БҰЙЫРАМЫН:
1. "2017 жылдың 15 ақпаны мен 2018 жылдың 15 ақпаны аралығында жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14916 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2017 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын 2017 жылдың 15 ақпаны мен 2018 жылдың 15 ақпаны аралығында аулаудың лимиттерінде:
мынадай мазмұндағы 10-1-параграфпен толықтырылсын:
"10-1-параграф. Ақтөбе облысы шегіндегі Арал (Үлкен) теңізі
№ | Балық және басқа су жануарларының түрлері | Барлығы, тонна |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | Артемия жұмыртқалары | 500,0 |
2 | Жиыны* | 500,0 |
";
реттік нөмірлері 26 және 27-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
26 | Өзге су тоғандары** | 112,95 | 80,6 | 1,6 | 15,4 | 2,8 | 5,45 |
27 | Жиыны* | 487,85 | 147,1 | 114,1 | 49,4 | 24,8 | 33,95 |
кестенің жалғасы
2,3 | 1,0 | 1,8 | 1,0 | 1,0 | - |
13,3 | 21,5 | 19,3 | 1,0 | 1,0 | 62,4 |
".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |