Медицина қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 857 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16071 болып тіркелді.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 5-қосымшаға ескертпенің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 857 бұйрығымен
бекітілген

Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Медицина қызметкерлерінің кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 5-қосымшаға ескертпенің 2-тармағына сәйкес әзірленді және медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлеуін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар жүйесi;

      кезекшілік – Еңбек кодексіне, жұмыс берушінің актісіне және еңбек шарты жағдайларына сәйкес түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері еңбек міндеттерін атқару уақытының кезеңі;

      медицина қызметкерлері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

      мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндерi.

2- тарау. Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу тәртібі

      3. Медициналық ұйымдарда медициналық көмекті тәулiктің кез келген уақытына және апта күндеріне қарамастан көрсету кезінде, медицина қызметкерлері үшін түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілік тағайындалады.

      4. Кезекшілік кестесі Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды ескере отырып, әр айдың соңында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері үшін жеке дайындалады және медициналық ұйымның басшысы бекітеді.

      5. Медицина қызметкерлерін кезекшілікке тарту бекітілген кезекшілік кестесінің және денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      6. Ұйым басшысы тәуліктік көмекті қамтамасыз ету және кезекшілікті қамтамасыз ету үшін штат кестесін қосымша дәрігерлік және мейірбикелік лауазымды енгізеді не дәрігерлердің, орта және кіші медицина қызметкерлерінің бар құрамымен кезекшілікті қамтамасыз етеді.

      7. Түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі, сондай-ақ үстеме уақыттағы кезекшілікке ақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады