"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 қазандағы № 283 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 5 қазандағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қарашадағы № 15984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.11.2021 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 қазандағы № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8158 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 шілдеде № 162 (28101) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) "Қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7471201, индексі 2-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7471201, индексі 2-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) "Қарыздар бойынша нақты берешек қалдығы туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7481201, индексі 3-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) "Қарыздар бойынша нақты берешек қалдығы туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7481201, индексі 3-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7471201, индексі 2-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      "Статистикалық нысан бойынша алғашқы статистикалық деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) электрондық түрде, ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың сегізінен (қоса алғанда) кешіктірмей, криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынылады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қарыздар бойынша нақты берешек қалдығы туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7481201, индексі 3-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Банктердің қаржы ағындары және қорлары туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7661204, индексі 11-СБ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      ____________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 26 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады