Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантын бажсыз әкелу үшін 2018 жылға арналған квота көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16167 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына және "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2018 жылы 370 000 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждар төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 14 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 21 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады