"Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 92 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10992 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган қарау барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Сараптама жүргізу ережесі) тарихи-мәдени сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.";

      15-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілеріне ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Археологиялық ескерткіштер анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие болады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы ұсыныс хатты төмендегі құжаттармен қоса жолдайды:

      1) тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы;

      2) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады