: ___________________________________

      32. Мінез-құлқының ерекшеліктері (керегінің астын сызу керек): тілтабысқыш; әдептілік; шешімділік; табандылық; ұстамдылық; батылдық; қуаттылық; қапалансыздық; салмақтылық; еңбек сүйгіштік; адалдық; қайтымдылық; ашықтық; ақиқаттық; шынайылық; сыпайылық; сенiмдiлiк; қарапайымдылық; тұйықтық; әдепсіздік; ынжықтық; көнгіштік; қозғыштық; жасқаншақтық; сылбырлық; қызбалық; пессимизм; тұрпайылылық; бақылдық; жабырқылық; тәуекел; жылдамдылық; пайым; жалқаулық; дербестілік; тәртіптілік; ренжеушілік; қорқақтық; қисындылық; пайымдылық; абайлық; мақтаныш; тітіркенушілік; қайтпас салақтық; талаптық; менмендік; даңғойлық; атаққұмарлық; өзін-өзі сүюшілік; өзге ________________

      33. Сотталған неге жол беруі мүмкін (керегінің астын сызу керек): былапыт сөйлеу; ұсқынсыз сыртқы көрінісі; тексеріске (жұмысқа) кешігу; өсек; жанжалдарда өзін-өзі ұстамаушылық (оларды аландату); ұсақ бұзақылық; тұрпайылылық, арсыздық; спирттік ішімдіктерді пайдалану; өтірік; физикалық күшін қолдану; өзге__________________

      34. Психогеометриялық фигура (керегінің астын сызу керек): дөңгелек; төртбұрыш; зигзаг; үшбұрыш; тікбұрыш.

      35. Жанжалды жағдайда мінез-құлқының стилі ______________

      36. Жанжалдар қандай жағдайда пайда болуы мүмкін (керегінің астын сызу керек): жаман көңіл-күй; ауыр жағдайы; стрестік жағдай; үйдегі жайсыздық (күйеуімен, әйелімен, баласымен, сүйіктісімен); оған жағымсыз қатынасы, өсек (қызғаныш, сатқындық); материалдық қиындықтар; бәрі зеріктірді (бәрі тітіркендіреді); жалпы күйгеліктік жағдай; басқа біреудің заттарын ұрлау; өзге ________________________

      37. Өзін жайлы сезінеді: жалғыздықта; адамдардың арасында;

      38. Мінез-құлқының мотивациясы, басым қажеттіліктері (керегінің астын сызу керек): физиологиялық қажеттіліктер; өзін-өзі сақтау қажеттіліктері; әлеуметтік топ құрамында болу қажеттіліктері; тұлғасын өзгелердің сыйлауына қажеттілік; өз ойын білдіруге қажеттілік; өзге____________________________

      39. Құндылықтар және бағдарлары: жеке бағалау: өзін-өзі жетілдіруге бағдарлау; басқа адамдарға көмектесу; белгілі бір іске; өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға

      __________________________________________________________________________

      әлеуметтік құндылықтар: қоғамда орнатылған моральдық нормаларға, салттарға, өнегеге бағдарлау; құқықтық тәртіпті сыйлау; нормалар мен құндылықтарды ескермеу; құндылықтарды өз пайдасына таңдау; құндылықтарды менсінбеу;

      _________________________________________________________________________

      материалдық құндылықтар: ақша, заттар, жеке меншік; маңызы жоқ; ______________

      идеялық құндылықтар: дүниеге көзқарасы; құдайға сенуі; басқа дінге және сенушілерге қатынасы;____________________________ қызығушылықтары: әуестігі және хоббиі; қызығушылықтарының кеңдігі; қызығушылықтары тұрақтылығының дәрежесі; ____________

      __________________________________________________________________________

      идеалдары: идеалдың болуы; адам, идея, адамның іс-әрекеті, әдеби қаһарманы;

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      40. Әлеуметтік бейімделу:

      әлеуметтік ортасы: таныстары және достарымен өзара қарым-қатынасы; айналасындағылардың оны мойындау дәрежесі;

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      әлеуметтік жағдайды қабылдауы: нақты жағдайға сүйенді; өз әлемінде өмір сүреді; істерінде қисынды-қисынсыз әрекеттері басым болады, жағдайға жылдам баяу бейімделеді;

      __________________________________________________________________________

      41. Ескертпе: __________________________

      Психолог (Мекеме; атағы; Т.А.Ә., (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      20___ жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің iшкi тәртіптеме
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Сотталғандардың күн тәртібі үлгiсі

      Ұйқыдан тұру - таңғы сағат 6-да. (жексенбі және мереке күндері ұйқыдан тұру бір сағатқа кеш жүзеге асырылады). Дене шынықтыру - 15 минутқа дейін. Дәретхана, төсек жинау - 20 минутқа дейін. Таңертеңгі және кешкі тексеру 40 минутқа дейін. Таңғы ас - 30 минутқа дейін. Жұмысқа тарату - 30 минутқа дейін. Жұмыс уақыты - еңбек заңнамасына сәйкес. Түскі ас - 90 минутқа дейін. Жұмыстан қайту, кешкі туалет - 30 минутқа дейін. Кешкі ас - 30 минутқа дейін. Жеке уақыты – кешкі уақытта күн тәртібінде белгіленген 2 сағаттан аспайтын уақыт. Тәрбие іс-шаралары - жеке кесте бойынша. Мәдени-бұқаралық жұмыс, мектептегі, КТУ-дағы оқу - жеке кесте бойынша. Ұйқыға дайындалу - 15 минутқа дейін. Ұйқы (үзіліссіз) - 8 сағат.

      Ескертпе:

      1. Күн тәртібі әр мекемеде жергілікті жағдайларға, күннің ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.

      2. Егер сотталғандар өндірісте бірнеше ауысыммен жұмыс істеген жағдайда, күн тәртібі әр ауысым үшін жасалады.

      3. Емдеу-профилактикалық мекемелерінде, карантин бөлімшесінде, жазаны өтеудің қатаң жағдайында, жалғыз адамдық камераларда, тәртіптік изоляторларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында, сондай-ақ камералық ұстау жағдайларында ұсталатын сотталғандардың күн тәртібі жеке белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің iшкi тәртіптеме
қағидаларына 8-қосымша

Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесі

      1) темекi бұйымдары, сіріңке, қолшамы және өзге де бейімделген құралдары жоқ оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);

      2) белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);

      3) бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;

      4) жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант), шыны ыдыста емес және спирттік негізде емес иіс су;

      5) үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, гигиеналық пакеттер, резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);

      6) жасақ бастықтарының есебінде, толық қауіпсіздік мекемесінде сақталатын бекет бақылаушысы есебінде сақталатын электр не механикалық ұстара, қауіпсіз ұстара (бір рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;

      7) етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;

      8) көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;

      9) алюминий немесе тамақ өнімдеріне арналған пластикалық негіздегі ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар, олар жасақтың тамақтану бөлмелерінде сақталады;

      10) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард, тоғыз құмалақ);

      11) оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;

      12) кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;

      13) соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;

      14) бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;

      15) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектерге арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);

      16) телефонныңSmаrt-карталары, банктіктөлемкарталары;

      17) жекезаттардысақтайтынбөлмелердесақталатынкиім-кешекқабынемесесөмке;

      18) мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;

      19) бала күтімінеарналғанзаттар (өздеріменбірге 3 жасқадейінгібалалары бар әйелдергедәрігердіңрұқсатымен);

      20) жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғишырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;

      21) бірадамға 0,5 литр есебіненөсімдік май жәнекемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май;

      22) өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер;

      23) өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқамайы, ірімшік;

      24) өнім атауының әрбір түрінен бірадамғакемінде 2 банка есебіненконсервіленгенботқа, етжәнеөсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;

      25) нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;

      26) тұздықтар, майонез, бал;

      27) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражат есебінен алынған (құрамында порнографиялық материалдар жоқ) газеттер мен журналдар.

      Ескертпе:

      1. Көрсетiлген тiзбе мекемелер жанындағы дүкендерден және электронды сауда алаңыдарынан қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;

      2. Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.

      3. Оларды сотталғандар өздерімен бірге тұратын үй-жайда (камерада) сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың санын жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге байланысты мекеме бастығы орнатады. Сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 40 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауытиіс.

      4. Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады.

      5. Жұмысқа орналасқан сотталғандарға мекеме бастығының рұқсатымен өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орнында міндетті түрде мүлік тізбесіне енгізілетін өзге де заттарды, құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

      6. Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптар сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күнтәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.

      7. Жалпы пайдаланудағы айналар монша үй-жайында және жасақтар мен камералардың жуынатын бөлмелерінде орнатылады (ТИ мен ЖАК-ден басқа).

      8. Көрсетілген тізбеде көзделген шектеулер қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарына қолданылмайды, бұл ретте сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімнің және қоймадағы тауарларды қоса алғанда, басқа да өнеркәсіп тауарларының жалпы салмағы 40 кг-нан аспауы тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің iшкi тәртіптеме
қағидаларына 20-қосымша
  Нысан

Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналы


р/с

Сотталғанның
Т.А.Ә. (ол болған кезде)

(түбіртек) /__/__/__/__/__/__/
күні /___/___/___/
Өтінішті алушының аты-жөні/фамилия, инициалы принявшего обращение
_____________________
20__ жылғы"___" _______

(жыртылмалы түбіртек) /__/__/__/__/__/__/
күні /___/___/___/
Өтінішті алушының аты-жөні/фамилия, инициалы принявшего обращение
_____________________
20___ жылғы"___" _____

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
6-қосымша

Күдіктiлер мен айыпталушылардың өздерінде болуға, сақтауға, сауқаттар, сәлемдемелер арқылы және қолма-қол төлемсіз сатып алуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киiмнің, киім-кешектің және басқа да өнеркәсіптiк тауарлардың тізбесі

      Күдіктілер менайыпталушылар өздерінде болуға, сақтауға болатын, сауқаттар, сәлемдемелермен және қолма-қол төлемсіз ала алатын заттар:

      1) жылытуды талап ететiн, сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ ашытқы, алкогольдік iшiмдiктерден және сырадан басқа тамақ өнімдері. Тамақ өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң ұйғарымы бойынша шектеледі. Күдiктiніңжәне айыпталушының өзiмен бiрге сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бiрiншi кезекте қажеттi заттардың, аяқкиiмнiң, киiм-кешектің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;

      2) темекi бұйымдары, сіріңке (темекі бұйымдары 2 кг, темекі немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс);

      3) белдiксiз, галстуксiз, тартпасыз киiмдердiң бiр жиынтығы (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ бас киiм, маусым бойынша аяқ киiм (супинаторсыз, темiр тағасыз);

      4) бiр жиынтық спорт костюмi немесе әйелдердiң үйге киетiн халаты (белгiленген үлгiдегi киiм алған күдіктілерденжәне айыпталушылардан басқа);

      5) iш киiмдер;

      6) шұлық;

      7) шұлықтар немесе колготкалар (әйелдерге арналған);

      8) қолғаптар немесе биялайлар;

      9) бет орамалы;

      10) бөлме аяқ киiмдері немесе спорттық аяқ киiмдер (бiр жұп);

      11) жуыну жабдықтары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе су сабын (тергеу изоляторы дәрiгерiнiң тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарауыш тарақ);

      12) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе бiр ретпайдаланылатын қауiпсiз ұстара;

      13) заттарға арналған қап немесе сөмке;

      14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;

      15) үшбұрышты орамал, рейтуз, белдік, бюстгальтерлер, дәке,шашқыстырғыш, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар (әйелдергеарналған);

      16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер арбалары, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалар және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);

      17) зауытта жасалған тұрмыстық электр қайнатқыш;

      18) жөке немесе ысқыш;

      19) шариктi автоқаламсап, оның стерженьдері, қарындаштар;

      20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерлерi, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;

      21) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алынған дәретхана қағазы;

      22) бірыңғай ақ түсті төсек жабдығының бір жиынтығы (екi жайма және жастық тысы), сүлгі;

      23) тергеу изоляторының кiтапханасынан не әкiмшiлiк арқылы сауда желілерінен сатып алынған көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi баспа басылымдары;

      24) фотокарточкалар екiден аспауы керек;

      25) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нард);

      26) бала күтуге арналған заттар (дәрiгердiң рұқсаты бойынша үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер);

      27) тергеу изоляторының дәрiгерi тағайындаған дәрi-дәрмектер.

      Күдіктілерге және айыпталушыларға жоғарыда аталғандардан басқа қылмыстық iске не олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысы бар құжаттарды және жазбаларды, сондай-ақ пошталық жөнелтім бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның түбiртектерiн, құндылықтарды, құжаттарды және басқа заттарды өзiмен бiрге ұстауға және сақтауға рұқсат етiледi. Осы Тiзбеде көзделмеген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады