"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қаңтарда № 16180 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дінтану сараптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.";

      Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына қосымша өтініш нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық қоғам
министрінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 184 бұйрығына қосымша
  Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш беруші
  ____________________________
____________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
мекенжайы мен телефоны.
Заңды тұлғалар үшін
почталық мекенжайы мен
телефоны)

Өтініш

      Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын:

      _______________________________________________________________________________.

      (авторы (және (немесе) аудармашы, құрастырушы), басылым деректері (қала, баспасы,

      шыққан жылы, бет саны) сараптама нысанының атауын көрсете отырып тізбелеу)

      Дінтану сараптамасын жүргізу _______________________________________________

      _____________________________________________________________________ байланысты.

      (себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен жағдайда ұйымның атауы

      мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеуге өтініш

      берілген жағдайда, қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған органды Қазақстан

      Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкеліну күнін көрсету қажет).

      Өтініш берушінің қолы, күні,

      мөр (заңды тұлғалар үшін)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады