Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.05.2018 № 11-1-4/166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 11-1-2/362 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14216 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қ. Әбдірахманов |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-1-2/440 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
"Б" корпусының әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілерінің бағалауы олар жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және ол "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспары) орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Жауапты хатшысы Бағалау жөніндегі комиссия құрады, Министрліктің Кадрлар басқармасы (бұдан әрі – Кадрлар бақсқармасы) оның жұмыс органы болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Министрліктің Жауапты хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде Кадрлар басқармасының қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2-тарау. Жеке жоспарды құрастыру
10. Жеке жоспар "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей құрастырылады.
11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісінің жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. "Б" корпусының қызметшісінің жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Кадрлар басқармасына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Кадрлар басқармасы Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Кадрлар басқармасы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Министрлік басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде Министрліктің Әкімшілік және бақылау департаменті Бақылау және құжатайналым басқармасының және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдебін бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде Кадрлар басқармасының және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы Кадрлар басқармасы, Министрліктің Әкімшілік және бақылау департаменті Бақылау және құжат айналымы басқармасының берген мәліметтерін ескере отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасының жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасақтайды.
26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:
мұндағы:
– тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".
5-тарау. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындаудың бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жеке жоспардың орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
Жеке жоспармен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасының жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.
32. Кадрлар басқармасы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
мұндағы:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға (қоса алғанда) дейін) – 3 балл,
"тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
"өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
– жеке жоспардың орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық" ; 4 баллдан бастап 4,9 (қоса алғанда) баллға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Кадрлар басқармасы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадрлар басқармасы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағалау комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Кадрлар басқармасы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасының қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар басқармасында сақталады.
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолданады.
40. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелері бойынша сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
41. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
42. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
43. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
44. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
45. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жұмыстан босатылады.
46. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштер* | Күтілетін нәтижелер |
1 | Мақсаттық көрсеткіш 1 | |
2 | Мақсаттық көрсеткіш 2 | |
3 | Мақсаттық көрсеткіш 3 | |
4 | … |
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан |
Бағалау парағы
_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: | ||||||
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан |
Бағалау парағы
_________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | Маңызы | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескерту |
1 | 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
2 | 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
3 | 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
… |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тексерген:
Комиссияның хатшысы: ______________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ______________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-1-2/440 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
"Б" корпусының әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілерінің бағалауы олар жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) орындау бағасынан құралады.
6. Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) "Б" корпусы қызметшілерінің бағалауын өткізу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі аймақтық белгілеріне, сонымен қатар "Б" корпусы қызметшілерінің функционалдық міндеттеріне қарай консулдық қызметкерлер және әкімшілік-техникалық қызметкерлер бойынша Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Бағалау жөніндегі комиссия) құрады, Министрліктің Кадрлар басқармасы (бұдан әрі – Кадрлар бақсқармасы) оның жұмыс органы болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде Кадрлар басқармасының қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2-тарау. Жеке жоспарды құрастыру
10. Жеке жоспар "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей құрастырылады.
11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісінің жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. "Б" корпусының қызметшісінің жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Кадрлар басқармасына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Кадрлар басқармасы Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлға бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Министрлік пен шет елдердегі мекемелердің басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлғаның, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының және Министрліктегі жетекшілік ететін департаменттің құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдебін бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде Кадрлар басқармасының және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлғамен берген мәліметтерін ескере отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлға және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасақтайды.
26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:
∑т=100+а-в,
мұндағы:
∑т – тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".
5-тарау. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындаудың бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жеке жоспардың орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
Жеке жоспармен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлға және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.
"Б" корпусы қызметшілерінің бағалау парақтары Кадрлар басқармасына жолданады:
1) тоқсан қорытындысы бойынша – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың бірінен кешіктірмей (бағалануы бірінші желтоқсаннан кеш емес жолданатын төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша – бағаланып жатқан жылдың он бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жолданады.
32. Кадрлар басқармасы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссиялар отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
мұндағы:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін) – 3 балл,
"тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
"өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
– жеке жоспарды орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 баллдан бастап 4,9 (қоса алғанда) баллға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Кадрлар басқармасы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадрлар басқармасы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағалау комиссиясы отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Кадрлар басқармасы қол қойылған хаттамаларды екі жұмыс күні ішінде шет елдердегі мекемелерге жолдайды, шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлға екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлғамен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар басқармасында сақталады.
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссиялар шешімдеріне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолданады.
40. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелері бойынша сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
41. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан босатылады.
42. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштер* | Күтілетін нәтижелер |
1 | Мақсаттық көрсеткіш 1 | |
2 | Мақсаттық көрсеткіш 2 | |
3 | Мақсаттық көрсеткіш 3 | |
4 | … |
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан |
Бағалау парағы
_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: | ||||||
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан |
Бағалау парағы
_________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы:
________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | Маңызы | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескерту |
1 | 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
2 | 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
3 | 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
… |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан |