"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16142 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларына:

      2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өзге де шығыс нормалары:

      визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді;

      шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беруді;

      қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуін;

      шет тілін білу деңгейін анықтауға бір тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстарды;

      академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша дайындықтың академиялық және техникалық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыруды;

      стипендиаттың академиялық оқуға, тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындық курстарына түсу кезінде, сондай-ақ тілдік және магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу, тағылымдама процесінде қажетті шетелдік жоғары оқу орындарының, тағылымдамаларды, магистратура алдындағы дайындықты өткізуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымның (бұдан әрі – шетелдік ұйым), тілдік курстардың (бұдан әрі – тілдік мектептер) талаптары бойынша міндетті қызметтерді;

      тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптары бойынша міндетті медициналық тексерісті;

      стипендиаттың банктік карточкасын шығару, әрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару және оған қызмет көрсетуді;

      шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептер немесе шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік әріптестер) стипендиаттың үлгерімі (транскрипт) туралы ресми құжаттарды ұсынуым, шетелдік студенттерге арналған жазатайым жағдайлардан, аурудың кенеттен туындауынан медициналық сақтандыруды, шетелдік әріптестердің академиялық оқуды, тілдік курстарды, магистратура алдындағы дайындықты, тағылымдаманы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты шығыстарды қамтиды.

      Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      3. Жол жүру бойынша шығыстар "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына академиялық оқу немесе тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізімді. Академиялық оқу 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, жол жүру бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне оқудың әрбір оқу жылы басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта оқудың әрбір оқу жылы аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта шыққан кезде жүргізімді.

      Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүк тасымалдау ақысын төлеусіз, жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей қатынайтын әуе және (Қазақстан Республикасына келген сәттен тұру жеріне дейін/тұру жерінен Қазақстан Республикасынан шығу сәтіне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет) купе вагоны (жүрдек поездардың жұмсақ дивандары төмен орналасқан, қалпын реттейтін құрылғысымен бірге жұмсақ креслолары бар (СВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класындағы екіорындық купелі вагондарды қоспағанда) тарифінен жоғары емес теміржол көлігін пайдалану үшін сол аймақта қолданыстағы жол жүру құнымен тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша – үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін (жол жүру уақыты күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет), теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінен тыс жол жүру кезінде әуе көлігін пайдалану бойынша шығыстарды төлеу стипендиат өтініші бойынша "Болашақ" бағдарламасы әкімшісі билетті брондап қойған сәттегі жол ақысының ең аз құны шеңберінде жүргізімді.

      Стипендияны есептеу стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыс нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген басқа жұмыс) уақытында "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу стипендиаттың нақты тұратын елінің бекітілген нормативі бойынша осындай норматив елдер бөлінісіндегі шығыс нормаларының бекітілген тізімінде болса, жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу тағайындау елі бойынша жүргізіледі. Стипендиат академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған басқа жұмыс) кезінде Қазақстан Республикасы аумағында болса, есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлеріне сәйкес жасалады.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын есептеу кезеңі шетелдік жоғары оқу орнының / білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны рәсімдеу үшін иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген оқу жоспарына / жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес оқу елінде нақты оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің, бірақ оқуды/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартымен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.

      Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу әрбір күнтізбелік айға толық көлемде жасалады.

      Академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші айы және академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің соңғы айы күндерінің жалпы саны күнтізбелік 30 (отыз) немесе одан кем күнді құраса, онда төлем академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.

      Оқу кезеңінің бірінші немесе соңғы айының оқу күндерінің саны күнтізбелік 3 (үш) күннен аспаса, онда осы айлар үшін төлем жасалмайды.

      Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.

      Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін стипендияны есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкес ведомость құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің жоғары арнаулы білім алу, клиникалық ординатурада, аспирантурада оқу үшін "бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу процесінде оқу әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары 2012 жылға дейінгі "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысқан стипендия иегерлеріне қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер немесе жалпы конкурс санаттары бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін) арналған үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген PhD докторы, бейіні бойынша (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан өту, академиялық оқу орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан өту, академиялық оқу аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан тұлғалар үшін) үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан, тағылымдамадан өту аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада оқу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысқан тұлғалар үшін) арналған үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан өту, академиялық оқу орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан өту, академиялық оқу аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген PhD докторы, доктор бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысқан тұлғалар үшін) арналған үлгілік шарт:

      мынадай мазмұндағы 2.3.1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.3.1-1. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тілдік курстардан өту, академиялық оқу орнына виза алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және кері бағытта тілдік курстардан өту, академиялық оқу аяқталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жол жүру бойынша билетті сатып алу үшін Орталыққа өтініш беруге.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады