Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22342 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-22 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 02.05.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18441 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің, ведомстволық бағынысты ұйым басшысының қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) олардың лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметтік куәлік Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына, Комитеттердің төрағаларына, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қолы қойылып беріледі.";

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысқа алғаш қабылданған адамдар жаңа қызметтік куәлікті ресімдеу және алу үшін өздерінің 3 х 4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосуретін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Персоналды басқару департаментіне (бұдан әрі – ПБД) тапсырады, фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады.";

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі - есепке алу журналы) қол қояды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы ПБД сейфінде сақталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қызметтік куәлікті тапсырған кезде ПБД оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті беруге жауапты ПБД қызметкерлері қайтарып алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ПБД жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктерді есепке алу деректерінің сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды ПБД қызметкерлері жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі ПБД-ні дереу жазбаша нысанда (еркін түрде) хабардар етеді, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе орынсыз пайдаланудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шыққанға дейін он жұмыс күні ішінде ПБД қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы ПБД-ні хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін ПБД береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті ПБД-ге тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.";

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларына 1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3. "Көтермелеудің салалық жүйесінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-216/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21702 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-12 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19,5 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көгілдір түсті жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында көгілдір түсті қорғаныштық тангир орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бейнеленген. Жоғарғы жақ бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 3,5 х 4,5 см фотосурет (анфас түсірілген, түрлі-түсті), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қолымен және елтаңбасы бар мөрмен расталған қазақ тілінде қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы жазылады.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу, орыс тілінде қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы жазылады. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің қызметтік
куәлігін беру қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

қызметтік куәліктің нөмірі р/с №

Берілген күні

Кімге берілді Т.А.Ә. (бар болса)

Жұмыс орны және лауазымы

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырғаны туралы белгі

Жою туралы белгі









      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Персоналды басқару департаменті қызметкерінің қолымен және мөрімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады