БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 21 шілдедегі № 103 (1919) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды пайдалану қағидасында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Вагондарды кірме жолға беру-алып кету және кірме жолдан қайтару хабарлама, кесте немесе шарттарда белгіленген уақыт интервалы бойынша жүргізіледі.";
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Ол арқылы вагондарды беру-алып кету жүзеге асырылатын уақыт интервалын есептеу негізгі өндірістің технологиясына, кірме жолдың және жанасу станциясының техникалық жарақтандырылуы мен жұмыс технологиясына байланысты болады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Вагондарды тиеу, түсіру (босату) орындарынан, қабылдау-тапсыру (шығарып қою) жолдарынан беру-алып кетуге арналған уақыт жанасу станциясы жұмысының технологиясы негізінде белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 шілде