"Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 756 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 16048 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.";

      10-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Сотталғанды есепке қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Пробация қызметі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 болып тіркелген) Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Адамдардың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидалары) 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы хабарламаны толтырады, ал басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың соты соттаған адамдарға Адамдардың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын және сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы хабарлама толтырады, олар үкім көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып, ілеспе хатпен ҚСжАЕАК-нің аумақтық басқармасына жолданады, ілеспе хаттың екінші данасы істің бірінші бөліміне тігіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның елтаңбалық мөрмен расталған қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады