"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 64 қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 19/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 64 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері, ҰҚО жасырын құрамын қоспағанда, жасаған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар не болмаса олардың қатысуымен болған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ жедел кезекшілер ӘПО-ны хабарландыруды ҰҚО ӘПО-ға ауызша немесе жазбаша ақпарат беру арқылы жүзеге асырады."

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында оны орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады