Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12938 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 Бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7845 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілерінің жинағында 2012 жылы № 19 болып жарияланған (таралымның шығу күні 2012 жылғы 22 қазан) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
______________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      _______________ Б. Имашев

      20___ жылғы " " ______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      _______________А.Мұхамедиұлы

      2015 жылғы 29 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1262 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 783 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік
объектілерін адрестеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:

      1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөліп беру кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;

      2) атау – елді мекеннің құрамдас бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;

      3) әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы жүйесiнің құрамдас бөлігі (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс);

      4) гараж – автомобиль көлік құралын тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылыс;

      5) ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;

      6) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;

      7) елдi мекен – республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;

      8) елді мекендердің құрамдас бөліктері – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Елді мекендердің құрамдас бөліктері типтері атауларының тізбесінде көрсетілген көше, даңғыл, тұйық көше, бульвар, шағын аудан және өзге де құрамдас бөліктер;

      9) жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайлар – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған, сондай-ақ оның бөлігіне жапсарлас салынған үй-жайлар;

      10) жапсарлас салынған үй-жайлар – жеке кіру есігі бар, негізгі ғимараттың көлемінде орналастырылатын қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар;

      11) жол – көлiк құралдарының жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      12) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

      13) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі – әртүрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;

      14) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі – құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;

      15) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі – адрестеу) – жеке реттік нөмір бере отырып Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;

      16) кезекші жоспар – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жүзеге асуына мониторинг жүргізуге арналған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе басқа да құқықтағы жеке дербес объектілер ретінде бастапқы объектілердің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіретін ақпараттық деректері бар қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі картографиялық негіз;

      17) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген ғимараттар мен құрылыстар кешенін білдіретін бірыңғай кешенге кіретін ғимарат пен құрылыс;

      17-1) көлік қою орны – ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан автокөлікті уақытша және тұрақты сақтауға арналған орын;

      18) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      19) құрылыс – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      20) мансардттық қабат – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;

      21) мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);

      22) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Мекенжай тіркелімі" АЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      23) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;

      24) алып тасталды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      25) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл ретте нөмірде есімдіктер (мысалы "Я" әрпі), аліпбидегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;

      26) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;

      27) сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы органы) – сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласында реттеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      28) тіркеуші орган – мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары.

      29) тұрақты адрестеу – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;

      30) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғынжайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

      31) үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;

      32) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      3. Қазақстан Республикасы аумағындағы объектілерді адрестеу жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

      4. Объект мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

      5. Объект мекенжайы:

      облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан;

      елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;

      бастапқы объектінің нөмірінен;

      кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.

      Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Бастапқы объектінің нөмірінің алдында бастапқы объектінің типі (үй, ғимарат, құрылым, құрылыс, гараж) көрсетіледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, желі) толықтырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      6. Мекенжайдың деректемелері (жалпыдан жекеге) дедуктивтік тәсілмен жазудың белгілі бір жүйесі бойынша көрсетiледi.

2. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерін адрестеу тәртібі

      7. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.

      8. Алдын ала мекенжай:

      жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне;

      пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге;

      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге;

      бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат "Мекенжай" АЖ-да тіркелуге тиіс.

      9. Тұрақты мекенжай:

      барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылыстарға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады;

      гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға;

      Заңға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге;

      меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.

      10. Мыналарға:

      өз бетімен тұрғызылған объектілерге;

      жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстарға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға, бақтарға, саябақтарға мекенжай берілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      11. Мекенжайды қалыптастыратын негізгі белгілерге мыналар жатады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтитын әкімшілік-аумақтық бекіту;

      2) мыналарды қамтитын қала құрылысына бекіту:

      елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы;

      жылжымайтын мүлік объектісінің нөмері;

      мекенжайдың тіркеу коды.

      12. Елді мекеннен тыс автомобиль жолының жол бойы жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      ауылдық округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      автомобиль жолының атауын;

      автомобиль жолының басталуынан километрмен арақашықтықты және құрылыс/ғимарат нөмірін қамтиды.

      13. Қоныстарда (халқының саны 50 адамнан кем) орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      қоныс атауын;

      ғимарат/құрылыс атауын қамтиды.

      14. Қоныстарда көшелер болса, объектінің мекенжайында көше атауы да көрсетіледі.

      15. Шаруа қожалықтары, демалыс аймақтары (базалар), лагерьлер, фермалар және басқа қоныстарда орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      қоныс (демалыс аймағы (база), лагерь, ферма және т.с.с.) атауын;

      ғимарат/құрылыс нөмірін қамтиды.

      16. Өндірістік ғимараттар мекенжайы:

      облыс/республикалық маңызы бар қала атауын;

      аудан/республикалық маңызы бар қала ауданының атауын;

      округ атауын (бар болса);

      елді мекеннің атауын;

      елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауын қамтиды;

      ғимараттар мен құрылыстар нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлінген жағдайда қосымша элементтерді көрсете отырып, тиісті нөмір беріледі.

      17. Гараждың, саяжайдың (бақшалық учаскенің) мекенжайы:

      әкімшілік-аумақтық бірлік атауын;

      гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооператив (қоғам) атауын қамтиды, көшелерге (кварталдар, қатарлар) бөлінген жағдайда, көшенің (кварталдың) атауы, қатардың (бокстың) нөмірі бос орын арқылы көрсетіледі.

      18. Мекенжайды жазуда елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы толығымен айтылады.

      19. Елді мекендегі елді мекеннің құрамдас бөлігінің тізбесі электрондық және қағаз түрінде атаулары мемлекеттік және орыс тілдерінде, атаулар транскрипциясы мен құжат-негіздеме көрсетіле отырып жүргізіледі.

      20. Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Елді мекендегі бір елді мекеннің құрамдас бөлігіне бірнеше атау беруге және бір санаттағы елді мекеннің бірнеше елді мекеннің құрамдас бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.

      Екі бастапқы немесе кейінгі объектілерге бір (бірдей) реттік нөмір беруге жол берілмейді.

      Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.

      22. Елді мекеннің құрамдас бөліктері табиғи бөгеттермен (өзендер, аңғарлар) бөлінген жағдайда пайда болған учаскелерге жеке атау беруге рұқсат етіледі.

      23. Елді мекен шегінде елді мекеннің құрамдас бөліктері біріктірілген жағдайда елді мекеннің біріктірілген құрамдас бөліктеріне осы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің бірінің атауы беріледі.

      24. Объектінің реттік нөмірі объектілерді пайдалануға беру және/немесе қате мекенжайлық деректерді реттеу және жою мақсатында елді мекен аумағындағы объектілерге кешенді түгендеу жүргізу барысында беріледі.

      25. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай елді мекеннің құрамдас бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.

      26. Әртүрлі санаттағы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты елді мекеннің құрамдас бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.

      27. Тең санаттағы елді мекеннің құрамдас бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі бірдей қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, ғимарат созылып жатқан бойдағы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі.

      28. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беру елді мекеннің орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимаратта басты қасбеті бар және жалғасушы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойында едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі.

      29. Осы Қағидалардың 25-тармағын орындау мүмкін болмаған, елді мекен аумағында жаңа құрылыс жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни елді мекеннің құрамдас бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.

      30. Елді мекендердің құрамдас бөліктерін біріктірген немесе бөлген жағдайда, осы Қағидалардың 25, 26, 27, 54 және 56-тармақтарына сәйкес көрсетілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қайта нөмірлеу жүргізіледі.

      31. Жеке меншік, жерді пайдалану (жалға) құқығындағы немесе басқа мүліктік құқықтағы жеке немесе заңды тұлғаға тиісті жер учаскесіне бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектісін қосымша тұрғызған жағдайда, әрбір объектіге сол реттік нөмір беріледі, бірақ корпус немесе құрылыстың (шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке арналған жеке меншік үй жанындағы жер учаскесінде орналасқан құрылысты қоспағанда) қосымша нөмірі қосылады.

      32. Құрылыс салынған жер учаскесіндегі негізгі ғимарат айқындалады, оған қатысты осы аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу жүзеге асырылады.

      33. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет ансамблін құрушы немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда осы объектілердің реттік нөмірі негізгі ғимараттың нөмірінен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. "Корпус" белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағын функционалдық пайдалануды ескере отырып, ғимараттың функционалдық мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады.

      Бұл ретте, ғимаратты нөмірлеу негізгі ғимараттың орналасқан жерін ескере отырып, жер учаскесінің аумағына негізгі кіру жолынан бастап жүргізіледі.

      34. Егер объект орам ішінде орналасқан және объектінің ешбір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл ретте, негізгі реттік нөмір болып объектінің тиісті нөмірленуіне өте жақын объектінің реттік нөмірі жатады.

      35. Бөлшек белгісі арқылы жазылған цифр негізгі реттік нөмірі бар объектіден жойылу мөлшеріне сәйкес өседі. Бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін цифрлар немесе бас әріптер қосуға немесе бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне сызықша қосуға жол берілмейді.

      36. Жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне алдын ала мекенжай беріледі және олар мынадай деректемелерді қамтиды:

      әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы;

      жер учаскесінің реттік немесе жобалық нөмірі.

      37. Бірізді нөмірленген нөмірлері бар екі ғимараттың, құрылыстың аралығында орналасқан ғимараттарды нөмірлеу (объектілер қоюды), осы Қағидаларға сәйкес тиісті объектінің кіші нөміріне бөлшек белгісін қосу қолданыла отырып жүргізіледі.

      38. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алуға байланысты бұзу жүргізіліп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервке қойылады.

      39. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған объектілерге негізгі ғимарат нөміріне әріп қосу арқылы дербес реттік нөмір беріледі (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).

      40. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге реттік нөмір ғимараттың басты қасбетінен сағат тілі бойымен (төменнен жоғары) беріледі. Нөмірлеу 1-ден (бірден) басталып, әрі қарай рет бойынша, ғимараттың басты қасбетінен сол жақтағы (бірінші) кіреберістен басталуы тиіс. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге нөмірлеу жүргізу, жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін жасалады.

      41. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне санатына байланысты (ішкі, жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған) кейінгі объект типі (пәтер, тұрғын емес үй-жай, көлік қою орны) беріледі.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      42. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне кейінгі объектінің түрі көрсетіле отырып, үй-жайдың реттік нөмірі беріледі.

      43. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне ол орналасқан негізгі ғимарат нөміріне тіркелген жанастыра салынған үй-жай нөмірі беріледі. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне негізгі ғимараттан ерекшеленетін дербес реттік нөмір берілмейді.

      44. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерін біріктірген кезде біріктірген объектіге үлкен нөмір беріледі, мұнда кіші нөмір резервте қалады. Кейінгі объектілерді бөлген кезде резервтік нөмір болмаған жағдайда, бөлінген объектіге жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісінің бұрынғы нөмірі кіші әріптік жазбаны біріктіре отырып беріледі.

      45. Бір объектіге бірнеше мекенжай, оның ішінде елді мекеннің бірнеше бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге жол берілмейді.

      46. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орналасқан жағдайда шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.

      47. Соған қатысты объект нөмірленетін елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы елді мекен көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.

      48. Мекенжай бір объектінің әртүрлі бөліктері үшін ортақ болып табылады.

      49. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы толық жазылады.

      50. Сәулет және қала құрылысы органы:

      1) қате адрестеу деректерінің болуын анықтау немесе ретке келтіру және жою мақсатында елді мекен аумағындағы кезекші жоспарға және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға объектілерді түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;

      2) бұзылған ғимараттардың мекенжайларын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;

      3) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса алғанда, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын айқындайды;

      4) елді мекендер аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;

      5) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты тіркейді және елді мекеннің кезекші жоспарына және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға енгізеді;

      6) "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын қалыптастырады;

      7) сәулет және қала құрылысы органының бұйрығымен осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір береді;

      8) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің:

      атауы жоқтардың;

      атаулары сәйкес келетіндердің;

      орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандардың;

      жеке бұйрықпен бекітілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінің алдын ала мекенжайлардың (жобалық нөмірлерінің) тізбесін қалыптастырады және оны елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді;

      9) реттік нөмірді берген уақыттын бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тіркеуші органға, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады;

      10) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайды уақытында беруді, өзгертуді және жоюды қамтамасыз етеді;

      11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын ала мекенжайларды (жобалық нөмірлерді) береді.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      51. Алдын ала мекенжайдың атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы объектіге тұрақты мекенжай берілгенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір беру туралы жазбаша хабарламаны жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.

      52. Елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен елді мекеннің құрамдас бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.

      53. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесіне алдын ала мекенжай алу үшін сәулет және қала құрылысы органына жүгінеді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің алдын ала мекенжайы және МТК көрсетіледі.

      54. Елді мекеннің бір бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізуге бастама жасайды.

      55. Қате мекенжайлық мәліметтер (жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлері) болған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы жылжымайтын мүлік объектісіне МТК көрсете отырып, дұрыс реттік нөмір береді.

      56. Жылжымайтын мүлік объектілерінің атауын жою түгендеу (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің жоқ екені анықталған кезде, сондай-ақ елді мекеннің құрамдас бөлігіне бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін нақтылаған кезде сәулет және қала құрылысы органының жеке бұйрығымен жүзеге асырылады.

      57. Гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооперативтер (қоғамдар) құрамына кіретін гараждар мен саяжайлық (бақшалық) учаскелердің орналасқан жерін анықтауды өтініш берушілердің өтінімдері мен жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынған деректер бойынша сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.

      58. Объектілердің реттік нөмірі туралы ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын деректер құжаттарын толтыру кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірлерін ерікті түрде жазылмайды.

      59. Мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында қалыптастырылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      60. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтерін сәулет және қала құрылысы органы елді мекеннің кезекші жоспарындағы деректерге сәйкес "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға апта сайын енгізеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      61. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін, мекенжайларды алуды, атауын өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың электрондық көшірмелерін сәулет және қала құрылысы органы бекітілген сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде елді мекеннің кезекші жоспарына және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға енгізеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      62. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын "Мекенжай тіркелімі" АЖ тіркеу елді мекен аумағында объект мекенжайының бар екенін растау болып табылады. Мекенжай тіркелімін растайтын құжат жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау туралы анықтама болып табылады.

      63. МТК жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде "Мекенжай тіркелімі" АЖ қалыптастырады.

      МТК 16 символдан құрылады және жылжымайтын мүлік объектісі типінің кодын, жылжымайтын мүлік объектінің адресі жасалған жылды және "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірін қамтиды.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

  Қазақстан Республикасының
аумағындағы жылжымайтын
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына
1-қосымша

Елді мекендердің құрамдас бөліктері типтері атауларының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      1. Көше

      2. Бульвар

      3. Аллея

      4. Алаң

      5. Даңғыл

      6. Желі

      7. Жол

      8. Жағалау

      9. Тұйық көше

      10. Өтпе жол

      11. Қыстау

      12. Орман шаруашылығы

      13. Әскери бөлiм

      14. Разъезд

      15. Станция

      16. Демалыс базасы

      17. Шағын аудан

      18. Орам

      19. Шекара бекеті

      20. Шоссе

      21. Даңғыл жол

      22. Саяжай кооперативі

      23. Гараж кооперативі

      24. Алап

      25. Гараж қоғамы

      26. Саяжай қоғамы

      27. Трасса

      28. Гараж алабы

      29. Бау-бақша (Бағбаншылық) қоғамы

      30. Тұрғын үй алабы

      31. Учаске

      32. Өнеркәсіптік аймақ

      33. Бөлімше

      34. Кірме жол

      35. Шаруа қожалығы

      36. Бағбаншылық ұжымы

      37. Гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      38. Тұтыну кооперативі

      39. Бағбаншылық серіктестігі

      40. Саяжай алабы

      41. Ферма

      42. Қоныс

      43. Аймақ

      44. Гараж тұтыну кооперативі

      45. Саяжай учаскелері меншік иелерiнің тұтыну кооперативі

      46. Кеден бекеті

      47. Орман шаруашылығы

      48. Кардон

      49. Жеке гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      50. Гараж-құрылыс кооперативі

      51. Бағбаншылардың, бағбаншылық серіктестіктерінің тұтыну кооперативі

      52. Заимка

      53. Алаңша

      54. Аумақ

      55. Қиық

      56. Саяжай кешені

      57. Есептік орам

      58. Гараж пайдаланушылар кооперативі

      59. Кадастрлық орам

      60. Бау-бақша тұтынушылар кооперативі

      61. Бау-бақша қоғамы

      62. Мүліктік кешені

      63. Сауықтыру кешені

      64. Кешен

      65. Балық питомнигі

      66. Демалыс орталығы

      67. Егіс алаңы

      68. Қарапайым бағбаншылық серіктестігі

      69. Тұтыну саяжай кооперативі

      70. "Бағбаншылық қоғамы" тұтыну кооперативі

      71. Демалыс үйі

      72. Тұрғын аудан

      73. Бау-бақша, саяжай учаскелер меншік иелерінің тұтыну кооперативі

      74. Блок

      75. Әскери қалашық

  Қазақстан Республикасының
аумағындағы жылжымайтын
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына
2-қосымша

Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 04.08.2017 № 279 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      1. Тұрғын үй қоры

      2. Өндiрiстiк ғимараттар

      3. Ғылым, білім және тәрбие объектілері

      4. Денсаулық сақтау және демалыс объектілері

      5. Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар және басқармалар

      6. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері

      7. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері объектілері

      8. Сауда объектілері

      9. Қоғамдық тамақтандыру объектілері

      10. Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

      11. Коммуналдық қызмет көрсету объектілері

      12. Көлікке және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер

      13. Өнеркәсіптік және қоймалық объектілер

      14. Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары

      15. Уақытша тұруға жарамсыз объектілер

      16. Құрылыстар

      17. Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы объектілер

      18. Бағбаншылық учаскелер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады