"Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 қазанда № 15839 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (1903) "Заң газетінде" жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте шетелдік кеме жасаушы ұйыммен жүзеге асырылатын кемені жасау, жаңғырту және жөндеу кеме иесінің бастамасы бойынша ұсынылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бұрын келісілген техникалық құжаттамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілген техникалық бақылау жүргізудің шарттарын осы Қағиданың 23-тармағында орындамаған кезде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері үш күн мерзім ішінде Кеме қатынасы тіркеліміне техникалық бақылау жүргізуден бас тартудың жазбаша негіздемесін жолдайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауынсыз жасалған кемені техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:

      1) кеме атауы, болжамды жүзу ауданы көрсетілген кеме иесінің өтініші;

      2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Аралас "өзең-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 болып тіркелген) талаптарына кеменің сәйкестігін талдау (бұдан әрі – Кеме сәйкестігін талдау).";

      мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2, 32-3, 32-4 және 32-5-тармақтарымен толықтырылсын:

      "32-1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) (бұдан әрі - Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасы) 12-18-тармақтарына сәйкес Кеме қатынасының тіркелімінің техникалық бақылаусыз салынған кемені Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық есебіне қою алғашқы куәландыру нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      32-2. Алғашқы куәландыру кезінде кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбын беру мүмкіндігі қаралады және оң нәтиже болған жағдайда Кеме қатынасының тіркелімі кемені сыныптамалық есепке қояды, тіркеу нөмір және Сыныптамалық куәлік (тек мемлекеттік тіркеу үшін) беріледі.

      32-3. Кеме қатынасының тіркелімінің сыныбын беру алдында, кеме иесі бар болып табылатын және (немесе) осы Қағидаға кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық құжаттаманың типтік тізбесі 3-қосымшасына әзірленген қосымша техникалық құжаттамалар, сонымен қатар тиісті типті және сыныбы бар кемелерге ұсынылатын сәйкестікке талдау беріледі.

      Кеме сәйкестігін талдау кеме элементерінің ақаулық нәтижелерін ескере отырып, әзірленеді. Бұл ретте, корпустың ақаулығы сыртқы қаптаманың, конструктивті жиынтықтың, палубаның, платформаның, корпус қалқаларының және қондырма, рубканың жалпы беріктілікті қамтамасыз етуге қатысатын конструктивті элементтерінің табақша/элемент бойынша ақаулығын қамтуы қажет.

      Электржабдықтарының және кеме құралдарының, кеме техникалық құралдарының, жүйелерінің кеме элементтерінің ақаулық мөлшері нақты жағдайы бойынша белгіленеді.

      32-4. 32-3-тармағында көрсетілген техникалық құжаттарды қараудың кезінде оң нәтижелері сынып беруге қажетті кемені жабдықтауға дейінгі, қайта жабдықтау кезінде Кеме қатынасының тіркелімі техникалық бақылауды жүргізеді. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығымен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы) техникалық бақылау процесінде жүргізілетін кемелердің және оның элементтерінің сынақтарының және тексерулердің, куәландырулардың көлемі белгіленген.

      32-5. Техникалық бақылау қорытындысы бойынша алғашқы куәландыру кезінде белгіленген техникалық жағдайын нақтылау және талаптарын орындау мақсатында кемеге кезектен тыс куәландыру жүргізіледі.

      Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасының 135-тармағында көзделген кезектен тыс куәландыру қорытындысы оң болған жағдайда кемеге сынып бекітіліп және кеме құжаттары беріледі.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасында белгіленген талаптардан төмендетілген параметрлерге ие кеме иелері, кеменің сондай немесе басқа элементінің ақаулығын анықтауын Кеме қатынасы тіркелімінің Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет түріне берген Тану туралы куәлігі бар ұйымда жүргізеді.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Жүзу ауданынан елеулі өзгешеленетін бассейндерде, көзделген сынып арқылы бір жолғы өтуге жататын кеме, осындай өтуге Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен, осы Қағидаға және Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасына сәйкес бір жолғы өту куәлігін ресімдеу арқылы кеме иесімен дайындалады.";

      5-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады