"Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15592 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 16 тамыздағы № 238 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11790 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормалары;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормалары".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 28 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 10 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 24 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады