"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығымен бекітілген |
Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды
эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдыр көзделеді:
1) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның немесе биологиялық белсенді сұйықтықтың (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар) бір бөлігі;
2) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерін алудың жол берілетін көлемін айқындауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
3) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
4) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
5) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
6) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу.
2-тарау. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа
жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібі
3. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша:
1) жыл сайын көктем кезінде аң аулау маусымы басталар алдында, негізгі қоныс аудару жолдары бойында жабайы құстардың ұшып келу уақытында олар алғаш келіп қонатын жерлерде (аса қауіпті ауруларды әкелу ықтималдығын бағалау);
африкалық және оңтүстік еуропалық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары);
пәкістандық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары);
үнділік қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) эпизоотиялық мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырылады:
2) жыл сайын тіршілік етуі кезінде диагностика жасaу үшін сезімтал жабайы жануарлар арасында мониторинг жүргізу мақсатында олардың мекендеу орындарынан биологиялық материалдың (қалдықтардың) сынамаларын іріктеп алады.
4. Эпизоотиялық мониторинг "Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
5. Эпизоотиялық мониторингтің зерттеу объектілері:
1) алып қойылған жануарлар дүниесі объектілері;
2) биологиялық қалдықтар болып табылады.
6. Бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда зерттеу объектілерінің эпизоотиялық мониторингі олардың әкімшілігімен келісім бойынша жүргізіледі.
7. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) сәйкес эпизоотиялық мониторинг мақсатында биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу үшін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою жолымен жүзеге асырылады.
Биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу үшін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою көлемі биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады.
8. Биологиялық материалдың сынамаларын (қалдықтарын) іріктеп алуды және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және мен биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) сәйкес ветеринария саласындағы мамандар жүргізеді.