БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі "Егемен Қазақстан" газетінің № 301-302 (26696) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе сөзбасы мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Занының 12-бабы 3-тармақ 12)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген қағидалары бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалары мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Деректер банкінің мәліметтері Қағидалардын 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады.
Комитеттің облыстық, Астана, Алматы қалалары бойынша, Әскери және Аймақтық көлік басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық органдар) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағидалардын 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық органдарына осы Қағидалардын 1-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасын (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.
14, 15 деректемелер осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық орган қызметкері толтырады.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық органдар карточкаларды журналға тіркейді.
Аумақтық органға карточкалардың қағаз нұсқасы келіп түскеннен кейін, жиырма төрт сағат ішінде аумақтық органдарының қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және міндетті түрде карточканың, растайтын құжаттардың және жеке куәлігінің графикалық көшірмесін сала отырып, карточканы деректер банкіне еңгізуді жүзеге асырады.
Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.
Енгізілгеннен кейін, карточка және растаушы құжаттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте аумақтық органда сақтауға жатады.
13. Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Қағидалар талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.
Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін аумақтық органдарына ұсынылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық органға осы Қағидаларға қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды.
Аумақтық орган хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.
Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады.";
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық органдарға Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарға қатысты мәліметті құрайтын тізім ұсынылады.
Есептің толық емес фактісі анықталған жағдайда, тиісті аумақтық органдармен субъектілердің мекенжайына ұсыныс енгізіледі немесе ақпараттық хат жолданады.";
16-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық органдарының бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.";
19-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бланкілер нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу мен пайдалану қағидаларымен реттелген.";
Қағидалардын 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) орындау үшін осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жіберлуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Ж. Асанов |
№ 1-ЖС нысанның мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған
адамдарды есепке алу карточкасы (органның кадр қызметімен қалыптастырады)
1. ________________________________________________________________________
(органның атауы)
2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкері, мемлекеттік қызметкері.
2.1. Жасады: әкім, судья, сот органдарының қызметкері;
құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратураның, ішкі істердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және экономикалық тергеу қызметінің;
арнайы органдардың қызметкерлерімен: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің;
органдардың әскери қызметші-қызметкерлерімен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, әскери прокуратураның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардияның, ішкі істері әскери полициясының, ұлттық қауіпсіздік әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери полициясының;
министрліктер қызметшілерімен: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, мәдениет және спорт, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, ақпарат және коммуникация, дін істері және азаматтық қоғам, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі;
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері, өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері.
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы; 1-тармағының 11) тармақшасы кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi; 1-тармағының 11-1) тармақшасы судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы; 1-тармағының 8) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы; 1-тармағының 9) тармақшасы өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi; 1-тармағының 11) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы; 1-тармағының 12) тармақшасы қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 1-тармағының 13) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 14) тармақшасы қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі (бұдан әрі - ҚР ҚК) Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 15) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың ҚР ҚК Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы; 1-тармағының 16) тармақшасы мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы; 1-тармағының 21) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін; 1-тармағының 12-1) тармақшасы аумақтық құқық қорғау органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының ҚР ҚПК 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына; 1-тармағының 14) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты; 1-тармағының 15) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты; 1-тармағының 16) тармақшасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай теріс себептер бойынша: 1 - қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 2) - қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы; 3) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру; 4) - әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару; 5) - әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы; 6) - осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау; 7) - педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу; 8) - арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы; 9) - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы; 10) – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар; 11) - осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) және пайдалану кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағының 1) тармақшасы қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы, алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға, оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару; 14-тармағының 2) тармақшасы қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану; 14-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;
14-тармағының 4) тармақшасы қызмет жағдайын пайдалана отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу; 14-тармағының 5) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы; 14-тармағының 6) тармақшасы тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы; 14-тармағының 7) тармақшасы тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер өкілетті басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз берсе; 14-тармағының 8)тармақшасы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату; 14-тармағының 9) тармақшасы бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау; 14-тармағының 10) тармақшасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі.
4. Бұйрық (шешім) № ________ "____" ____________ 20 __ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған тулғалар туралы мәліметтер.
ТЕГІ | АТЫ | ӘКЕСІНІҢ АТЫ (болғанда) |
7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.
8. Туған жері_____________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы
(тіркелген) _____________________________________________________________________
9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
10. Жұмыс орны ____________________________________________________________
11. Лауазымы ______________________________________________________________
12. Қызметкер босатылған органның кадр қызметінің басшысы ____________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, қолы)
12.1 Карточканы толтырған кадр қызметінің жауапты тұлғасы _____________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)
13. Толтыру күні "____" _________________ 20____ ж.
14. Комитеттін аймақтық органында тіркеу күні "_____" _____________ 20 _____ ж.
Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) № _______________________________
15. Комитеттін аймақтық органының қызметкері ________________________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған
тұлғалар көрінеу мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапты болады.