1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары";
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Қағидалар еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібін олардың бағытына, кадрлық әлеуетіне, материалдық-техникалық базасына, ақпараттық қорына сәйкес, сондай-ақ олардың ғылыми-білім беру қызметінің ұлттық және халықаралық тану көрсеткіштерін ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен регламенттейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бітірушілерге белгіленген және жоғары деңгейдегі жұмысшы дәрежесін бере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстан тыс негізде жүзеге асырылады.
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы мемлекеттік мекемелерді және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын
"5 - тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру".
"41. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін жинақтауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері жүргізеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған өтінімдерді күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейінге мерзімде қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарына орналастырады.
Орта білім беру ұйымы республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім басқармаларына күнтізбелік жылғы 1 шілдеден кешіктірмей өтінім береді.
Орта білім беру ұйымы конкурсқа қатысу үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдеріне мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 12 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғы көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурсты өткізу мерзімін күнтізбелік жылғы 1 тамыздан кешіктірмей анықтайды.
42. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік орта білім беруге білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамын республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері бекітеді.
Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, педагогтік және ата-аналар қоғамының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ кемінде бес адамнан тұруға тиіс;
43. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының дауысы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурсында жарияланады.
Бұдан бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған орта білім беру ұйымдары отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
А. Әмрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
_____________Е. Біртанов
2017 жылғы 29 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
_____________А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы 29 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 490 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына 12 қосымша |
Өтініш үлгісі
(орта білімберу ұйымының бланкісінде толтырылады)
Мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш
Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін
_______________________________________________________________________________
(орта білім мекемесінің аты)
көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.
Орта білім ұйымының
басшысы _________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күні
Мөр орны