Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16119 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-220/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімнің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 729 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9100 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 72 (28296) жарияланған);

      2) "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдермен және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 414 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11658 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Л. Ақтаева


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 26 қараша

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2017 жылғы 17 қарашадағы
  № 836 бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің тізбесі

      1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары өнімдер:

      1) Тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе қайта өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;

      2) Балаларға арналған өнімдер (тауарлар): ойындар мен ойыншықтар, төсек-орын жабдықтары, киім, аяқкиім, оқу құралдары, жиһаз, арбалар, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер), балалар тауарларының ассортиментін дайындауға арналған жасанды полимерлік және синтетикалық мектеп материалдары;

      3) Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және жүзу бассейндеріндегі сарқынды суларды тазалау кезінде қолданылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар;

      4) Парфюмерлік-косметикалық құралдар, ауыз қуысы гигиенасының құралдары;

      5) Иондаушы сәулелену көзі болып табылатын оның ішінде өндірілетін өнім, бұйым, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен өнімдер (тауарлар);

      6) Тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық.

      2. Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз өнімдер:

      1) Өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия тауарлары, лак-бояу материалдары;

      2) Құрылыста, көлікте қолдануға, сондай-ақ жиһаз бен басқа да үй тұрмысында пайдаланатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен тоқыма қосалқы заттар бар тоқыма тігін және трикотаж материалдары; киім мен аяқ киімді дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғары мен тоқыма материалдары;

      3) Көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімдерімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімі;

      4) Баспа өнімі: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары;

      5) Өндіру процесінде өңдеуге (бояуға, сіңдіруге) жататын табиғи шикізаттан жасалған бұйымдар;

      6) Адамның терісімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқкиім;

      7) Құрамындағы радиоактивті заттар гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы);

      8) Темекі бұйымдары мен темекі шикізаты;

      9) Жеке қорғану құралдары;

      10) Пестицидтер мен агрохимикаттар;

      11) Ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар;

      12) Мұздаққа қарсы реагенттер.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 836 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі

      1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер:

      1) балалар сүт асүйлері;

      2) барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;

      3) балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері;

      4) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы, интернат ұйымдарындағы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы, вахталық кенттердегі, құрылыс алаңдарындағы, өнеркәсіптік объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;

      5) кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;

      6) дәрілік заттарды дайындау объектілері;

      7) көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері;

      8) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдары (теміржол, су, әуе);

      9) радиациялық қауіпті объектілер;

      10) тері және сілемейлі жабынның бұзылулармен қызметтерді, оның ішінде татуаж және татуировка бойынша қызметтерді көрсететін емдік-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар;

      11) мынадай:

      стационарлық медициналық көмек көрсететін, оның ішінде наркология (наркологиялық ауруханалар мен диспансерлер) және психиатрия (психиатриялық ауруханалар мен диспансерлер) бойынша;

      амбулаториялық-емханалық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін;

      қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын;

      стоматологиялық қызметтерді көрсететін объектілер денсаулық сақтау объектілері;

      12) медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері;

      13) балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары;

      14) тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері, оңалту орталықтары;

      15) отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;

      16) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімдерін өндіру объектілері;

      17) ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімдерін өндіру объектілері;

      18) балық өңдеу объектілері, балықтың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын балық өнімдерін өндіру объектілері;

      19) құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және/немесе құс етінің дайын өнімдерін өндіру объектілері;

      20) май өнімдерін өндіру объектілері;

      21) алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру объектілері;

      22) жемісті қайта өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде соя өнімдерін қайта өңдеу объектілері;

      23) арнайы тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және (немесе) өткізу объектілері;

      24) аспаздық және йодталған тұзды өндіру объектілері;

      25) ұн тарту объектілері;

      26) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері;

      27) қант өндіру объектілері;

      28) тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері;

      29) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларды, табиғи газ және мұнай өндіру, мұнай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс өнеркәсібі және құрылыс материалдары өнеркәсібі, 1 және 2 қауіптілік сыныбының қатты тұрмыстық қалдықтарын және уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 және одан астам килограмм медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергия өндірісі, жиілігі 30 килогерц - 300 гигагерц диапазонда жұмыс істейтін стационарлық таратушы радиотехникалық объектілері, радиобайланыс, радиохабар, телевизия, радиолокация және радиобасу объектілері, 3-30 мегагерц диапазондағы радио әуесқойлық радиостанциялары антенналары, 100 ваттан астам 1000 ватты қоса алғандағы тиімді сәулеленетін қуаты бар жиілігі 26,5-27,5 мегагерц азаматтық диапазондағы радиостанциялар, 1000-нан 5000 ватқа дейін тиімді сәулеленетін қуаты бар радио әуесқойлық радиостанциялары антенналары және азаматтық диапазон радиостанциялары, спутниктік байланыстың жердегі стационарлық станциялары, таратқыш қуаты 2 ваттан астам WLL-диапазондағы құрылғылар (сымсыз абоненттік қолжетімділік));

      30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері;

      31) спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар;

      32) вахталық кенттер;

      33) 2-санаттағы су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары (жағажайлар);

      34) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су жинау орындары;

      35) қызмет көрсететін халқының саны 2 мың адамнан асатын орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      36) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      37) сауықтыру және санаторий объектілері (маусымдық, жыл бойғы), демалыс базалары мен орындары;

      38) патогендігі І-ІV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханалар.

      2. Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер:

      1) техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері;

      2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

      3) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері;

      4) халыққа компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктар) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;

      5) отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;

      6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;

      7) тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;

      8) кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;

      9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон бұйымдарын өндіру объектілері;

      10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинактарды, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корнды, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері;

      11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;

      12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;

      13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;

      14) крахмал-сірнелі өнімдерді, крахмалды өндіру объектілері;

      15) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;

      16) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау объектілері;

      17) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшектеп өткізу объектілері;

      18) медициналық жедел жәрдем және санитариялық авиация денсаулық сақтау объектілері;

      19) апаттар медицинасы денсаулық сақтау ұйымдары;

      20) паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      21) дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілері;

      22) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін көрсететін объектілер;

      23) шаштараздар, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынды бұзбай косметикалық қызметтерді, оның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер көрсететін косметологиялық орталықтар;

      24) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;

      25) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, зират, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), әкімшілік, тұрғын (баспана) ғимараттары, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту орындары, тазарту құрылыстары және өзгелері);

      26) қызмет көрсететін халықтың саны 2 мың адамға дейінгі орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      27) су құбыры, кәріз, жылу жүйелеріне, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;

      28) кәріздік тазарту құрылыстары және олардың желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);

      29) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 3-5 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларды, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, 3 және 4 қауіптілік сыныбының уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограммға дейін медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясының өндірісі, байланыс объектілері және радиотехникалық объектілер (жиілігі 27 – 2400 мегагерц диапазондағы жер бетіндегі жылжымалы радиобайланыс құралдары (радиостанциялар), көлік құралдарында (ұшу аппараттарында, теңіз және өзен кемелерінде, поездарда) орнатылған таратушы радиотехникалық объектілер мен радиостанциялар, таратқыш қуаты 2 ваттқа дейінгі WLL-диапазондағы құрылғылар (сымсыз абоненттік қолжетімділік), сүрек өңдеу, тоқыма өндірістері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері, автомобильге май құю станциялары);

      30) саябақтар;

      31) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарында көзделгеннен төмен маңыздылығы ең аз белсенділігі бар иондаушы сәулелену көздері бар радиациялық объектілер, радиоактивті қалдықтар;

      32) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су және әуе);

      33) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, гигиеналық құралдарды сақтауға арналған қоймалар;

      34) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиеналық құралдарды өндіру объектілері;

      35) азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері;

      36) патогендігі І-ІV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады