Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 797 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 16063 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 797 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік
алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы
(орынсыздығы) туралы қорытынды

      №_____                                                            күні______
      Өтініш берушінің атауы: __________________________________________________________
      Өтініш берушінің мекенжайы: _____________________________________________________
      Тауардың коды:__________________________________________________________________

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Тауарды сатып алушы: ____________________________________________________________
      Межелі ел: ______________________________________________________________________
      Әкету мақсаты: __________________________________________________________________
      Негіз: __________________________________________________________________________
      Химиялық құрамы*:______________________________________________________________
      Қосымша ақпарат: _______________________________________________________________
      Транзиттеу елі: __________________________________________________________________
      Қорытындының нәтижесі**:_______________________________________________________
      Қорытындының жарамдылық кезеңі: ________________________________________________

      Ескертпе:

      * "Химиялық құрамы" деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;

      ** "Қорытынды нәтижесі" деген жолға мынадай жазбалар енгізіледі:

      "Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорттың кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады;

      "Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады", мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 797 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін
еместігі туралы қорытынды

      №_____                                                             күні______
      Өтініш берушінің атауы: __________________________________________________________
      Өтініш берушінің мекенжайы: _____________________________________________________
      Тауардың коды:__________________________________________________________________

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Тауарды сатып алушы: ____________________________________________________________
      Межелі ел: ______________________________________________________________________
      Әкету мақсаты: __________________________________________________________________
      Негіз: __________________________________________________________________________
      Химиялық құрамы*:______________________________________________________________
      Қосымша ақпарат: _______________________________________________________________
      Транзиттеу елі: __________________________________________________________________
      Қорытындының нәтижесі**:_______________________________________________________
      Қорытындының жарамдылық кезеңі: _______________________________________________

      Ескертпе:

      * "Химиялық құрамы" деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;

      ** "Қорытынды нәтижесі" деген жолға мынадай жазба енгізіледі:

      "Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады