2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 430 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15717 болып тіркелді

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.И. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 430 бұйрығына
қосымша

2016-2017 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жоғары оқу орнының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

100

2

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

100

3

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

50

4

"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

60

5

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

60

6

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

80

7

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

90

8

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

60

9

"С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

80

10

"Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны      

50

11

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

70

12

"М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

65

13

"М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

125

14

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

50

15

"Казақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті" мекемесі

80

16

"Сырдария университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

17

"М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

18

"Рудный индустриялық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

30

19

"Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

60

20

"Атырау мұнай және газ университеті" акционерлік қоғамы

30

21

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

40

22

"Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" мекемесі

40


Барлығы

1400

Оның ішінде тілдік деңгейін арттыру үшін оқытуға

1

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

96

2

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

26

3

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

20

4

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

35

5

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

27

6

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

31

7

"Тараз мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

36

8

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

64

9

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

30

10

"Абылай хан атындағы Қазақ әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті" акционерлік қоғамы

40

11

"Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

45

Барлығы

450

Шетел азаматтары

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

6

2

"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

94


Барлығы

100

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

3

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

200


Барлығы

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады