"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 670 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қарашада № 15999 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғау қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "002 Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер";

      2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      209 "Тұрғын-үй құрылыс жинақтары үлестері бойынша төлем ақы төлеу" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "209 Тұрғын-үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақылар төлеу";

      4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "107 Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жұмысын жалғастыру туралы Келісімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер";

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 106 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "106 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары";

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      061 "Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      061 "Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:

      201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      076 "Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 122 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "122 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      2 "Құқықтық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      221 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "006 Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 228 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "228 "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      017 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      054 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      229 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Облыстық бюджеттерге ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      009 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 043 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "043 Алматы облысының тұрғын үйлерді және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру" бюджеттік бағдарлама бойынша

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      032 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      349 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      009 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      367 "Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      035 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      371 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      032 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      009 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:

      240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Мәдениет объектілерін салу, реконструкциялау";

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      285 "Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      249 "Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, өткізуге жағдай жасау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 106 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "106 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы", 349 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы", 375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы" және 737 "Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      053 "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "053 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Су шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 150 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "150 Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Өнеркәсiп" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "238 "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым жобаларын лизингтік қаржыландыруды іске асыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын кейіннен ұлғайтумен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 240 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "240 Қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кейіннен кредиттеумен "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ кредиттеу

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      225 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "225 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру іс-шараларын іске асыру";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 239 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "239 "Маңғыстау облысының бюджетіне "Құрық – Құрық порты" автомобиль жолын реконструкциялау" жобасын іске асыру үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      023 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      247 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Ғарыштық техника және технологияларды әзірлеу және сынау ғылыми-эксперименталдық лабораторияны құру" жобасы бойынша "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС жарғылық капиталын ұлғайту үшін "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "003 "Ғарыштық техника және технологияларды әзірлеу және сынау ғылыми-эксперименталдық лабораторияны құру" жобасы бойынша "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС жарғылық капиталын кейіннен ұлғайту үшін "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      087 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "108 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға облыстық бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      265 "Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      014 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      266 "Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      275 "Облыстың кәсіпкерлік басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      008 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      278 "Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы" және 289 "Облыстың кәсіпкерлік және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      006 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      364 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" және 393 "Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      017 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      701 "Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      007 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      723 "Облыстың кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      082 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "104 Ақтөбе қаласының әкімшілік ғимараты құрылысына Ақтөбе облысының бюджетіне берілетін нысаналы даму трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 097 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "097 Атырау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттеріне бензин және дизель отынына акциздердің жоғарылатылған мөлшерлемелерінің кезеңін қысқарту нәтижесіндегі шығындарды өтеу үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      268 "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      065 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      15 "Трансферттер" функционалдық тобында:

      1 "Трансферттер" функционалдық кіші тобында:

      124 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      051 "Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "051 "Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер";

      257 "Облыстың қаржы басқармасы", 299 "Облыстың экономика және қаржы басқармасы", 356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы", 452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" және 459 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      024 "Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "024 "Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер";

      461 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      019 "Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "019 "Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады