"Куәландырушы орталықты айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 16104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 380/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.10.2022 № 380/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Куәландырушы орталықты айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12791 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қауіпсіздік сертификаттарын электрондық түрде беретін куәландырушы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәуіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      __________________К. Мәсімов

      2017 жылғы 6 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады