Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 1167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 қазанда № 35266 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15808 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізгеннен кейін Басқарма осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 жыл мерзімге Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қайта тіркеледі.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) реконструкциялау, қайта жоспарлау және (немесе) қайта жабдықтау нәтижесінде оның техникалық сипаттамасын өзгерту әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу рәсіміне ұқсас Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761 қбпү бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘӘЖН) сәйкес бес жылдық мерзімге қарамастан, оны тіркеу үшін негіз болып табылады.

      4. Мемлекеттік авиацияның әуеайлағын (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің және әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық бөлім командирінің (әуеайлақ авиациялық аға бастығының) өтінішхаты негіз болып табылады.

      Өтінішхат әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдалануға қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

      Басқарма өтінішхат түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және авиациялық бөлім командиріне (әуеайлақтың авиациялық аға бастығына) Куәлік береді немесе әуеайлақ ӘӘЖН талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тіркеуден бас тартады.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеуден бас тартылған жағдайда бөлім командирі 10 жұмыс күні ішінде ӘӘЖН талаптарына сәйкессіздікті жояды және осы Қағидаларға 4-тармақтың талабына сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу туралы өтінішхатты қайта жібереді.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15791 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын (бұдан әрі – әуеайлақ), ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалануын нақтылайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әуе кеңістігін және бірлесіп орналасу әуеайлағын пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік авиацияны басқару органының ұшуды орындауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әуе кемелерінің бірлесіп пайдалану әуеайлағына ұшып келуі мен (немесе) ұшып шығуы Қағидада белгіленген 6-қосымшаның нысаны бойынша ұшу кестесі мен (немесе) жоспары негізінде орындалады.

      Бірлесіп пайдалану әуеайлағындағы мемлекеттік авиация әуе кемелерінің әуеайлақтық ұшуы мен ұшып өтуі кестесін (жоспарын) мемлекеттік авиацияны басқару органы алдын ала кемінде бір тәулік бұрын келіседі және диспетчерлік қызмет арқылы лауазымды адамдарға жеткізіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бірлесіп пайдалану әуеайлағының ангарын, қоймасын, тұрақтағы әуе кемесін және басқа да объектісін күзету әуеайлақты пайдаланушы тәуліктік нарядының (қарауылының) күшімен жүзеге асырылады.

      Жеке жүктің (қарудың, құпия бұйымның) сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік авиацияны басқару органының алдын ала келісімі бойынша әуе кемесін пайдаланушыдан әуе кемесін күзетуге наряд (қарауыл) тағайындалады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшыларына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 11 қазандағы
№ 1167 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы №____ куәлік

      1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы _________________________

      2. Орналасқан жері ______________________________________________

      3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) иесі ______________________________

      4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) сыныбы __________________________

      5. Негізгі ұшу-қону жолағының (топырақты ұшу-қону жолағының) көлемі және

      жабын типі _______________________________________________

      6. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қону жүйесімен жабдықталған ______

      ____________________________________________________________________

      (радиотехникалық жабдық типтері)__________________________________

      7. _____________________әуеайлағы (тікұшақ айлағы) Тізілімде №___ болып

      тіркелгені және әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етілгені

      куәландырылады_____________________ (әуе кемесінің типі, рұқсат етілген ұшу

      салмағы, жыл мен тәулік мезгілі көрсетілсін)

      8. Әуеайлаққа (тікұшақ айлағына)_________________метеоминимумы бойынша әуе

      кемесін қабылдауға рұқсат етілді, қону

      санаты______________________________________________________________

      9. Мемлекеттік тіркеу және Куәлік беру үшін

      негіз____________________________________________________________

      М.О.

      Қазақстан Республикасы Қарулы

      Күштері Әуе қорғанысы

      күштерінің бас қолбасшысы

      ____________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), қолы

      20__жылғы "__"__________

      Пайдалану кезеңінде болған өзгерістер ______________________________

      ____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 11 қазандағы
№ 1167 Бұйрыққа
2-қосымша
  Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Әуе
қорғанысы күштерінің
  бас қолбасшысына

Өтінішхат

      Сізден ___________ әуеайлағын (әуеайлақ атауы) ________________

      байланысты (тіркеу себебі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының

      әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) тізілімінде тіркеуді сұраймын.

      Өтінішхатқа әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің, әуеайлаққа

      (тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса

      беремін.

      ________________ әскери бөлімінің командирі

      ______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады