Есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қазанда № 15873 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.12.2018 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 23-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 15 қыркүйектегі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 29 маусымдағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген

Есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік
объектілердің тізбесі

      1. Мұнай өндіруші компаниялардың мұнайды (газ конденсатын) қабылдау-тапсыру бекеттері (мұнай құбырымен тапсыру).

      2. Мұнай өндіруші компаниялардың құю/ағызу автомобиль және теміржол эстакадалары (қабылдау-тапсыру бекеттері).

      3. Мұнай құбыры компанияларының мұнайды қабылдау-тапсыру бекеттері (мұнайды мұнай құбырымен қабылдау-тапсыру).

      4. Мұнай тасымалдау компанияларының құю/ ағызу автомобиль және теміржол эстакадалары.

      5. Мұнай тасымалдау компанияларының біріне тиесілі мұнай құбырларының арасында жүк ағындарын қайта бөлу жүргізілетін мұнай айдау станциялары.

      6. Мұнай сақтау және аудару қызметін көрсететін мұнай терминалдарының мұнай қабылдау жөнелту бекеттері.

      7. Мұнай сақтау және аудару қызметін көрсететін мұнай терминалдарының құю/ағызу автомобиль және теміржол эстакадалары.

      8. Мұнай құю терминалдарының мұнай мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін өлшеу жүйелері (МСӨЖ) (танкерге тиеу).

      9. Мұнай құю терминалдарының мұнай қабылдау бекеттері (мұнайды мұнай құбырынан қабылдау).

      10. Мұнай құю терминалдарының автомобиль және теміржол ағызу эстакадалары.

      11. Мұнай өңдеу зауыттарының қабылдау-тапсыру бекеттері (мұнайды мұнай құбырымен қабылдау).

      12. Мұнай өңдеу зауыттарының автомобиль және теміржол ағызу эстакадалары.

      13. Битум өңдеу зауыттарының қабылдау-тапсыру бекеттері (мұнайды мұнай құбырымен қабылдау, тазартылған мұнайды мұнай құбырына тапсыру).

      14. Битум өңдеу зауыттарының құю/ ағызу автомобиль және теміржол эстакадалары (мұнайды өңдеуге қабылдау, тазартылған мұнайды тапсыру).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады