Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 16114 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 23 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы

      _________________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 29 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 21 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 4 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 386 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13498 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларында:

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Физикалық қорғау жүйесінің оны бағалау немесе уәкілетті орган тексеруінің нәтижелері бойынша анықталған тиімсіздігі жағдайында пайдаланушы ұйым физикалық қорғау жүйесінің жобасына өзгерістер енгізеді және ядролық физикалық қауіпсіздікке жаңа бағалау жүргізеді.".

      2. "Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13470 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Уран өнімінің қолда бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы ақпарат уәкілетті орган тексеру жүргізген кезде пайдаланылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы ақпарат уәкілетті орган тексеру жүргізген кезде пайдаланылады.".

      3. "Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13458 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алып қою деңгейі – атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ядролық, радиациялық, геометриялық, салмақтық сипаттамаларын айқындайтын, гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген физикалық шама мәндері, осындай мәндер болғанда немесе осы мәндерден төмен болғанда атом энергиясы пайдаланылатын объектілер мемлекеттік бақылаудан алып тасталады;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады