"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15635 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;

      2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;

      5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;

      6) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;

      7) Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстары;

      9) Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      10) Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының интернет-ресурсы;

      11) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсы;

      12) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсы;

      13) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Д.Н. Бекманов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады