"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 16239 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату тәртібін, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушылармен электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін айқындайды.".

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1) коммерциялық есепке алу аспабы – электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      2) берілетін ай – тиісті айдың бірінші күні басталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      5) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      6) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;

      7) гидроэлектрстанциясының гидроторабы (бұдан әрі – гидроторап) – гидроэлектрстанциясының гидротехникалық құрылыстарының орналасуына және жұмыс мақсатына қарай біріктірілген, ЖЭК пайдаланудың дербес объектісі ретінде жұмыс істей алатын кешені;

      8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану жөніндегі объект) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      9) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) электр энергиясын тұтыну аймағы – ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;

      12) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;

      13) сауда-саттық шарты - қаржы-есеп айырысу орталығы мен басым шартты тұтынушы арасында жасалған электр энергиясын сату туралы шарт;

      14) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;

      15) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      16) аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздарының тізілімі - аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша ұйымдастырушы қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЖЭК пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болады. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.

      Электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіруші электр желілерімен жабдықталған ЖЭК пайдалану объектілерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі аталған құрылғылар босататын және (немесе) тұтынатын электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді.

      ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК пайдалану объектісінде әртүрлі ЖЭК түрлерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда немесе бір ЖЭК түрін пайдаланудан, бірақ қаржы-есеп айырысу орталығы әртүрлі тіркелген тарифтер немесе аукциондық бағалар бойынша сатып алуы тиіс электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда, ЖЭК-ті пайдалану объектісін коммерциялық есепке алу аспаптарымен өндірілген электр энергиясының жеке түрде есепке алынуы қамтамасыз етілетіндей жабдықтайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЭК пайдалану объектілері мынадай түрлерге жіктеледі:

      1) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітпеген және онымен келісілмеген, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілетін ЖЭК пайдалану объектілері;

      2) қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері – 2009 жылдың шілдесінен 2013 жылғы 21 шілдеге дейін пайдалануға берілген, өңірлік электр желісі компанияларымен және (немесе) жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар, ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген объектілер;

      3) техникалық экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектілері;

      4) қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері – қайта жаңартылатын объектідегі жаңадан енгізілетін жабдық құнының осы объектіні қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталған кездегі қайта жаңартылатын объектінің аудиторлық ұйым растаған теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрауы шартымен жұмыс істеп тұрған негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері;

      5) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері аукциондық бағалар бойынша - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукцион жеңімпаздары тізіліміне енгізілген және аукциондық баға бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасасқан ЖЭК пайдалану объектілері.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "23. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай ақпаратты:

      1) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі, электр энергиясын жеткізудің алдағы жеткізу айына арналған бір айлық тәуліктік сағаттық кестелері - ай сайын, жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн қалғанда;

      2) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі - жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай;

      3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері - күн сайын, Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін;

      4) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі бір айлық көлемі - жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;

      5) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағаттық көлемі – күн сайын Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;

      6) қаржы-есеп айырысу орталығымен келісілген нысан бойынша ЖЭК пайдалану объектісі қосылған электр желілеріне ЖЭК пайдалану объектісі мен электр энергиясын беру ұйымы арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсетуін алу актісінің көшірмесін - жеткізу айынан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірмей үнемі жіберіп тұрады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. ЖЭК пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.

      Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу және қаржы орталығы басым шартты тұтынушыға бөлмейді.".

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тараулармен толықтырылсын:

      "7. Қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыларға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі

      74. БШТ сату шартын жасасу үшін БШТ ЖЭК-ті пайдалануға енгізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) БШТ мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

      2) БШТ мүдделерін білдіру үшін заңды тұлғаның құқығын растайтын құжат;

      3) БТШ пайдалануға енгізген ЖЭК пайдалану объектісіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

      4) ағымдағы жыл аяқталғанға дейін БШТ ЖЭК және БШТ ШТ бөлінісінде желіге босатуға жоспарланған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат;

      5) Заңның 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына БШТ-ның қосылғаны туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесі.

      75. Қаржы-есеп айырысу орталығы БШТ Өкілімен Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сату шартының үлгі нысанына сәйкес ЖЭК пайдаланатын электр энергиясын өндіретін ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату шартын жасасады.

      76. Екі данадағы сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының басшысы немесе шартқа қол қоюға өкілетті өзге тұлға қол қойып, оны БШТ-дан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде БШТ-ға қол қоюға жібереді.

      БШТ уәкілетті ұйымының бірінші басшысы немесе өзге тұлғасы екі данадағы сату шартына қол қойып, қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      77. Сату шарты ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген БШТ ЖЭК электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді, бұл ретте БШТ шартты тұтынушысымен жасалған қолданыстағы шарттың көрсетілген күннен бастап күші жойылады.

      78. Сату шартына қол қойылғаннан кейін БШТ Өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасымен анықталған және бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі - осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      3) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      79. БШТ ЖЭК-ті пайдалану басталғанға дейін БШТ өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ЭКЕАЖ-нің деректерді жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына қашықтықтан беру мүмкіндігі болады.

      80. БШТ жыл сайын 20 желтоқсанда қаржы есеп-айырысу орталығына алдағы жылға БШТ ЖЭК және БШТ ШТ өндірген, желілерге босатылған, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берілген электр энергиясының болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдайды.

      81. БШТ ЖЭК өндіретін электр энергиясы көлемінің нақты мәндері және БШТ ШТ желіге босататын электр энергиясының көлемдері есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.

      82. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығы есептеген ЖЭК пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.

      83. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК қолдау тарифі бойынша жеткізілген электр энергиясы үшін есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді. Қаржы-есеп айырысу орталығы және БШТ өкілі жылына кемінде бір рет өзара есеп айырысуды салыстыруды жүргізеді.

      84. БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан:

      1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен;

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясын қайта есептейді және оның тиісті үлесін басым шартты тұтынушыға қайта бөледі.

      Бұл ретте бір күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын өндіруде қысқа мерзім бір ай болып табылады.

      85. Үбшт нақты - БШТ пайдалануға берген ЖЭК пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының нақты жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы мына формула бойынша анықталады:

      Үбшт нақты = Vжэк бшт нақты ж/ V шт бшт нақты ж*100%, мұндағы

      V жэк бшт нақты ж – БШТ пайдалануға берген ЖЭК пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының нақты көлемі;

      V шт бшт нақты ж – шартты тұтынушы желіге жіберген электр энергиясының нақты жылдық көлемі;

      Егер Үбшт нақты тең немесе Днақты ж немесе Қож үлкен болса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеу және қайта бөлуді жүргізбейді.

      86. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергия көлемінің электр энергия өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесінің нақты көрсеткіштері олардың электр энергиясын тұтыну аймақтары есепке алынып, мына формула бойынша анықталады:

      Днақты ж = Vжэк нақты ж/ V бшт шт ж *100%, мұндағы

      Vжэк нақты ж – ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясының нақты жылдық көлемі;

      Vбшт шт ж - шартты тұтынушылармен желіге босатылған электр энергиясының нақты жылдық көлемі.

      87. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіш (Пцг), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы 478 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14489 болып тіркелген) бекітілген. Бұл ретте уәкілетті орган нысаналы көрсеткіштерді жылдар бойынша олардың электр энергиясын тұтыну аймақтарын есепке ала отырып анықтайды.

      88. Қаржы-есеп айырысу орталығы:

      1) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізгенге дейін БШТ-ға ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындарды келесі формула бойынша бөледі:

      VБШТ = (VЖЭК еқо нақты + VЖЭК БШТ нақты)/(Vшт еқо нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт БШТ нақты – VЖЭК БШТ нақты, мұнда

      VБШТ – күнтізбелік айда қаржы-есеп айырысу орталығымен БШТ электр энергиясын сату көлемі;

      VЖЭК еқо нақты – ЖЭК пайдаланатын, энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген және қаржы-есеп айырысулық орталыққа электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша сатылатын электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      Vшт еқо нақты – желіге БШТ шартты тұтынушылармен жіберілген электр энергиясының көлемін есепке алусыз сәйкес тұтыну аймағында шартты тұтынушылармен желіге қойылған электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V шт БШТ нақты – электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша желіге БШТ шартты тұтынушылармен жіберілген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V ЖЭК БШТ нақты – электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша БШТ пайдалануға енгізілген, ЖЭК пайдалану бойынша объектімен өндірілген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      2) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізгенге дейін әрбір шартты тұтынушыға ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындарды бөледі:

      Vшт еқо i = (VЖЭК еқо нақты + VЖЭК БШТ нақты)/(Vшт еқо нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт i, мұнда

      V шт еқо i күнтізбелік айда ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген шартты тұтынушыға электр энергиясын сату көлемі;

      Vшт i – күнтізбелік ай үшін берілген шартты тұтынушымен желіге жіберілген электр энергиясының көлемі;

      3) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізген соң ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындар қаржы-есеп айырысу орталығымен күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша БШТ-ға бөлінеді.

      89. Қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдан кейін басталатын айда БШТ үшін электр энергиясын сату көлемін келесі формула бойынша бөледі:

      Vшт БШТ ж = (VЖЭК еқо нақты ж + VЖЭК БШТ нақты ж)/(Vшт еқо нақты ж +Vшт БЩТ нақты ж) * Vшт БШТ нақты ж – VЖЭК БШТ нақты ж. -

Vшт БШТ (ай), мұнда

      Vшт БШТ ж – күнтізбелік жыл үшін БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемі;

     

Vшт БШТ (ай) – есептік жылда есептік айлар үшін БШТ үшін сатылған электр энергиясының сомалық көлемі.

      Vшт БШТ ж – теріс болған жағдайда қайта есептеу жүргізілмейді.

      90. БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемі қаржы-есеп айырысу орталығымен құжаттарды төлеуге беру сәтінде әрекет ететін ЖЭК пайдалануды қолдауға тариф бойынша БШТ Өкілімен төленеді.

      Электр энергиясының көлемін БШТ-ға қайта бөлген жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша шартты тұтынушыларға жеткізілген электр энергиясының көлемін келесі күнтізбелік жылда қайта есептеуді жыл бойында әрбір шартты тұтынушы үшін ЖЭК пайдалану бойынша объектілермен өндірілген электр энергиясын сатып алу көлемін электр энергиясын тұтыну аймағын есепке алумен күнтізбелік жылда желіге шығару үлесіне пропорционал төмендету жолымен жүргізеді.

      91. Осы Ережелердің 89-тармағына сәйкес есептелген сату көлемін БШТ-ға қайта бөлуді есепке алумен әрбір шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын тұтыну сәйкес аймағы бойынша ЖЭК электр энергиясын қайта есептеу көлемі келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vесеп. шт i = Vшт БШТ ж * Vшт i ж/ VЖЭК еқо нақты ж, мұнда

      V есеп. шт i – шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл үшін ЖЭК электр энергиясын қайта есептеу көлемі;

      Vшт i ж – есептік жылда ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын шартты тұтынушыға сату көлемі.

      92. Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын сату көлемін төмендету жыл бойында күнтізбелік жылдан кейінгі келетін айда электр энергиясын қайта есептеу көлемін ағымдық жылда жеткізу айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату көлемінен шығару жолымен жүргізіледі.

      Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі жеткізу айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату көлемінің шамасынан асып түскен жағдайда, көрсетілген көлем жыл бойында толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есептік айда шығарылуға жатады.

      ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, шартты тұтынушы үшін есептелген электр энергиясының сату көлемінің шамасы жеткізу айында нольге тең болса, шартты тұтынушы үшін электр энергияны қайта есептеу көлемі келесі есеп айырысу айында толықтай өзара есеп айырысу аяқталғанға дейін жыл ішінде кемітіліп отыруы тиіс.

      8. ЖЭК пайдалану бойынша жаңадан іске қосылған объектілерде өндірілетін электр энергияны қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырып аукциондық бағалар бойынша сатып алу тәртібі.

      93. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жеңімпаз болып танылған Өтініш беруші оны және оның ЖЭК пайдалану бойынша сәйкес объектісін салу жобасын уәкілетті органның интернет - ресурсында жарияланған ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосқаннан бастап күнтізбелік 60 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасауға Өтінім береді.

      94. Өтінім беруші қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасау Өтінімімен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) сатып алу шартында көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауға кепілдік ретінде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету;

      3) шартқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат;

      4) электр энергиясының жоспарланған жеткізу көлемдері туралы ақпарат;

      5) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы туралы жазбаша куәландыру көшірмесі.

      95. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді Өтінім беруші төмендегі әдістердің бірімен ұсынады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының арнайы банктік шотына төленетін кепілді ақшалай салым - теңгемен;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14915 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігі немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитив.

      Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті Өтінім беруші ұсынуы тиіс:

      ҚР резидент банктерінен - оның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" - дан немесе Fitch бойынша "В-" -тан немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3"-тен төмен болмауы немесе бас ұйымының ( ҚР резидент банкі акцияларының 50% тиесілі) рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен немесе "Fitch" бойынша "ВВВ" деңгейінен немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Baa2" төмен болуы тиіс;

      ҚР резиденті емес банктерден - оның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен немесе "Fitch" бойынша "ВВВ" деңгейінен немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Baa2" төмен болуы тиіс;

      Бұл ретте, банк кепілдігі немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден резервтік аккредитив банк-резиденттердің контркепілдігімен осы тармақтың 1) тармақшасына сай кепілдеме шығару жолымен расталуы тиіс.

      96. Сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету көлемі ЖЭК объектісінің Аукцион сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген белгіленген қуатына көбейтілген қуаттың 1 (бір) кВт үшін белгіленген 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

      97. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қайтарылуға жатпайтын болуы және оларды сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап алушының (бенефициар) нұсқауы бойынша толық немесе ішінара жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қарастырылуы тиіс:

      күн электр станциялары үшін –25 (жиырма бес) айдан кем емес;

      жел және биогаз станциялары үшін –37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      гидроэлектр станциялары үшін – 49 (қырық тоғыз) айдан кем емес.

      98. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қаржы-есеп айырысу орталығы мына төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда банк тарапынан орындалады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының уәкілетті тұлғасы қол қойған және қаржы-есеп айырысу орталығының мөрімен куәландырылған, қағазда орындалған борышкердің міндеттемелерін орындамауы туралы өтініш;

      2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлем жасау туралы талап.

      99. Барлық банктік комиссиялар мен қаржылық қамсыздандыруға байланысты, оның ішінде алушы банкінінің (бенефициар) шығындарын да аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (сатушы) төлейді.

      100. Сатып алу туралы шарттың талаптарын немесе оның бір бөлігін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару ЖЭК пайдалану объектісін уақтылы пайдалануға берген жағдайда, жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      101. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 98-тармағымен белгіленген тәртіпте мынадай жағдайларда ұсталып қалады:

      1) егер сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 ай ішінде сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік - сәулеттік бақылауды іске асырушы мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі ұсынылмаса - сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% көлемінде;

      2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаса - сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуінің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда - сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% көлемінде және мына мерзімдерде:

      күн электр станциялары үшін –24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      жел және биогаз станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде.

      102. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      Өтініш беруші Өтінімді қайтарған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Өтінімді жетпейтін құжаттармен толтырады және/немесе қаржы-есеп айырысу орталығының Өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатындағы ескертулерін жояды.

      103. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын мына талаптар орындалған жағдайда жасасады:

      1) өтініш беруші осы Қағадалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша тізбеге енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;

      4) Өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;

      5) Өтініш беруші осы Қағидалардың 93, 94 және102-тармақтарының талаптарын орындаса;

      6) банктік кепілдік және резервтік аккредитив осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес ұсынылса;

      104. Сатып алу шарты Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген сатып алу шарттың типтік нысанына сәйкес ресімделеді. Сатып алу шартында Өтініш беруші үшін жеңімпаздардың тізіліміне сәйкес аукционда сатылатын бағасы көрсетіледі. Сатып алу шартында көрсетілген аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген және аукциондық бағаның шекті тарифтерін айқындау қағидасына сәйкес 15 (он бес) жыл бойы, жыл сайын индекстелумен энергияны жіберуші ұйымдардың электр желілеріне берілген электр станцияларының электрлі қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу басталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      105. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша Өтініш берушіге немесе қаржы-есеп айырысу орталығының орналасқан орны бойынша Өтініш берушінің уәкілетті өкілінің қолына осы Қағиданың 94-тармағында көзделген қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу шартының екі данасын жолдайды.

      106. Шартқа қол қойылғаннан кейін Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынандай құжаттарды:

      1) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесін - Шартқа қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты шарт жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін - күн электр станциялары үшін – шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін – шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін – шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      3) оған қатысты шарт жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесін - тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісінде кешенді сынақтар басталғанға дейін;

      4) оған қатысты шарт жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесін - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісінде кешенді сынақтар басталғанға дейін;

      5) қаржы-есеп айырысу орталығының сұрау салуы бойынша ЖЭК пайдалану объектісін салу барысы туралы ақпаратты жібереді.

      107. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімін бұзған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.

      108. Акциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатып алу шартын жасасатын Өтініш берушіге және қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидалардың 14, 15, 18-19, 21-32-тармақтарындағы талаптар қолданылады.

      109. Сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті аукциондық баға өз қолданысын тоқтатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов ___________

      2017 жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады