"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15798 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 26.03.2018 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 81 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14964 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көтермелеу балдары Министрліктің және оның ведомстволарының "Б" корпусы қызметшілеріне ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және (немесе) ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады. Оның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+3"-тен "+5" балға дейін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің екі немесе одан да көп тапсырмаларын орындаған жағдайда, көтермелеу балы 3-ке көбейтіледі, бұл ретте көрсетілген құжаттардың орындалу сапасы мен уақтылығы ескеріледі;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+2"-ден "+4" балға дейін.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі және одан да көп тапсырмаларын орындаған жағдайда, көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі, бұл ретте көрсетілген құжаттардың орындалу сапасы мен уақтылығы ескеріледі;

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, кемінде 3 жұмыс күні мерзімі бар әрбір орындалған құжат үшін көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құзыретіне кірмейтін Үкімет мүшелерінің дауыс беруге жолдаған құжаттар бойынша көтермелеу балы қойылмайды.

      Аталған тармақша бойынша жалпы көтермелеу балы "+30" балдан аса алмайды;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарына жауап дайындауды уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+1"-ден "+3" балға дейін.

      Аталған тармақша бойынша жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды;

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларындағы жинақтаушы мемлекеттік органға құжаттарды дайындауда елеулі үлес әрі жүйелі ұсыныстарды уақытылы қосқан, негізгі орындаушымен келісім бойынша бірлесіп орындаушыларға, оның ішінде Министрлік ішінде бірлесіп орындаушыға "+1" балл қойылады.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларындағы құжаттарды дайындауда елеулі үлес әрі жүйелі ұсыныстарды уақтылы қосқан, оның ішінде Министрлік ішінде бірлесіп орындаушыға "+1" - ден "+3" балға дейін қойылады. Бұл ретте, ескертулер мен ұсыныстар жоқ деп жазылған құжаттарға көтермелеу балдары қойылмайды.

      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардың қарастырылған өтініштер санына байланысты қойылады:

      5-тен 10-ды қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      11-ден 15-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      21-ден 40-ты қоса алғанға дейін – "+5" балл.

      Есептік кезеңде 41 және одан жоғары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырған жағдайда, көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі;

      5) Министрдің блогына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде қарастырылған өтініштер санына байланысты қойылады:

      3-тен 5-ті қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      6-дан 7-ні қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      8-ден 10-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      11-ден 30-ды қоса алғанға дейін – "+5" балл.

      Есептік кезеңде Министрдің блогына келіп түскен 31 және одан жоғары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырған жағдайда, көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі;

      6) мемлекеттік органдар келісуге жолдаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде қарастырылған нормативтік құқықтық актілер жобаларының санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+5" балл;

      21 және одан жоғары нормативтік құқықтық актілерді уақтылы және сапалы қарастырған кезде аталған критерий бойынша ең жоғарғы көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі. Егер, аталған тармақ бойынша Заң департаментінің қызметкерлері бірлесіп орындаушы болса, оларға көтермелеу балының жартысы қойылады;

      7) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды есептемегенде, бақылаудағы кіріс хат-хабарларды уақтылы және сапалы орындағаны үшін. Балл есептік кезеңде орындалған кіріс құжаттар санына байланысты қойылады:

      10-нан 40-ты қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      41-ден 50-ді қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      51-ден 60-ты қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      61-ден 70-ті қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      71 және одан жоғары – "+5" балл.

      Кемінде 3 күн орындалу мерзімі бар әрбір құжатқа олардың санына қарамастан Министрліктің және оның ведомстволарының "Б" корпусы қызметшілеріне қосымша "+2" көтермелеу балы қойылады;

      8) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тапсырмаларында көзделмеген құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені үшін әрбір құжатқа көтермелеу "+2" балы қойылады. Аталған критерий бойынша жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды;

      9) әзірлеу күрделілігі, еңбек шығыны және мазмұнының жаңалығы сияқты белгілері бар, Министрліктің салаларын немесе қызметтерін дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен қайтарусыз сапалы дайындаған кезде нормативтік құқықтық акті жобасының негізгі орындаушысына әрбір құжат үшін "+3"-тен "+5"-ке дейін, ал құжатты бірлесіп орындаған Заң департаментінің қызметкеріне әрбір құжат үшін "+1"-ден "+3"-ке дейін көтермелеу балдары қойылады. Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден қайтарусыз орындаған әрбір құжат үшін негізгі орындаушыға және құжатты бірлесіп орындаған Заң департаментінің қызметкеріне әрбір құжат үшін "+1"-ден "+3"-ке дейін көтермелеу балдары қойылады. Аталған критерий бойынша жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды. Аталған көрсеткіш бойынша көтермелеу балдары құжаттарды көрсетілген мемлекеттік органдарға бірінші рет ұсынған жағдайда ғана есептеледі;

      10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмаларына жауап жобаларының, нормативтік құқықтық актілер, ұйымдық-өкімдік құжаттар және Министрліктің қызметінде құрылатын басқа да құжаттар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын сапалы тексергені үшін. Балл есептік кезеңде редакцияланған құжаттардың баспа парақтар санына байланысты қойылады:

      1000-нан – 1300-ді қоса алғанға дейін баспа парақ - "+2" балл;

      1301-ден – 1600-ді қоса алғанға дейін баспа парақ - "+3" балл;

      1601-ден – 2000-ды қоса алғанға дейін баспа парақ - "+5" балл;

      Парақ саны 2001 және одан жоғары болған жағдайда, аталған критерий бойынша ең жоғарғы көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі;

      11) Министрмен немесе оның міндеттерін атқарушы адаммен, жауапты хатшымен және вице-министрлермен бекітілген хаттамалық тапсырмаларды және іс-шаралар жоспарларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін. Балл есептік кезеңде орындалған тапсырмалар санына байланысты қойылады:

      10-нан 20-ны қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      21-ден 30-ды қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      31-ден 40-ты қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      41-ден 50-ді қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      51 және одан жоғары – "+5" балл;

      12) конкурстық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде әрбір лотқа бөлек ұсынылған өтінімдер санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ті қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      21-ден 25-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      26-дан 30-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      31 және одан жоғары – "+5" балл;

      13) техникалық ерекшеліктерді уақтылы және сапалы әзірлегені және қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде құжаттар санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ті қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      21-ден 25-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      26-дан 30-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      31-ден 50-ді қоса алғанға дейін – "+5" балл.

      10 жұмыс күні ішінде 51 және одан жоғары күрделі техникалық ерекшеліктерді келіскен кезде көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі;

      14) мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде орындалған жұмыс актілерін, сараптамаларды уақтылы және сапалы тексергені үшін. Балл есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде орындалған жұмыс актілерінің және сараптамалардың санына байланысты қойылады:

      5-тен 10-ды қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      11-ден 15-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      21 және одан жоғары – "+5" балл;

      15) заңнамалық актілердің талаптарын іске асыру шеңберінде салалық қорытындыларды уақтылы және сапалы бергені үшін. Балл есептік кезеңде заңнамалық актілердің талаптарын іске асыру шеңберінде берілген салалық қорытындылардың санына байланысты қойылады:

      5-тен 10-ды қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      11-ден 15-ті қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      16-дан 20-ны қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      21-ден 25-ті қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      26 және одан жоғары – "+5" балл;

      16) аудит қорытындысы бойынша бұзушылық тізілімінде көрсетілген сома көлемін аудитпен қамтылғанның пайыздық қатынастағы бұзушылықтар сомасын анықтағаны үшін. Балл есептік кезеңде аудитпен қамтылған бұзушылық тізілімінде көрсетілген сома көлеміне байланысты қойылады:

      10%-дан - 14%-ды қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      15 %-дан - 30 %-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      31% және одан жоғары – "+5" балл;

      17) ішкі аудит барысында республикалық бюджетке немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджетіне өтеуге жататын соманы өтеуді қамтамасыз еткені үшін. Балл есептік кезеңде өтелген соманың пайызына байланысты қойылады:

      10%-дан - 14%-ды қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      15%-дан - 30%-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      31% және одан жоғары – "+5" балл.

      Бұл ретте ішкі аудит барысында өтеу сомасы кемінде 1 миллион теңге болған жағдайда, көтермелеу балы қойылады.

      18) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 278 бұйрығымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ашық деректер тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14608 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес "Ашық ақпарат" интранет-порталында, Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпаратты уақтылы және толық ұсынғаны үшін "+2" балл қойылады;

      19) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығымен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12803 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қалыптастыру мерзімі өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде шоғырландырылған қаржы есептілігін; бюджет есептілігін; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органынан алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты; өткен қаржы жылына бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын "Ашық бюджеттер" интернет-порталында орналастыру үшін ақпаратты уақтылы және толық ұсынғаны үшін "+2" балл қойылады;

      20) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 214 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14463 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары) сәйкес нысаналы индикаторларға жету бөлігінде стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептерді "Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау" интернет-порталында орналастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсынғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік органның қызметін жария талқылау өткізгені үшін "+2" балл қойылады;

      21) байланыс (радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, рұқсатты қайта рәсімдеу немесе беруден дәлелді бас тарту, байланыс саласында қызмет көрсетуге лицензия беру және нөмірлеу ресурсын бөлу және де қайтарып алу) және БАҚ (мерзімді баспасөз басылымдарын, отандық және шетелдік, теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқаларын беру немесе дәлелді бас тарту) саласындағы мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсеткені үшін. Балл есептік кезеңде байланыс (рұқсаттар, бас тарту туралы хаттар, лицензиялар және нөмірлеу бұйрықтары) БАҚ (мерзімді баспасөз басылымдарын, отандық және шетелдік, теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқаларын беру немесе дәлелді бас тарту) саласында көрсетілген қызметтердің санына байланысты қойылады:

      170-тен 180-ді қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      181-ден 200-ді қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      201-ден 250-ді қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      251-ден 300-ді қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      301 және одан жоғары – "+5" балл;

      22) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығымен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) талаптарына сәйкес электрондық құжат нысанында архитектура порталы арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын уақтылы ұсынғаны үшін "+3" балл қойылады;

      23) Министрліктің пайдасына соттың оң шешімін шығарғаны үшін. Балл есептік кезеңде соттың шығарған оң шешімдері санына байланысты қойылады:

      1-ден 5 шешімді қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      6-дан 10-ды қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      11 және одан жоғары – "+5" балл;

      24) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізгені үшін "+3" балл қойылады;

      25) уәкілетті жұмыс тобы мүшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасағаны үшін "+3" балл қойылады;

      26) телерадио хабарларын тарату саласындағы республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінде, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы республикалық және өңірлік баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда заңнама бұзушылықтарын уақтылы және сапалы жойғаны үшін. Балл есептік кезеңде жойылған бұзушылықтардың санына байланысты қойылады.

      100-ден 110-ды қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      111-ден 120-ны қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      121-ден 130-ды қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      131-ден 140-ты қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      141 және одан жоғары – "+5" балл;

      27) Қазақстан Республикасының халықаралық келіссөздерге қатысу кезінде Министрліктің атынан қазақстандық ұстанымын келісудің әрбір фактісі үшін "+2" балл қойылады.

      Аталған критерий бойынша жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды;

      28) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының қатысуымен мемлекеттік органдар басшыларын, азаматтық қоғам өкілдерін, Парламент депутаттарын, шетел делегаттарын, бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, ірі іс-шараларды ұйымдастырып, сәтті өткізгені үшін, сондай-ақ Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы арнайы ақпараттық жобалар үшін – "+1"-ден "+5" балға дейін. Көтермелеу балы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге тікелей жұмылдырылған қызметшісіне қойылады; Аталған критерий бойынша жалпы көтермелеу балы "+15" балдан аса алмайды.

      Бағалау кезінде іс-шараны ұйымдастыру сапасы, оның ішінде материалдардың сапасы және дайындау уақтылығы, іс-шараға қатысушылар тарапынан ескертулердің болмауы, іс-шараларда қабылданған шешімдердің өзектілігі және Министрліктің салаларын немесе қызметтерін дамыту үшін нәтижелердің тиімділігі ескеріледі.

      29) Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және басшылық мақұлдаған қызметін жетілдіруге бағытталған талдамалық жазбаларды енгізгені үшін. Есептік кезеңде Министр талдамалық жазбаның ұсынымдарын мақұлдаған кезде, жауапты хатшы не жетекшілік ететін вице-министр:

      1-ден 3 жазбаны қоса алғанға дейін - "+3" балл;

      4 және одан жоғары - "+5" балл қояды;

      30) "Ашық үкімет" жобасы шеңберінде интернет конференцияларды өткізгені, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен комиссияның отырыстарын өткізгені үшін. Балл есептік кезеңде өткізілген интернет конференциялардың, комиссия отырыстарының санына байланысты қойылады:

      3-тен 5-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      6-дан 8-ді қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      9 және одан жоғары – "+5" балл қойылады;

      31) директорлар кеңесінің немесе бақылаушы кеңестердің күндізгі және сырттай отырысында шығарылған мәселелерді қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде қарастырылған мәселелердің санына байланысты қойылады;

      2-ден 5-ті қоса алғанға дейін – "+1" балл;

      6-дан 9-ды қоса алғанға дейін – "+2" балл;

      10-нан 13-ті қоса алғанға дейін – "+3" балл;

      14-тен 17-ні қоса алғанға дейін – "+4" балл;

      18 және одан жоғары - "+5" балл қойылады.

      Уақтылы және сапалы қорытынды берген бірлесіп орындаушыларға құжаттардың санына қарай қаралатын мәселелердің саны мен күрделілігіне байланысты "+1"-ден – "+3"-ке дейінгі балл қойылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Министрліктің және оның ведомстволарының "Б" корпусы қызметшілерінің орындау тәртібін бұзуға келесілер жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларын орындамау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең;

      Аталған фактілер екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 20-ға көбейтіледі;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмаларын орындамау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең. Айыппұл балы аталған критерий бойынша кемінде үш жұмыс күн (қоса алғанда) орындау мерзімі бар құжаттарға қойылмайды;

      Аталған бұзушылық фактілері екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасарларының тапсырмаларын орындамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарына жауаптарын қайтармау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең. Айыппұл балы аталған критерий бойынша кемінде үш жұмыс күн (қоса алғанда) орындау мерзімі бар құжаттарға қойылмайды;

      4) осы тармақтың 1-3) тармақшаларында көрсетілген тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын Министрліктің құрылымдық бөлімшесіне ақпарат енгізбеу, орындау мерзімдерін бұзу не сапасыз ақпарат енгізу фактілері;

      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің блогына келіп түскен өтініштерді қарастыру мерзімдерін бұзу фактілері;

      Аталған бұзушылық фактілері екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 20-ға көбейтіледі;

      6) мемлекеттік органдар келісуге жолдаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің регламентімен көзделген мерзімдерін бұзу фактілері;

      7) осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларына жатпайтын кіріс хат-хабарларды орындау мерзімдерін бұзу фактілері;

      8) Министрліктің ішінде бірлесіп орындаушымен негізгі орындаушыға электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі/мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы негізгі орындаушының орындау тәртібін бұзуына әкелетін ақпаратты уақтылы енгізбеу және/немесе сапасыз енгізу фактілері. Негізгі орындаушыға айыппұл балы қойылмайды;

      9) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне нормативтік құқықтық актілер жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге енгізу мерзімдерінің бұзылу фактілері;

      10) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен нормативтік құқықтық акті заңнама талаптарына сәйкес ескертулермен мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда, айыппұл балы негізгі орындаушыға қойылады, ал Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкес келмеуіне қатысты заңдық ескертулері болған жағдайда, айыппұл балы нормативтік құқықтық акті жобасын келіскен Заң департаментінің қызметкерлеріне қойылады;

      Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден екі және одан да көп рет бас тартқан жағдайда, айыппұл балы 2-ге көбейтіледі;

      11) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен нормативтік құқықтық акті заңнама талаптарына сәйкес ескертулермен қайтарылған жағдайда, айыппұл балы негізгі орындаушыға қойылады, ал Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкес келмеуіне қатысты заңдық ескертулер болған жағдайда, айыппұл балы Заң департаментінің қызметкерлеріне қойылады.

      Премьер-Министрдің Кеңсесінен нормативтік құқықтық акті екі және одан да көп кері қайтарылған жағдайда, айыппұл балы 3-ке көбейтіледі;

      12) жоғарғы тұрған мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер жобалары мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы мәніне және қазақ тілінің грамматикалық ережелеріне сәйкестігіне мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметшісінің ескертулер алу фактілері;

      13) жауапты орындаушының 3 және одан да көп бақылау құжаттарының орындалу карточкаларын уақтылы және сапасыз жабу фактілері болған жағдайда, әрбір факті бойынша "-2" айыппұл балы қойылады;

      14) министрмен немесе оның міндеттерін атқарушы адаммен, жауапты хатшымен және вице-министрмен бекітілген хаттамалық тапсырмаларды және іс-шаралар жоспарларын уақтылы және/немесе сапалы орындамау фактілері;

      15) құрылымдық бөлімшеге бөлінген жалпы қаражатты субъективті себептер бойынша бюджет құралдарын уақтылы игермеу:

      2 %-ға дейін – "-2" балл;

      2,1% - 5% – айыппұл балы 2-ге көбейтіледі;

      5,1% - 10% – айыппұл балы 3-ке көбейтіледі;

      10%-дан жоғары – айыппұл балы 10-ға көбейтіледі;

      16) субъективті себептер бойынша ерекшеліктер арасында сомаларды ауыстыру, ағымдағы айдан алдағы айға ерекшелік сомасын ауыстыру немесе бағдарлама/кіші бағдарлама шеңберінде басқа іс-шараларға бюджет құралдарын қайта бөлу бөлігінде қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілері.

      Аталған тармақ бойынша екі және одан да көп бұзушылық фактілері болған жағдайда, айыппұл балы 2,5-ке көбейтіледі;

      17) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ішкі актімен белгіленген рәсімдер мен мерзімді бұзу фактілері.

      Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      18) заңнамамен белгіленген мемлекеттік сатып алу веб-порталында дауыс беру, мемлекеттік сатып алу туралы хаттамаға қол қою мерзімдерін бұзу фактілері. Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      19) заңнама актілерінің талаптарын іске асыру шеңберінде салалық қорытындылар берудің мерзімдерін бұзу фактілері. Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      20) есептік кезеңде бақылаушы не жоғары тұрған органдармен тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған және Министрлік қабылдаған бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылу фактілері;

      21) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінен және оның аумақтық бөлімшелерінен төлем шоттары және заңнамада белгіленген тәртіппен бұзылып ресімделген басқа да қаржы құжаттарын қайтару фактілері. Айыппұл балы осы құжаттарды ресімдеуге жауапты қызметкерлерге қойылады;

      22) заңнама талаптарына сәйкес құпиялылық режимін бұзу фактілері (рұқсатсыз шетелге шығу, рұқсатты ресімдеуге құжаттарды уақтылы тапсырмау, Министрлікте шетел азаматтарын қабылдау бойынша ішкі тәртіпті сақтамау, жұмыс компьютерлерінде құпия файл құжаттармен жұмыс істеу және сақтау және тағы басқа). Аталған тармақ бойынша екі және одан көп бұзушылықтар болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      23) есептік кезеңде Министрлікке берілген және талап қоюшы пайдасына сотпен қанағаттандырылған, не Министрліктің пайдасына Министрлікпен берілген және сотпен қанағаттандырылмаған талаптардың болуы;

      24) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін уақтылы немесе сапалы өткізілмеуі;

      25) тікелей қызмет көрсеткен жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында және регламенттерінде көзделген мерзімдерін бұзу фактілері;

      26) Министрліктің ресми интернет-ресурсын толықтыру үшін ақпараттық материалдарды уақтылы ұсынбау, не сапасыз ұсыну фактілері;

      27) тікелей басшысының тапсырмаларын уақтылы және (немесе) сапалы орындамау фактілері;

      28) Тізбеге сәйкес "Ашық деректер" интернет-порталында, Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпаратты уақтылы және толық ұсынбау фактілері;

      29) Қағидаларға сәйкес шоғырландырылған қаржы есептілігі, бюджет есептілігі туралы ақпаратты, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты, өткен қаржы жылына бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын "Ашық бюджеттер" интернет-порталында орналастыру үшін уақтылы және толық ұсынбау фактілері;

      30) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларына сәйкес нысаналы индикаторларға жету бөлігінде стратегиялық жоспарларды іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік органның қызметін жария талқылау өткізу туралы есептерді "Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалау" интернет-порталында орналастыру үшін уақтылы және толық ұсынбау фактілері;

      31) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу үшін ақпарат ұсынбау;

      32) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау үшін ақпарат ұсынбау;

      33) байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетпеу (радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, рұқсатты қайта рәсімдеу немесе беруден дәлелді бас тарту, байланыс саласында қызмет көрсетуге лицензия беру және нөмірлеу ресурсын бөлу және де қайтарып алу);

      34) Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес электрондық құжат нысанында архитектура порталы арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстарды уақтылы ұсынбау фактілері;

      35) телерадио хабарларын тарату саласындағы республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінде; бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы республикалық және өңірлік баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында; сондай-ақ интернет-ресурстарда заңнама бұзушылықтарын уақтылы және сапалы жоймау фактілері;

      36) Қазақстандық ұстанымды келіспегені және өзаратиімді шешімдерге қол жеткізбегені Қазақстан Республикасының халықаралық келіссөздерде Министрліктің атынан қатыспауына тең.

      37) шетел іссапарлары бойынша есептілікті уақтылы және сапалы ұсынбау фактілері;

      38) Директорлар кеңесінің немесе бақылаушы кеңесінің күндізгі немесе сырттай отырыстарына дейін 2 күннен бұрын қорытындыны ұсыну. Көрсетілген фактілері үш және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 2-ге көбейтіледі;

      39) Құрылымдық бөлімшелердің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсандық негізінде жылдық соманы өзгертпей, тікелей көрсеткіштердің сандық мәнін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізу;

      40) тоқсандық негізде бюджеттік бағдарламаларды сапасыз жоспарлау, оның ішінде:

      І тоқсанда – бюджетке 1-ші нақтылауда қайтарылуға жататын пайдаланылмаған бюджет құралдарының сомасы;

      ІІ тоқсанда – бюджеттік өтінімдерді ұсыну сапасы (толықтылығы, анықтығы, ұсыну мерзімдері);

      ІІІ тоқсанда – бюджетке 2-ші нақтылауда қайтарылуға жататын пайдаланылмаған бюджет құралдарының сомасы;

      ІV тоқсанда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қолдаған сомаға бюджеттік өтінімдерді ұсыну сапасы (толықтылығы, анықтығы, ұсыну мерзімдері).

      21-тармақтың 1) - 40) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар бойынша жауапты орындаушы болмаған жағдайда, айыппұл балдары құрылымдық бөлімше басшысына қойылады.

      Осы тармақтың 4), 6) - 9), 13), 14), 24 - 30), 33) - 35), 37) тармақшаларында көрсетілген тапсырмалардың орындалу мерзімі 5-тен 10 күнге дейін бұзылған жағдайда, айыппұл балы 2-ге көбейтіледі.

      Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналым қызметінің, жауапты құрылымдық бөлімшелерінің және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен расталған мәліметі саналады.

      "Б" корпусының қызметшісінде тәртіптік жазасы бар болған жағдайда, есептік кезеңде тәртіптік жазаның мерзімі ішінде әрбір ай үшін қорытынды бағаның жалпы балынан 16% шегеріледі.

      Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық органдарының (бұдан әрі – аумақтық органдары) қызметшісінің орындау тәртібі бойынша көтермелеу және айыппұл балдары Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қойылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті (А.Ә. Рахымбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады