"Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 876 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 16084 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің тізімдерін ұсыну туралы хабарлама жібереді.

      Төлеушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) ұсынады.

      Мұндай хабарлама, егер аударымдар және жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, жіберілмейді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банкке немесе ұйымдарға кейіннен салық берешегін, кедендік берешекті, әлеуметтік аударымдар бойынша, міндетті зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті шотқа өтеу үшін, ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына колданылады.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады, оның бірі төлеушіге қол қою арқылы немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен беріледі.

      Төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап, кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс." ;

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі _________ Д. Абаев

      2017 жылғы 8 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 28 қараша

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 876 бұйрығына
1-қосымша
Аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешекті
өндіріп алу ережелеріне
1-қосымша
Нысан

Жұмыскерлердің тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама

20__ жылғы "___" _____________

№ ______________

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы
      Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес
      ________________________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      Сізге ___________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), төлеушінің атауы, сәйкестендіру
                        нөмірі (ЖСН/ БСН), мекенжайы)
      ________________________________________________________________________________
      20 ___ жылғы "____" __________ жағдай бойынша
      теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлемнің сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар




      мөлшеріндегі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе)
      жарналар бойынша берешектің бар екендігі туралы хабарлайды.
      Соған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сіз
      _______________________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      _______________________________________________________________________________
      аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынуыңыз қажет.
      Аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімі тапсырылмаған жағдайда
      _______________________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      төлеушінің банк шоттары, кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Мемлекеттік кірістер органының басшысы
      (басшының орынбасары): _________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, мөрі)
      Хабарламаны алдым: ____________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), төлеушінің атауы, қолы, күні)
      Хабарлама төлеушіге тапсырылды: ______________________________________
      (мемлекетік кірістер органының лауазымды
      тұлғасының (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні)
      Хабарлама төлеушіге жіберілді: __________________________________________
      (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растаушы құжат)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 876 бұйрығына
2-қосымша
Аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешекті
өндіріп алу ережелеріне
2-қосымша
Нысан

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы

      20__ жылғы "___" __________ № ______________
      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы
      Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), төлеушінің атауы, сәйкестендіру нөмірі
      (ЖСН/ БСН), мекенжайы)
      төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша (Әлеуметтік медициналық сақтандыру
      қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегін өтеу жөніндегі
      операцияларынан басқа) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Осы өкімді алған сәттен бастап төлеушінің кірісіне түсетін қолма-қол ақша қаражатты
      Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына және (немесе) Әлеуметтік медициналық
      сақтандыру қорына аударылуы тиіс.
      Мемлекеттік кірістер органының басшысы
      (басшының орынбасары): __________________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, мөрі)
      Өкімді алдым: ____________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), төлеушінің атауы, қолы, күні)
      Өкім төлеушіге тапсырылды: _______________________________________
      (мемлекетік кірістер органының лауазымды
      тұлғасының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні)
      Өкім төлеушіге жіберілді: __________________________________________
      (жіберу және (немесе) алу фактісі тұралы растаушы құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады