Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының м.а. 2017 жылғы 17 тамыздағы № 64 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15727 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуіріндегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2023 № 28/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

      2) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының МУА
ұ.қ. генерал-лейтенанты
С. Әбіш

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының міндетін уақытша
атқарушысының
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 64 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әзірленген және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарын (бұдан әрі – ӘПО) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) жүйесінде ӘПО құзыретіне жататын мәселелер бойынша хабарландыру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері, ҰҚО жасырын құрамын қоспағанда, жасаған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар не болмаса олардың қатысуымен болған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ жедел кезекшілер ӘПО-ны хабарландыруды ҰҚО ӘПО-ға ауызша немесе жазбаша ақпарат беру арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.03.2020 № 19/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ жедел кезекшілер ӘПО-ны аумақтылық бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 191-бабына сәйкес ӘПО анықтау нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізетін ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған қылмыстар туралы;

      2) ҚПК 191-бабына сәйкес ӘПО хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізетін ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған қылмыстық теріс қылықтар туралы;

      3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК) 727-бабының 1-бөлігіне сәйкес ӘПО қарастыратын ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;

      4) ӘҚБтК 804-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес ӘПО лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыратын ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;

      5) ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жарақат алған фактілері туралы;

      6) ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қайтыс болған фактілері туралы;

      7) ҰҚО көлік құралдарын басқарған адамдар жасаған жол-көлік оқиғаларының фактілері туралы хабарландырады.

      4. ҰҚО әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері ӘПО-на ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жарақатпен шағымданған және дене жарақаттарымен емдеуге жатқызылған барлық жағдайлар бойынша дереу мәліметтер береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2023 № 28/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қызметкерлердің, әскери қызметшілердің және жұмыскерлердің іс-қимылдарында ӘПО құзыретіне жататын қылмыстық не болмаса әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін көрсететін заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ҰҚО ӘПО-ға қызметтік тексерістердің нәтижелерін жолдайды.

      6. Осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ӘПО-ны уақтылы хабарландыруды, сондай-ақ берілген мәліметтердің нақтылығын тиісті ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, жедел кезекшілер жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады