"Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15824 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім туралы құжаттарды тану/нострифкациялау туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса):

      1) Астана қаласы үшін – 15 (он бес) жұмыс күнін;

      2) басқа өңірлер үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімдері Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) Астана қаласы үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін;

      2) басқа өңірлер үшін – 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларының 9 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларда өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      Орталықта – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

      Мемлекеттік корпорацияда: Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

      Құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады;

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхат негізінде жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда (немесе уәкілетті өкілдің наториалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң хабарласқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініштің қабылданғанын растау тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: control.edu.gov.kz;

      2) орталықтың: www.enic-kazakhstan.kz;

      3) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.Ә. Пірімқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 5 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 349 бұйрығына
1-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құны


п/п

Қызмет атауы

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бір бірлігінің бағасы айлық есептік көрсеткішпен (АЕК)

1

Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

6 АЕК

2

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

8 АЕК

3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

10 АЕК

4

Тану және нострификациялау куәліктерінің телнұсқасын жасау

3 АЕК

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 349 бұйрығына
2-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Білім
және ғылым саласындағы
бақылау комитеті
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________
____________________________
Азаматтығы:
____________________________
____________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
____________________________
____________________________
  (нөмірі, сериясы, күні және кім бергені)
____________________________
Тұрғылықты мекенжайы:
____________________________
____________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше атауы,
____________________________
үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері
____________________________
____________________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электронды пошта адресі)
____________________________
____________________________
  Жұмыс немесе оқу орны :
____________________________
____________________________

Өтініш

      Сізден__________________________________________________________________________

      (тану, нострификациялау)

      Мақсат__________________________________________________________________________

      (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Кім берген_______________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      мамандық бойынша ______________________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген

      біліктілік/академиялық дәреже______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      "___" ____________ 20___жыл ______________________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады