Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15825 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Т. Сүлейменов

      КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 330 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      7) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметті құрылтайшы сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен иеленген мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен беру туралы шешімді мақұлдайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Құрылтайшы тендерлер немесе жабық тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.

      Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының және өзге мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтың және өзге ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіпорынның басшысын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары) жүргізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты):

      1) конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын белгілейді;

      3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырады, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өкілдерінің арасынан Комиссия төрағасын және Комиссия хатшысын тағайындайды.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) шешімді енгізеді.

      9. Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

      Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.";

      17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау мәселесі жөнінде ұсынысты байқау кеңесіне келісуге енгізеді.

      18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.

      19. Байқау кеңесі ұсынылған кандидатура бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысын таңдау бойынша қайта конкурс өткізеді. Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұсынған мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын көп дегенде екі рет келіспеуге құқылы.

      20. Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушымен және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасады және кәсіпорынның басшысы танысуы тиіс лауазымға тағайындау туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұйрық шығарады.

      Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

      21. Шарт тараптардың келісімімен айқындалатын кемінде бір жыл мерзімге жасалады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.

      Шартта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Шартты тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұза алады.

      22. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:

      республикалық мемлекеттік кәсіпорын - тиісті саланың уәкілетті органымен;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын - жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.

      Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, мемлекеттік кәсіпорын басшысының:

      таза табыстың белгіленген бір бөлігінің бюджетке уақтылы аударылуы;

      қаржы-шаруашылық қызметінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;

      мемлекеттік мүлікті пайдалану кезіндегі заңсыз әрекеттері;

      мемлекеттік мүліктің тізіліміне ақпараттың уақтылы және сапалы берілуі;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.

      23. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысымен шартты бұзу мәселесін алдын ала байқау кеңестерімен келіседі.";

      26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аттестаттау өткізу мерзімдері және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі бекітілетін бұйрық шығарады.

      Аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің, кадр және заң қызметтерінің басшылары енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға және дауыс беру құқығы жоқ хатшы тағайындалады.

      27. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау өткізу күніне дейін бір айдан кешіктірмей оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.

      28. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездеме ресімдейді.

      29. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысына осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестациялық парақ ресімдейді, оған аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі енгізіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін Заңның 139-бабына сәйкес бір ай мерзімде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы бекітеді.".

      3. "Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, оның ішінде мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарын бағалауды;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына қолданылады.";

      8-тармақтың 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;

      "2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).";

      9-тармақтың 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп).

      Есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараты ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

      Есеп жасау үшін ақпарат көзі мыналар болып табылады:

      ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;

      мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен оларды орындау жөніндегі есептері;

      мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері;

      мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекітілген мүлікті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу нәтижелері;

      "2) еркін нысанда жасалатын және мынадай мәліметтерді қамтитын есепке талдамалық жазба:

      жағымды жақтары мен кемшіліктерін баяндай отырып, есептің көрсеткіштерін талдау;

      есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;

      төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылауындағы АҚ-ны (ЖШС-ні) қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;

      ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен проблемалар;

      ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қазанына дейін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың жиырмасыншы қазанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-1-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ұсынған ақпаратты ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

      1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;

      2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.

      16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарды не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:

      1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (10-8 балл);

      тиімділігі орташа (7-4 балл);

      тиімділігі төмен (3-0 балл);

      2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

      тиімділігі жоғары (18-16 балл);

      тиімділігі орташа (15-8 балл);

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (16-14 балл);

      тиімділігі орташа (13-8 балл);

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (14-12 балл);

      тиімділігі орташа (11-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл);

      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (14-12 балл);

      тиімділігі орташа (11-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл).";

      көрсетілген бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшалар осы тізбесіне 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жалға алушы жергілікті өзін-өзі басқару органының қолма-қол ақшасының бақылау шотына не "Республикалық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201501 бюджеттік сыныптама кодына не "Коммуналдық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201504 бюджеттік сыныптама кодына не "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201506 бюджеттік сыныптама кодына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201508 бюджеттік сыныптама кодына не "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201 бюджеттік сыныптама кодына бенефициар _______ БСК, бенефициар ____________ ЖСК аударады.".

      5. "Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі;";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган береді.

      Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып береді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-3-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.

      4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушiге объектілердің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімі, нысаналы пайдаланылуы қамтылған ақпарат береді.

      Артық және пайдаланылмайтын өзге мүлкі болған кезде, баланс ұстаушы оның атауы, саны, қысқаша сипатттамасы, қалдық құны, орналасқан жері, мүліктік жалға алуға беру мерзімі, нысаналы пайдаланылуы қамтылған ақпарат береді. Артық және пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпарат болжамды жалға алушы көрсетілмей ұсынылады.

      Баланс ұстаушы объект туралы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

      Ұсынылған ақпаратты жалға беруші күнтізбелік он күннен асырмай қарайды.

      Баланс ұстаушы ұсынған артық, пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпаратты қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша жалға беруші:

      1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

      2) жалға беруші объектінің заңды тағдыры бойынша өзге шешім қабылдаған жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      5. Жалға беруші баланс ұстаушы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша объектіні мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай ақпараттың:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда объектінің атауын, санын, өлшем бірлігін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін, мақсатты пайдалануын көрсете отырып мәліметтердің;

      2) объект иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтердің (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail);

      3) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда объектіні тендер өткізу арқылы немесе тендер өткізбей мүліктік жалға беру туралы мәліметтердің тізілімде орналастырылуын қамтамасыз етеді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жеңімпаз осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жеңімпаз белгіленген мерзімде тендер нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаса, жалға беруші ЭЦҚ қолдана отырып тізілімнің веб-порталымен әзірленетін тендер нәтижелерінің күшін жою тура актіге қол қояды.".

      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің

      немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын,

      жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға өкілеттік берген атқарушы

      органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы "___" __________ № _____________ бұйрығымен бекітілген

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өкілеттік берген атқарушы органның Ережесі негізінде әрекет ететін басшы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      атынан 20__ жылғы "___" _________ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:".

1. Шарттың нысанасы

      1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі "Объект" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

      4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2. Тараптардың құқықтары

      8. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      9. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында белгіленген тәртіппен, осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Актіні ұсынған жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге құқығы бар; Шағыстарды өтеу актісі тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген, ағымдағы бюджеттік бағдарлама болған жағдайда ғана ұсынылады.

      3) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделген болса, сыйақы алуға;

      4) өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

      10. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      11. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге;

      8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      9) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері) түрде есеп беруге;

      10) Сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында (бұдан әрі – Қаулы) айқындалған тәртіппен беруге;

      11) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен _____________________ беруге;

      (ұсыну мерзімдері)

      12) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      13) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;

      14) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

      19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

      21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

      25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      27. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

      28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

      29. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

      30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

      Құрылтайшы                              Сенімгерлік басқарушы

      ____________________                  _____________________________

      ______ _______________                  _______ _____________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)                              (болған жағдайда)

      М.О.                                    М.О.

  Сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына қосымша
  Нысан

Сенімгерлік басқаруға берілген объект бойынша шығыстарды өтеу актісі

      №____ "___" _______________ 20__ жыл

      Объектінің атауы ___________________________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сомасы __________________________ теңге

      Бюджеттік бағдарлама бойынша ______________________________________________


р/с

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескерту








Жиыны:






      Сенімгерлік басқаруға берілген объектімен байланысты шығыстар

      сомасы:_____________________________________________________ теңге.

      (цифрмен, жазумен)

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі                  Сенімгерлік басқарушы

      _________________________________ ______________________________

      ________ ________________________ _______ _______________________

      (қолы) (ТАӘ (бар болса)                  (қолы) (ТАӘ (бар болса)

      М.О.                                          М.О.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп __________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      ______________

      (есепті кезең)

Р/с

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

барлығы

оның ішінде:

мемлекеттік мекемелер

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар

мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ұйымдар саны

бірлік






Есепті кезең басында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы)

бірлік






2

"Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" өлшемшарты*

қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны:

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы)

бірлік






3

"Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" өлшемшарты*

Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны

бірлік


Х




Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны

бірлік


Х




4

"Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" өлшемшарты*

Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің артуы белгіленген ұйымдар саны

бірлік



Х

Х

Х

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




Тиісті саланың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны

бірлік


Х


Х

Х

5

"Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" өлшемшарты*

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалар саны

бірлік




Х

Х

6

"Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген,оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" өлшемшарты*

6.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




6.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




7

"Даму жоспарларының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" өлшемшарты*


Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




8

"Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы" өлшемшарты*


Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




      Ескертпе: "Х" белгіленген жолдар толтырылмайды;

      * есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар,сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

      Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің басшысы

      __________                  ______________________________

      (қолы)                        (қолтаңбаның толық жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес
түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер _________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      _______________

      (есепті кезең)

Р/с

Тексерілген ұйымның атауы

Тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органының атауы

Тексеру нәтижелері

Бұзушылықтар анықталған жоқ

Анықталған бұзушылықтар:

Тиістілік нормативінің (нормаларының) артуы

Мемлекеттік тіркеудің болмауы

үй-жайлар (бірлік/ ш.м)

көлік құралдары (бірлік)

жылжымайтын мүлік объектілері (бірлік)

көлік құралдары (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы

      __________                  ______________________________

      (қолы)                        (қолтаңбаның толық жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы _________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      _______________

      (есепті кезең)

      Мемлекеттік мекемелерді басқару

Р/с

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


2.1

Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


2.2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


2.3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелін сақтау


3

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу



Жиыны:


Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару

Р/с

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


3.3

Тиісті салалардың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiгі нормативтерiн сақтау


4

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу


5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


7

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару

Р/с

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен оларды мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС)орындауы бойынша есептерді ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет бақылауындағы АҚ қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару

Р/с

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

Қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет бақылауындағы ЖШС қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы



Жиыны:


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады