"Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 279 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 496 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15746 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөліп беру кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) көлік қою орны – ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан автокөлікті уақытша және тұрақты сақтауға арналған орын;";

      24) тармақша алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объект мекенжайы:

      облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан;

      елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;

      бастапқы объектінің нөмірінен;

      кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.

      Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Бастапқы объектінің нөмірінің алдында бастапқы объектінің типі (үй, ғимарат, құрылым, құрылыс, гараж) көрсетіледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, желі) толықтырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналарға:

      өз бетімен тұрғызылған объектілерге;

      жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстарға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға, бақтарға, саябақтарға мекенжай берілмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Елді мекендегі бір елді мекеннің құрамдас бөлігіне бірнеше атау беруге және бір санаттағы елді мекеннің бірнеше елді мекеннің құрамдас бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.

      Екі бастапқы немесе кейінгі объектілерге бір (бірдей) реттік нөмір беруге жол берілмейді.

      Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне санатына байланысты (ішкі, жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған) кейінгі объект типі (пәтер, тұрғын емес үй-жай, көлік қою орны) беріледі.";

      50-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қате адрестеу деректерінің болуын анықтау немесе ретке келтіру және жою мақсатында елді мекен аумағындағы кезекші жоспарға және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға объектілерді түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты тіркейді және елді мекеннің кезекші жоспарына және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға енгізеді;";

      7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сәулет және қала құрылысы органының бұйрығымен осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір береді;

      8) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің:

      атауы жоқтардың;

      атаулары сәйкес келетіндердің;

      орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандардың;

      жеке бұйрықпен бекітілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінің алдын ала мекенжайлардың (жобалық нөмірлерінің) тізбесін қалыптастырады және оны елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын ала мекенжайларды (жобалық нөмірлерді) береді.";

      59, 60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында қалыптастырылады.

      60. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтерін сәулет және қала құрылысы органы елді мекеннің кезекші жоспарындағы деректерге сәйкес "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға апта сайын енгізеді.

      61. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін, мекенжайларды алуды, атауын өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың электрондық көшірмелерін сәулет және қала құрылысы органы бекітілген сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде елді мекеннің кезекші жоспарына және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға енгізеді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. МТК жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде "Мекенжай тіркелімі" АЖ қалыптастырады.

      МТК 16 символдан құрылады және жылжымайтын мүлік объектісі типінің кодын, жылжымайтын мүлік объектінің адресі жасалған жылды және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірін қамтиды.";

      Қағидалардың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
Қазақстан РеспубликасыныңИнвестициялар және дамуминистрі________________ Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _____________ А. Мырзахметов

      20___ жылғы 7 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      _____________ М. Бекетаев

      20___ жылғы 10 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      _____________ А. Мұхамедиұлы

      20___ жылғы 7 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 279 және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 496 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағындағы жылжымайтын
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына
1-қосымша

Елді мекендердің құрамдас бөліктері типтері атауларының тізбесі

      1. Көше

      2. Бульвар

      3. Аллея

      4. Алаң

      5. Даңғыл

      6. Желі

      7. Жол

      8. Жағалау

      9. Тұйық көше

      10. Өтпе жол

      11. Қыстау

      12. Орман шаруашылығы

      13. Әскери бөлiм

      14. Разъезд

      15. Станция

      16. Демалыс базасы

      17. Шағын аудан

      18. Орам

      19. Шекара бекеті

      20. Шоссе

      21. Даңғыл жол

      22. Саяжай кооперативі

      23. Гараж кооперативі

      24. Алап

      25. Гараж қоғамы

      26. Саяжай қоғамы

      27. Трасса

      28. Гараж алабы

      29. Бау-бақша (Бағбаншылық) қоғамы

      30. Тұрғын үй алабы

      31. Учаске

      32. Өнеркәсіптік аймақ

      33. Бөлімше

      34. Кірме жол

      35. Шаруа қожалығы

      36. Бағбаншылық ұжымы

      37. Гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      38. Тұтыну кооперативі

      39. Бағбаншылық серіктестігі

      40. Саяжай алабы

      41. Ферма

      42. Қоныс

      43. Аймақ

      44. Гараж тұтыну кооперативі

      45. Саяжай учаскелері меншік иелерiнің тұтыну кооперативі

      46. Кеден бекеті

      47. Орман шаруашылығы

      48. Кардон

      49. Жеке гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      50. Гараж-құрылыс кооперативі

      51. Бағбаншылардың, бағбаншылық серіктестіктерінің тұтыну кооперативі

      52. Заимка

      53. Алаңша

      54. Аумақ

      55. Қиық

      56. Саяжай кешені

      57. Есептік орам

      58. Гараж пайдаланушылар кооперативі

      59. Кадастрлық орам

      60. Бау-бақша тұтынушылар кооперативі

      61. Бау-бақша қоғамы

      62. Мүліктік кешені

      63. Сауықтыру кешені

      64. Кешен

      65. Балық питомнигі

      66. Демалыс орталығы

      67. Егіс алаңы

      68. Қарапайым бағбаншылық серіктестігі

      69. Тұтыну саяжай кооперативі

      70. "Бағбаншылық қоғамы" тұтыну кооперативі

      71. Демалыс үйі

      72. Тұрғын аудан

      73. Бау-бақша, саяжай учаскелер меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      74. Блок

      75. Әскери қалашық

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 279 және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 496 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағындағы жылжымайтын
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына
2-қосымша

Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі

      1. Тұрғын үй қоры

      2. Өндiрiстiк ғимараттар

      3. Ғылым, білім және тәрбие объектілері

      4. Денсаулық сақтау және демалыс объектілері

      5. Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар және басқармалар

      6. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері

      7. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері объектілері

      8. Сауда объектілері

      9. Қоғамдық тамақтандыру объектілері

      10. Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

      11. Коммуналдық қызмет көрсету объектілері

      12. Көлікке және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер

      13. Өнеркәсіптік және қоймалық объектілер

      14. Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары

      15. Уақытша тұруға жарамсыз объектілер

      16. Құрылыстар

      17. Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы объектілер

      18. Бағбаншылық учаскелер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады