"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 187 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қазанда № 15907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 75) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12994 тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдігінің, ведомстволарының, Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың:

      1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      3) мыналарды:

      бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сынақтан және сараптамадан өткізу, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену;

      ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеп алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, өңдеу, орау, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың дизайнын айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді иелену, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды олар айналысқа шыққанға дейін дайындау, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену;

      ұлттық валютаның банкноттарын, монеталарын және бағалы металдарды сақтау орындарының жұмыс істеу жүйелерінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, қолжетімділікті бақылау, бейне бақылау, жел айдау, кондиционирлеу, электрмен қамту, сумен қамту және жылумен қамту) жұмыс істеуі жүзеге асырылу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді қоспағанда, монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      4) іссапар шығыстарын;

      5) жарналар (салымдар), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді;

      6) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін иеленуді;

      7) басқару және қадағалау кеңесі органының мүшелеріне сыйақылар төлеуді;

      8) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;

      10) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеуді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында айқындалған алымдарды және төлемдерді төлеуді;

      12) жарғылық қызметті, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді қаржылай қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      13) мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен байланысты өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      14) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көрсетілетін қызметтерін иеленуді;

      15) сақтандыру қызметтерін қоспағанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді, трансфер-агенттің көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      16) мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      17) уақытша сақтау қоймаларын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, уақытша сақтау қоймалары көрсететін қызметтерді иеленумен байланысты алымдар мен басқа да төлемдерді төлеуді;

      18) "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымында оқыту, сондай-ақ шет елдегі курстарда, семинарларда, тренингтерде, тағылымдамаларда және жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім саласында біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      19) дүлей күш жағдайларының туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше оқиғалар мен жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электроэнергетикалық объектілердегі, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі апаттарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      20) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан филиалдарының және өкілдіктерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуін;

      21) Қазақстан Реcпубликасының аумағында шығарылмайтын және шет елден иеленетін, тапсырыс берушінің өнімін өндіру үшін негізгі және (немесе) қосалқы болып табылатын тауарларды иеленуді;

      22) тауарларды тауар биржалары арқылы иеленуді;

      23) шетелдік электрондық мерзімді баспасөз басылымдарын иеленуді;

      24) мемлекеттік, табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді;

      25) мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Ұлттық Банк Басқармасының немесе Директорлар кеңесінің шешімдерін іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иеленуді қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау тәртібі";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банктің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Сатып алуды шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асыру тәртібі";

      218-тармақтың 4), 12) және 20) тармақшалары алып тасталсын;

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Шарт жасасу тәртібі";

      272-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "272. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап:

      1) сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын, конкурс тәсілімен және шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен, ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс тәсілімен, шартта алдын ала төлем (аванс) төлеу көзделетінін қоспағанда, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге;

      2) тапсырыс берушінің үлестес тұлғаларымен, республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан есебінен қаржыландырылатын ұйымдармен, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен шарт жасасқан жағдайда;

      3) мерзімді баспасөз басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту және жұмыс берушінің және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда;

      4) Қағидалардың 218-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге қолданылмайды.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Қорытынды ережелер";

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Жоспарлау және бюджет басқармасы (Әдібаев А.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 187 қаулысына қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс беретін
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары

Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастыру шының) атауы

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі
 

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

ҚҚС есептемегенде бір бірлігі үшін бағасы
(теңге)

ҚҚС есептемегенде сатып алу үшін бекітілген жалпы сома (теңге)

ҚҚС есептемегенде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома (теңге)

ҚҚС есептемегенде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома (теңге)

ҚҚС есептемегенде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома (теңге)

Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (тоқсан)

7

8

9

10

11

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады