Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 02.05.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2021 № ҚР ДСМ-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 707 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.05.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Фармация комитетінің (бұдан әрі – Комитеттер) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусынының қызметшілері) жұмысын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – бағаланатын қызметші оның тікелей бағынысында болатын тұлға;
2) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оның тікелей бағынысындағы тұлға;
3) түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – Министрліктің стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына "А" корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес белгіленетін не "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестегі жұмыстарды қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшісінің олардың қызметінің тиімділігіне қол жеткізілгенін дәлелдейтін көрсеткіштер;
4) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне ТНИ көзделетін және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын және жоғары тұрған басшы бекіткен құжат;
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті білімнің, білігі мен дағдылардың жиынтығы;
6) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық сипаттамасы және құзыреттер деңгейі көрінісі.
3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4 "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейінгі мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарды немесе тағылымдамада болғанда не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамын уәкілетті тұлға айқындайды, комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрады.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) ТНИ жетістіктерін бағалау;
2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
7. ТНИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2-тарау. ТНИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің ТНИ тікелей басшы жеке жұмыс жоспарына сәйкес бойынша айқындалады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті ТНИ әзірленгеннен кейін ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Егер "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министрліктің бірінші басшысы болып табылған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды тұлға бекітеді.
12. ТНИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. ТНИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшенетін (ТНИ өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);
3) қолжетімді (ТНИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескеріле отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеуі (бағаланатын кезең ішінде ТНИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) Министрліктің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағдарланған болуға тиіс.
14. ТНИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жоспар персоналды басқару қызметінде сақталады.
3-тарау. ТНИ қол жеткізуді бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көзделген ТНИ қол жеткізуді бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы белгіленген ТНИ тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады.
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне ТНИ-ге қол жеткізу және ол үшін қажетті одан арғы жасалатын шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысана бойынша ТНИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының іске асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша ТНИ бағалау негізінде мынадай тәртіпте жүзеге асырылады.
Барлық ТНИ-ға қол жеткізілген кезде "өте жақсы" баға қойылады.
ТНИ санының 5-еуінің 4-еуіне қол жеткізілген жағдайда "тиімді" баға қойылады.
ТНИ санының 5-еуінің 3-уіне қол жеткізілген "қанағаттанарлық" баға қойылады.
ТНИ санының 5-еуінің 3-уінің кеміне қол жеткізілген кезде "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
ТНИ-ге қол жеткізу жеке жоспарда көзделген барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Тікелей басшы бағалау парағын толтырғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Егер "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министрліктің бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшы мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) пысықтауға жіберу.
22. Бағалау парағы ТНИ қол жеткізуді дәлелдейтін фактілердің жеткілікті немесе дұрыс болмаған жағдайда пысықтауға жіберіледі.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүргізеді және оның қортындысы бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтырған кезде әр бір құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістемеге 4-қосымшада көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейін бағалау кезеңінде оның қызметінде байқалатын мінез-құлық индикторларының саны мынадай тәртіпте айқындалады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан аса байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес келеді" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыреті үшін көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес келмейді" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссияның қарауы және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын ұсынады;
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетеді және оны хаттаманың "Комиссияның бағалау нәтижелері (болған жағдайда)" бағанынада көрсетіледі.
39. Бағалау нәтижелерін уәкілетті тұлға бекітеді және осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада бекітіледі.
40. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырылады.
41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт жасалып, персоналды басқару қызметі және Министрліктің (Комитеттердің) басқа екі қызметшісі қол қойған акт толтырылады.
42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жібереді.
43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) Министрлікке (Комитеттерге) Комиссия шешімін жоюды және "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_______________________________
Қызметшінің лауазымы:
_________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_______________________________________
_______________________________________
р/с № | Түйінді нысаналы индикаторлардың атауы | Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түпкілікті нәтиже* |
* Түйінді нысаналы индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші |
Тікелей басшы |
ТНИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
р/с № | Түйінді нысаналы индикаторлардың атауы |
Өлшем | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жеткізбеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
р/с № | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикаторларының атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өзін-өзі дамыту | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске төзімділік |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын
"Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану"
және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы |
Мемлекеттік әкімшілік | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ |
C-1; |
• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; |
• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-2; * |
• Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
• Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ |
C-1; |
• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
• Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; | |
C-2; * |
• Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
• Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ |
C-1; |
• Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
• Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; | |
C-2; * |
• Қажетті мәліметтерді таба алады; |
• Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ |
C-1; |
• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; | |
C-2; * |
• Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
• Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
C-1; |
• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
• Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; | |
C-2; * |
• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
ЖЕДЕЛДІЛІК |
C-1; |
• Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
• Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-2; * |
• Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
• Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
|
C-1; |
• Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді. |
• Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; | |
C-2; * |
• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
АДАЛДЫҚ |
C-1; |
• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
• Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
• Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; | |
C-2; * |
• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
СТРЕССКЕ төзімділік |
C-1; | • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
C-2; * | • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
ЖАУАПКЕРШІЛІК |
C-1; | • Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | • Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | • Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | • Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. | |
C-2; * | • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
БАСТАМАШЫЛДЫҚ |
C-1; | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | |
C-2; * | • Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | • Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
р/с № | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
___________________________________________________________________
Тексерілді: Комиссия хатшысы: ___________________Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия төрағасы: ____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшесі: ______________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)