"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15710 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (қосымша түрінде);

      3) жоспарлы кезеңге арналған:

      облыстың (аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бөлінісінде), республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің түсімдері мен шығыстары болжамын қамтитын облыстың (аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бөлінісінде), республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлері болжамын (қосымша түрінде);

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестициялар тізбесін (қосымша түрінде) қамтитын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлері.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

      Бірінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының және облыстың (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округі әкімінің аппараты, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының қатысуымен бірінші кезеңде Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және осы Қағидаларға 3, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдері құрылымының, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесінің және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын және экономикалық саясатын іске асыру бойынша міндеттері мен негізгі шараларын, сондай-ақ облыстың (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жобасының бөлімдерін, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жоспарланатын кезең алдындағы жылдың қыркүйегінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының және облыстың (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округі әкімінің аппараты, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының қатысуымен екінші кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

      2) облыстың (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округі әкімінің аппараты, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес осы Қағидаларға 3, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының бөлімдеріне ұсыныстар және көрсеткіштері болжамын нақтылауды ұсынады;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпараттың негізінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының оң қорытындысын ескере отырып, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті қаражаты есебінен басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына енгізеді;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі мақұлдайды.";

      1-қосымшада:

      Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесінде:

      "Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы" 1-бөлімінде:

      реттік саны 23-жол алып тасталсын;

      4-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің нысандары мен тізбесінде:

      1-нысанда:

      Ақша-кредит саясатының көрсеткіштерінде:

      "

Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесі, %-бен кезеңнің соңына

ҰБ







                                                                              "

      жолы алып тасталсын;

      5-қосымшада:

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің нысандары мен тізбесінде:

      "Жоспарлы кезеңге арналған өңірдің бюджеттік параметрлері" 2-нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      ________________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 6 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 29 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 312 бұйрығына қосымша
  2-нысан

Жоспарлы кезеңге арналған өңірдің бюджеттік параметрлері

                                                                  мың теңге

Көрсеткіштер

1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жыл

Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы

Көрсеткіштерді бағалау

Көрсеткіштердің болжамы

Түсімдер – облыс бойынша барлығы





ЖӨӨ-ге қарағанда %





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Кірістер (трансферттерді есептемегенде) – облыс бойынша барлығы





ЖӨӨ-ге қарағанда %-бен





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Салықтық түсімдер – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Салықтық емес түсімдер – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Трансферттер түсімдері – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Субвенциялар – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Ағымдағы нысаналы трансферттер – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Нысаналы даму трансферттері – облыс бойынша барлығы





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Бюджеттік кредиттерді өтеу – облыс бойынша барлығы





Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер – облыс бойынша барлығы





Шығыстар – облыс бойынша барлығы





ЖӨӨ-ге қарағанда %





Өткен жылға қарағанда %





оның ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қала) бөлінісінде





олардың ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде





Тапшылық – облыс бойынша барлығы





ЖӨӨ-ге қарағанда %






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады